Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары тарихының зерттелуі. Түркі қағанаттары туралы зерттеулер



бет1/4
Дата11.03.2023
өлшемі49,79 Kb.
#171919
  1   2   3   4
Байланысты:
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а


Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары тарихының зерттелуі. Түркі қағанаттары туралы зерттеулер

Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, каңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.


Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д.VIII ғ.- б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты.
Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көшпелері Ахеменидтік Иран мен Грек – Бактриблық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскери – демократиялық жүйке деп түсіну керек. Ал әскери – демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды.Байлық –ендігі жерде – соғыс, басқа жұрттардың мал – мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тез бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған.Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат – мемлекет пайда болды

Мемлекеттік бірлестіктер

Аумағы мен орталығы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет