Әр адамның негізгі парызы
Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз
Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.
Су тасқын, сел
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.
Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)
Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.
Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;
жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.
Су тасқыны кезінде:
үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
пештегі жанып жатқан отты өшіру;
үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |