10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу
10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану
Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
1-тапсырма. Қозғалыстағы дененің арақашықтық уақыт графигі берілген.
Мына нүктелер арасындағы дененің қозғалысына сипаттама беріңіз және неліктен ондай шешімге келгеніңізді түсіндіріңіз.
А мен В
В мен С
(3)
Дененің үдеуі қандай мәнге (оң, теріс, нөл) ие болатындығын анықтаңыз:
А мен В арасында
В мен С арасында
Дененің 40 с ішіндегі орташа жылдамдығын есептеңіз. (4)
2-тапсырма. Ньютонның ІІ-заңын тұжырымдаңыз.
Білеуше суретте көрсетілгендей жазықтық бойымен төмен қарай сырғанайды.
Жазықтықтың горизонтпен жасайтын бұрышы 200. Білеушенің массасы 65 кг. Білеушенің сырғанауы кезінде оған әрекет ететін үйкеліс күші F тұрақты болып қалады.
Білеушеге әрекет ететін басқа екі күштің аты мен бағытын анықтаңыз.
(3)
3-тапсырма.Инерция моменті J = 63,6 кг ∙ м2 маховик тұрақты 𝜔 = 31,4 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Маховик тежеуші момент әрекетінен 20 с-тан кейін тоқтаса, осы момент мәнін анықтаңыз. (3)
4-тапсырма.Диаметрі 40 см болатын турбинаның роторы 12000 айн/мин жиілікпен айналады. Турбина қалақтары ұштарының центрге тартқыш үдеуі мен бұрыштық жылдамдығы қандай?
а) нормаль үдеуінің формуласын және бұрыштық жылдамдықтың формулаларын жазыңыздар.
ә) өлшем бірліктерді ХБЖ-ға айналдырыңдар
б) нормаль үдеуін және бұрыштық жылдамдықты анықтаңдар. (6)
5-тапсырма.Катер көл бойымен солтүстікке қарай 40 м, сонақ соң шығысқа қарай тағы да 900 бұрыш жасай 30 м жүзді.
А) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы қандай?
ә) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы пайдаланып анықтаңдар б) График арқылы жүзген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер.
(6)