Іазаістан республикасы


Рим құқығының қайнар көздеріне міндеттеме oblіgatіo



бет27/46
Дата07.02.2022
өлшемі438,5 Kb.
#87716
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ

1. Рим құқығының қайнар көздеріне міндеттеме oblіgatіo төмендегіше түсіндіріледі: белгілі-бір тұлғаның (credіtor), екінші тұлғадан(debіtor) бір іс-әрекетті орындау, жүзеге асыруын талап етуге байланысты құқықтық қатынастар. Міндеттеме бойынша бір жағынан талап ету құқығы, 2-жағынан сол талапты орындау міндеті болып табылады. Міндеттеме бойынша талап етуші тұлға кредитор, ал міндетті тұлға борышқор болып табылады.
Міндеттемелік құқықтық қатынас басынан бастап орындалуы арқылы тоқтатылуына байланысты есептеледі. Ал меншік құқығында ол белгісіз ұзақ мерзімге созылуы мүмкін.
Егер борышқор өз міндетін өз еркімен орындамайтын болса, кредитор өзінің талап ету құқығын күштеп жүзеге асыруына мүмкіндік берілген.
Рим құқығында міндеттеменің пайда болуын 4-топқа бөлген:

  1. Шарттан туындайтын;

  2. Деликттен туындайтын(құқық бұзушылықтан)

  3. Шарт тәрізділерден туындайтын;

  4. Деликт тәрізділерден туындайтын.



2. Рим құқығында құқықтық іс-әрекеттер жан-жақты қаралған. Оның ішінде құқықтар мен міндеттердің белгілеуге, өзгертіге не тоқтатуға бағытталған іс әрекеттер-мәмілелер болдған. Мәміледе оны жасаушы тұлғалардың еркі болуы тиіс. Егер мәміле бір тараптың еркімен жасалатын болса, онда ол бір жақты мәміле деп танылады. Мыс: өсиет, мұрагердің мұраны немесе бас тартуы;
Ал егер мәміле екі тараптың еркі боынша жасалатын болса, онда мәміле екіжақты болып табылады немесе шарт деп аталады.
Рим құқығында шарттардың екі түрі қарастырылған:
Контрактілер және пактілер.
Контрактілік шарттарға цивильдік құқықпен танылған және талап арқылы қорғалатын шарттар ғана жататын. Контрактілер қатарына шарттардың белгәілі-бір тобы ғана кіретін.
Ал контрактілерге қарсы тәсілмен жасалатын пактілерге формальды емес әр түрлі нысанда жасалатын келісімдер жататын. Контрактілер қатарына шарттардың белгілі бір тобы ғана кіретін.
Ал контрактілерге қарсы тәсілмен жасалатын келісімдер жататын. Негізгі ережеге сәйкес пактілер талаппен қорғалмайтын. Бірақ уақыт өте келе кейбір пактілер талап арқылы қорғамлуға ие болды.
Еж. Римқұқығында мінеттемелік шарттың үш түрі болды:

  1. nexum-мыс: таразы арқылы ауыр әдет-ғұрыптың жасалуы арқылы.

  2. стипуляция-сұрақ-жауап сияқтанып жасалатын шарт.

  3. литералды- жазбаша контракт.

Республика кезеңінің аяқ жағында nexum-ның орнына несие берудің жаңа түрі-mutuum пайда болды. Бұл шарт бойынша формальді іс-әректтің жасалуы тиіс емес еді, тек тараптардың келісімі мен несие алушыға несие нің берілуі керек болды.
Рим құқығында контрактілердің 4-негізгі түрі болды:

  1. Реалды контракт( мүлікті бұзумен байланысты міндеттемелерден туындайтын шарт);

  2. Вербальді контракт (ауызша);

  3. Литеральді-жазбаша;

  4. Конценсуалды-міндеттеме мүлікті бермей тұрып келісім жасалғаннан бастап туындайды.

Шаруашылық дами келе атаусыз контракттар пайда болды. Олар жасалу жағынан реалды контрактілерге өте ұқсас болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет