ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Қ арлы боран (дауыл)
Егер сіз боранда қалсаңыз:
Қар үстінен паналайтын орын дайында;
ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
П аналайтын жерде отырып не істеу керек:
п аналаған орынды белгілеу керек;
б ір-біріңе жақын отыру керек;
барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
Су киімді сығу керек;
ыстық шәй, кофе ішу керек;
басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
майлы азық пен қант жеу керек
Т үн уақытта не істеу керек:
Ішімдік ішпеу;
отты қараусыз қалдырмау;
орынды себепсіз қалдырмау.
Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
м ашинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор ж ағынан жабыңыз;
автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
Е гер автокөлік жолда өшіп қалсы:
даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға т ырысыңыз;
егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.
Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін ж ағуға болады.
Үсіген адамды жылыту жолдары:
Ең тиімдісі:
ваннада (40 С жооғары емес);
ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.
Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.
Д ененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс о тырғызған дұрыс.
Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |