І. Терезе тақырыбы және фондық түсі бар қарапайым Windows-қосымшасын жасау



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі346,6 Kb.
#39343
  1   2   3   4
Лабораторлық жұмыс №1
Delphi тілінің негізгі компоненттері
Мақсаты: Delphi7 программалау ортасынмен және программалаудың негізгі түсініктерімен танысу, компоненттердің қасиеттері мен оқиғаларын басқаруды үйрену.
Қарапайым программаларды құру
І. Терезе тақырыбы және фондық түсі бар қарапайым Windows-қосымшасын жасау

  1. Delphi7 программалау ортасын іске қосыңыз: Пуск/Программы/Borland Delphi7/ Delphi7

  2. Форма терезесінің тақырыбын өзгерту керек: Form1-ден Привет сөзіне. Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінің Properties (қасиет) бөлімінде Caption қасиеті үшін Привет сөзін енгізіңіз.

  3. Форма түсін өзгерту үшін объектілер инспекторы терезесінде Color қасиетінің мәнін clAqua деп өзгертіңіз.

  4. Қосымшаны орындаңыз: Run мәзірінен Run командасын орындаңыз немесе F9 батырмасын басыңыз.

  5. Ашылған қосымша терезесінің өлшемін өзгертіп көріңіз.

  6. Орап қою, бастапқы қалпына келтіру батырмаларымен жұмыс істеңіз.

  7. Қосымша терезесін жабыңыз.

  8. Форма мен проектіні дискіде сақтаңыз: File/Save All командасын орындаңыз да өзіңіздің бумаңызда Prog1.pas және Prog1.dpr.


ІІ. "Моя первая программа!" мәтіні және мәтін шрифтінің өлшемі мен мәтіннің орналасуын өзгертетін батырмалары бар Windows қосымшасын жасау.


  1. Формаға «Standard» беттінен Label объектісін орналастырыңыз.

  2. Label1 объектісін форманың қажетті жеріне жылжытыңыз.

  3. Label1:объектісінің қасиетін өзгертіңіз. Object Inspector терезесінде объект қасиеттері үшін келесі мәндерді орнатыңыз:

    Объект

    Свойство

    Значение

    Label1

    Caption

    Моя первая программа!

    Font

    12 p., қызыл

    Alignment

    taCenter

    Color

    сары (Yellow)

    AutoSize

    False
  4. Программаны орындаңыз:Run/Run немесе F9.

  5. Форма мен проектіні сақтаңыз.

  6. Form1 терезесіне Button (командалық батырма) объектісін орнатып, оның өлшемін өзгертіңіз.

  7. Button1 объектісінің Caption қасиеті үшін"Увеличение" мәнін енгізіңіз.

  8. Button1 объектісінің Click оқиғасы үшін программалық код тжазыңыз:

Формадағы Button1 объектісін екі рет шертіп, программалық код терезесінде Begin және End сөздерінің арасына келесі кодты жазыңыз:

Label1.Font.Size := Label1.Font.Size+2;



  1. Программаны орындаңыз. "Увеличение" батырмасын басқанда мәтін қандай өзгеріске ұшырайтынына назар аударыңыз.

  2. Форма мен проектіні дискіде сақтаңыз: File/Save.

  3. Мәтіннің шрифтін кішірейтетін "командалық батырма" объектісін жасаңыз.

  4. Мәтінді жылжыту үшін "командалық батырма" объектісін жасаңыз:

Label1.Left:=Label1.Left+10;

Label1.Top :=Label1.Top +10;



  1. Мәтінді жасыру үшін "командалық батырма" объектісін жасаңыз: Label1.visible:=false;

  2. Программаны жабу үшін "командалық батырма" объектісін жасаңыз: Close;

  3. Форма мен проектіні дискіде сақтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет