Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.
Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;
тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;
Сейсмикалық ауытқушылық.
Қар көшкінінің екпіні ұрса!
Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;
Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;
Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;
Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;
Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;
Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;
Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;
Егер қар үйіліп жатса:
Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.
Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;
Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;
Тау баурайын ізбе-із кесіп өту
Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек
Достарыңызбен бөлісу: |