I-тоқсандық бақылау жұмысы



бет8/16
Дата23.12.2021
өлшемі338 Kb.
#127906
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Бақылау жұмыстары физика пәні бойынша 7-11 сыныптарға

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.



IY-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 8-сынып
Тақырыбы: Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.



Б.Б.Д: Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда

бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты

формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын білуі, кес-

теден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану

жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, есеп шығаруда қолдана

алуы тиіс.


I- нұсқа
I. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы

4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?


II. Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды.

Қүралдың кедергісі қандай?


III Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті

көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі

380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?

II- нұсқа
I.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың

пайда болуына қанша энергия жұмсалған?


II. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс

істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін

анықтаңдар.
III. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы

20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет