Шарттардың жекелеген түрлері.
Вербалдық (ауызша) шарттар.Стипуляция.
Литтералдық шарттар.
Реалды(нақты)шарттар.
Консенсуалды шарттар.
а)Сатып алу-сату шарты.
б)Мүлікті жалға алу шарты және оның түрлері.
в)Мердігерлік шарт.
г)Тапсырма шарты.
д)Серіктестік шарты.
5.Атаусыз шарттар.
а)Айырбас шарты
б)Бағалау шарты.
6.Пакт және оның түрлері.
1.Вербалдық шарт деп-міндеттеме белгілі бір сөздер айтылғаннан бастап туындайтын шарттың түрі.Негізгі вербалдық контракт-бұл стипуляция.Стипуляция деп –болашақ кредитордың ауызша сұрағынан және борышқор болуға келісім бергеннен бастап туындайтын шарт.
Шарттың бұл түрі көптеген зерттеулерге қарағанда ХІІ-кесте заңдарының тұсында болғандығын көрсетеді.Стипуляция саңылау және мылқау адамдар үшін жол берілмеген.Стипуляция бір жақтық міндеттеме болып табылады.Бұл шарт бойынша бір тарап тек талап ету құқығына иеболады,ал 2-ші тарап міндеттемені орындауға міндетті болып табылады.
Стипуляцияны қолдану сол кезде өте қолайлы еді.Себебі несиені қайтарып алуға ең жылдам және қарапайым тәсіл еді.Сонымен қатар стипуляцияға кез-келген міндеттемелік құқықты ,несиелік міндеттемені,сатып алынған мүліктің соммасын төлеуміндеттемесі т.с.с жатқызуға болады.Стипуляцияны новация тәсіліне де көп қолданатын.
Стипуляцияның бұл негіздері өндірісте ең жиі қоданылатын шарттың түрі болуынаөз әсерін тигізді.
Бертін келе стипуляцияны жасағандығын дәлелдеу мақсатында жазбаша акт құрылатын болды.
2.Литтералдық контракт деп –хат түрінде жазбаша жасалатын шарттың түрін айтамыз.Ежелгі Республика кезінде жазбаша контракт кіріс және шығыс кітабына жазылу арқылыжүзеге асырылатын.Литтералдық шарт ол кеде алғашқы жасалып отырған шарт емес еді,тек бұрынғы шарттан туындайтын шартты білдіретін.Әрине шарт тараптардың өзара келісімдері негізнде жасалатын.
Классикалық кезеңде кіріс-шығыс кітаптарының орнына қолдануға ыңғайлынесиені жазатын жаңа құжат түрі пайда болды.Осыған байланысты ескі литтералды шарттардың қолданылуы тоқтатылды.
Ал оның орнына грек практикасынан алынған несие жазу құжатының жаңа түрлері:синграфтар және хирографтар пайда болды.Синграфтар 3-ші тұлғаның атынан жазылатын.Мыс:мына азамат ,ану азаматқа қарыз.Құжат куәлердің қатысуымен толтырылатын және тараптардың әрқайсысы қол қоятын.
Империя кезінде синграфтардың орнына 1-ші жақта жазылатын хирографтар пайда болды.Мыс:мен … 2-ші азаматқа осынша қарызбын.
3.Заем(mutuum) шарты бойынша бір тарап ,2-ші тараптың меншігіне ақша соммасын немесе өзге заттардың белгілі мөлшерін беруге, ал 2-ші тарап өз кезегінде шартта белгіленген мерзімде сол ақша соммасын немесе сол затты дәл сол мөлшерде қайтаруға міндеттенетін шарт.
Заем шарты реалды шарттардың бір түрі.Бұл шарт бойынша тек келісім арқылы емес , затты нақты берумен туындайды.
Mutuum негізгі белгілері:
Mutuum-реалды шарт, яғни шарт тек зат берілгеннен бастап заңды күшіне енеді.
Шарттың пәні болып –ақша соммасы немесе белгілі мөлшердегі зат б.т
Бұл заттарды заем беруші заем алушының меншігіне береді.
