I теоретические основы логопедии



бет155/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   220
Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • естіп қабылдауын дамыту;

  • дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту;

  • фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

  • шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту.

Аграмматикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • затты, іс-әрекетті, құбылыстарды атау мен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • - сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • - сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

Оптикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту;

  • жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату.



Жалпы мектептің 1-ші сынып оқушыларын жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан сақтандыру бағдарламасының мақсаты:

  • ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;

  • оқытуда қиыншылық кездесетін балаларды қазақ тілі мен оқу сабақтарына қажет біліктілігі мен дағдыларын меңгеруге жанжақты дайындау жатады.

Бағдарламаның міндеттері:

  • фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

  • тілдік талдау, жинақтауын буын, сөз, сөйлем, мәтін деңгейлерінде дамыту;

  • фонемдерді ажыратуын анықтау, бекіту;

  • кеңістікті-уақытты бағдарлау түсінігін анықтау және дамыту;

  • зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту;

  • сөз қорын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту;

  • сөйлеу, жазу, оқу актілеріне қатысатын анализаторларды (есту, көру, сезу) дамыту.

ЖСТБ-н сақтандыру жұмысы міндеттерге сай үш деңгейде жүргізіледі (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік) және жоспарда әр деңгей бойынша жұмыс мазмұны толық көрсетіледі.


Дисграфия мен дислексияның алдын алу

Дислексия мен дисграфияны түзету неғұрлым ерте басталса, солғұрлым нәтижелі болады. Алдын алу шаралары жазу тілінің бұзылуын ары қарай құлдырауынан сақтандырады. Алдын алу шараларын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы (бірінші) сақтандыру шаралардың мақсаты бұзылудың негізгі этиологиялық факторларын жою болса, екінші реттегі шаралардың мақсаты бұзылуға бейімдейтін факторларын ерте анықтап алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу болып табылады. Ол үшін мынандай бағыттарда жұмыс жүргізуге тиімді.





Алғашқы сақтандыру шаралары.

Екіші сақтандыру шарарлары.



1. Келешек аналар мен жүкті аналардың денсаулығын қорғау; оларға тиісті бақылау ұйымдастыру, босану кезіндегі жарақаттандыру-дан, әр түрлі аурудан т.б. сақтандыру.
2. Әсіресе бір жасқа дейінгі балаларды соматикалық, инфекциялық аурудан сақтындыру.
3. Церебральды ауытқуларды алдын ала анықтау, емдеу.
4. Сөйлеу тілінің ауытқуларын мезгілінде анықтап. Түзету жұмысын ұйымдастыру.
5. Билингвизм жағдайында балаларды сауат ашуға дайындау кезіндегі тиімді тәсілдерді пайдалану.
6. Жайсыз немесе балаларды бала бақшаға бармаған отбасыларымен жұмыс жүргізу: ата-аналарға арнайы «мектеп» ұйымдастыру. Онда балаларды оқуға дайындау тәсілдерін үйрету.

1. Оқу мен жазудың функционалды базистерін (ауызша сөйлеу тілін, ойлаудын, зейінін, фонематикалық естіп қабылдауын, дыбыстық талдау, жинақтауғадағы көруін, кеңістікті бағдарлауын, графомоторлы дағдыларын сукцессивтік қабілетін) қалыптастыру.
2. Дислексияға бейім балаларды ерте жастан оқуға үйрету, жазуды мектепке барғанда меңгереді.
3. Қатерлі топқа жататын балаларды сөйлеу тілі кешеуілдеген немесе дамымаған, психикасы кешеуіл дамыған, билингвист балалар, бейнелеу қабілеті төмен, перенатальды және постнатальды зақымдалғанды алдын ала анықтау.
4. Ондай балалармен мектепке дейін төмендегідей алдын алу түзету жұмыстары жүргізіледі:
-фонетикалық-фонематикалық кемшіліктерін түзету;
-арнайы тәсілдерді пайдаланып жазудың функциональді базисын қалыптастыру;
- жазуға үйрету тәсілдері және мерзімі, жылдамдығы қатерлі топтағы балалардың ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сақтандыру жұмыстарын мектепке дейінгі кезеңнен, ерте жастан бастап белсенді жүргізу керектігін баса айтады. Бірнеше белгілері бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларда дисграфияның байқалуын болжауға болады. Ондай «қатерлі топқа» жататын балаларда А. А. Корневтің айтуы бойынша төмендегідей белгілер байқалады:



  • пере-, постнатальді зақымдалу;

  • ауызша сөйлеу тілінің кешеуілдеп, ауытқып дамуы;

  • психикасының кешеуілдеп дамуы;

  • бейнелеу қабілетінің жетілмеуі;

  • билингвизм.

Кейінгі кездегі арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын сауат ашудың алғышарттарының (предпосылки) жетілмеуінен деп есептейді. Олар:
- акустикалық ұқсас дыбыстарды естіп ажыратуы тұрақсыз болуы немесе қалыптаспауы;
- ауызша сөйлеуінде дыбыстарды алмастыру;
- ересек мектеп жасына дейін сөздің фонематикалық талдаудың қарапайым түрлерінің қалыптаспауы,
- көру-кеңістік ұғымдарының, көріп талдау, жинақтау және уақытты бағдарлау дағдыларының қалыптаспауы;
- сөзөзгерту, сөзжасам дағдыларының мектеп жасына дейін қалыптаспауы.
Дисграфияның барлық түрлерінде түзету логопедиялық жұмысының негізіне жоғарыда аталған алғышарттарын дамыту алынады.
Акустикалық, артикуляторлық-акустикалық, оптикалық, талдау, жинақтаудың бұзылу негізінде дисграфияда алдын алу шаралары мектепке дейінгі кезеңде, ал аграмматикалық дисграфияны алдын алу жұмысы мектептің 1-2 жылдары, яғни жазудың морфологиялық принципке өткенге дейігі кезеңде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет