I тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы Сөйлеу әрекетінің түрлері



бет1/3
Дата29.09.2024
өлшемі185,5 Kb.
#205323
  1   2   3
Байланысты:
ТЖБ №1 2 сынып


«Қазақ тілі» пәні 2 – сынып. « Өзім туралы. Менің отбасым және достарым» бөлімдері бойынша
I тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы


Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым.


Оқу мақсаты: 2.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
2.2.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастыру және оған толық жауап беру
2.4.5.1* ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, теріп жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді
• Сюжетті сурет негізінде сөйлейді.
• мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастырып және оған жауап береді
ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, теріп жазады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты: 40 мин


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орында.( 5 ұпай)
Менің атым-Мұрат. Менің отбасым үлкен. Отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, анам, ағам, мен және қарындасым. Бүгін бізде демалыс. Анам мен әжем асүйде тамақ дайындап жүр. Ал атам мен әкем теледидар қарап отыр. Ағам қарындасыммен бірге сабақ оқып отыр. Үйіміз үлкен. Менің өз бөлмем бар. Бөлмемде түрлі ойыншықтар, кереует, кітап сөресі, үстел бар.


1. Мұраттың отбасында қанша адам бар?
А) сегіз В) жеті С) алты Д) бес


2. Мұраттың отбасы қандай?
А) үлкен В) шағын С) үлкен емес Д) кішкентай

3. Анасы мен әжесі асүйде не істеп жүр?


А) асүйде тамақ дайындап жүр В) теледидар қарап отыр С) балалармен сабақ оқып жатыр
Д) домбырада ән айтып жатыр




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет