Сервитуттың тоқтатылуы: Өкілетті адамдардың іс жүргізу нысандарында өз құқықтарын егесіне беру;
Өшіру, ескіру арқылы;
Егер қызмет еткен учаскенің егесі көрші үстем етуші участкесін меншікке алса 2 құқықтың бірігуі
Егер обьектінің өзі өзгеретін болса;
Егер сервитуттың егесі қайтыс болса немесе оның құқық қабілеттілігі өзгеретін болса.
3. Суперфиций және эльфитевзис мұрагерлік және өзгеленген (отчуждаемый) затқа құқықтар болып табылады. Суперфиций жерде, жердің астында, жермен байланысты барлық нәрселерді қамтиды. Бұл құқық бойынша бөтен жерде соғылған ғимаратты көп уақыт ішінде пайдалану мүмкін еді. Ғимарат жер егесінің меншігінде болатын.
Эльфитевзис-бұл бөтен жерді өңдеу құқығы. Эльфитевзис құқығы өте кең болған. Ол иеленуді жүзеге асыратын және оның иеленушілік қорғауы болатын. Жемістер мен табыстар сепарациядан кейін эмфитефтің меншігіне түсетін. Эмфитефтің құқықтары мұрагерлерге өтетін. Оларды сыйлауға, сатуға мүмкін еді. Егер эмфитеф өз құқықтарын сататын болса, онда ол жер егесіне хабар беруге немесе оған бағасынан 2-пайыз беруге не бірінші сатып алу құқығын беруге міндетті. Эмфитефтің міндеттері:
Шаруашылықты жүргізу;
Қоғамдық салықтарды төлеу;
Егесіне жылдық рентаны төлеу.
Бақылау сұрақтары:
Сервитуттар ұғымы мен түрлері
Сервитуттардың түрлері
Эмфитевзис және суперфиций
Кепіл және оның нысандары
Міндеттемені орындау мерзімінің басталуына дейінгі және кейінгі кездегі кепіл бойынша несие берушінің құқықтық жағдайы