Бағалау параметрі:
I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау
I деңгей
Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “зачет” алады.
II деңгей
Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.
III деңгей
Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I, II- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5” бағасына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |