І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет3/6
Дата23.10.2023
өлшемі129,36 Kb.
#187731
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

Барлығы

4

18

  1. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері



«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым
  1. тапсырма


Сызбада берілген тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.




  1. тапсырма


Ұсынылған рөлдердің біреуін таңдап, жұпта «Менің Қазақстаным» тақырыбында диалог құр. Сөйлесу барысында берілген жоспарды негізге ал.
Рөлдер:

    • Атасы мен немересі

    • Мұғалім мен оқушы

    • Сен және шетелдік досың

Жоспар:

  1. Еліміздің табиғаты

  2. Ұлттар достастығы

  3. Қазақстанның бүгіні мен болашағы



Балл қою кестесі


[2]

[4]



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Тыңдалым және айтылым

Білім алушының ықтимал жауабы:
Мәтін кейіпкердің өз елін таныстыруы туралы деп ойлаймын, себебі мемлекеттің атауы, жер көлемі мен тарихына қатысты тірек сөздер берілген.

1


Тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды.

1

Өз болжамын негіздейді.

Білім алушының ықтимал жауабы:

  • Сен Қазақстанның қай жерінде болдың?

  • Қазақстанның біраз жерлерін араладым. Солтүстігі салқын, ал оңтүстігі өте ыстық екен.

  • Иә, біздің еліміздің табиғаты керемет, кең - байтақ даламыз бар. Еліміздің үлкендігі соншалық, оңтүстігінде жемістер гүлдеп жатқанда, солтүстігінде әлі қар жатады. Ал өзің Қазақстанға қандай мақсатпен келдің?

  • Қазақ тілін үйренгім келеді. Қазақстан туралы көп оқыдым. Болашағы зор мемлекет екен.

  • Тамаша, бұл ойыңды құптаймын. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде тіл үйренемін деушілерге әрдайым жол ашық. Ісіңе сәттілік тілеймін.

  • Рақмет.

1

Тақырыпқа сәйкес баламалы диалог қабылданады.
Тақырыпқа, мәнмәтінге сәйкес сұрақтар қояды.

1


Сұрақтардың мазмұнына сәйкес, нақты жауап береді.

1

Ұсынылған мәселелерді қамтиды.

1

Сөйлеу барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет