«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН 1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕМЕС)
Тыңдалым
1-тапсырма
Берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.
Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр.
Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.
Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!
Сәйкестендір.
-
1.
|
Аружан
|
А) өз елінің атауын түсіндірді
|
2.
|
Энди
|
В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты
|
3.
|
Акира
|
С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты
|
[3]
Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта. А) Акираға қазақ халқы өте ұнады.
В) Огайо штатында қазір ауа райы салқын.
С) Аружан өз елінің елтаңбасы туралы айтты. D) Энди еліндегі асқар таулар туралы айтты.
[5]
Айтылым
2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында диалогке қатыс.
Тірек сөздер: тәуелсіз, ұлт, мемлекет, шаңырақ, кең дала, биік таулар, рәміздер, елді сүю, мақтан ету
Достарыңызбен бөлісу: |