Заттар заем алушы дәл сонша ақша соммасын ,дәл сондай затты сол мөлшерде қайтарып беруге міндеттенеді.
Заем шарты бір тараптың міндеті мен 2-ші тараптың құқығынан тұрады.Заем шарты бойынша заем алушы заемға алған сомманың процентін төлеуге міндеттенеді.Проценттердің максималды мөлшері әр кезеңде әр түрлі болған.Мыс:классикалық кезеңде айына-1процент,Юстиниан тұсында жылына-6 процент болған.
Уақыт өте келе заем шартын жасасқан икезде арнайы қолхат-хирографтар түзілетін болды.Ол бойынша заем берушінің дәлелдеу құқығы кең,әрі оңай болды.
Ссуда шарты(commandatіum) деп-бір тарап ссуда беруші,2-ші тарапқа ссуда алушыға белгілі бір мүлікті уақытша қайтарымсыз қолдануына беруі,ал 2-ші тарап уақыт келгенде сол мүлікті сол жағдайда қайтарын беруге міндеттенетін шартты айтамыз.
4.а)Мүлікің айналымы ақша пайда болғанға дейін болған.Ол кезде бір затты басқа затқа ауыстыратын болған.Алмастырудың бұл түрін орнына тауарды ақшаға ауыстыру пайда болды.
Сатып алу-сату шарты ның мақсаты сатып алушыға қажет мүлікке меншік ққығын орнату болып табылады.
Сонымен сатып алу-сату шарты бір тарап (сатушы –vendіtor) 2-ші тарапқа (empor)-меншігіне мүлікті немесе тауарды (merx) беуге ,ал 2-ші тарап сатылған мүлік иесіне белгілі бір ақша соммасын төлеуге (pretіum) міндеттенетін консенсуалды шарт.
merx (тауар) және pretіum (баға) сатып алу-сату шартының басты элементтері болып табылады.
Сатып алу-сату шартының пәні болып тек қана айналымдағы мүлік болатын еді.Алайда кей жағдайда мүліктік емес құқықтық қатынастар да бұл шарттың пәні бола алатын.Мыс:талап ету құқығын сату.
б)Мүлікті жалға алу шарты деп –бір тарап(жалға беруші-locator) 2-ші тарапқа (жалға алушы-conductor) бір немесе бірнеше мүлікті белгілі бір уақытқа пайдалануға беруге,ал 2-ші тарап сол мүлікті пайдаланғаны үшін белгілі бір ақы төлеуге және уақыты келгенде қайтарып беруге міндеттенетін шарт.
Рим азааттарының арасында мүліктік теңсіздік ерте орын алды.Ірі жер иеленушілер мен кедей шаруа халықтың арасында алшақтық болды.Сондықтан жері жоқ ,үйі жоқ азаматтар бай жер иеленушілердің жерін жалға алып өңдеуге,үйлерінде тұруға мәжбүр болды.Мүлікті жалдау шартының обьектісі қозғалатын және қозғалмайтын мүлік болатын.
Шарттың тараптары өздеріне тиесілі міндеттерді атқаруы керек еді.Мыс:жалға беруші жалға алушыға жалға алынған мүлікті беруге міндетті болады.Ал жалға алушы пайдаланғаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
в)Мердігерлік шарт бойынша бір тарап 2-ші тараптың пайдасына бір қызметті орындауға,ал 2-ші тарап жасалған қызмет үшін ақы төлеуге міндеттенетін шарт.Мердігерлік шарттың бір ерекшелігі жасалған қызметтің қорытындысы болып табылады.
г) Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдіруші ,мандат) 2-ші тарапқа (сенім білдірілген өкіл,мандатарий) бір іс-әрекетті жасауға тапсырады,ал 2-ші тарап ақысыз орындауға міндеттенеді.Тапсырма шартының пәні болып заңды іс-әрекеттер (мәмәле жасау) және фактілік қызмет көрсету (киімді жөндеу,қайта қалпына келтіру) жатады.
д)Серіктестік шарты деп-екі немесе бірнеше тұлғалардың белгілі бір мақсатқа жету үшін ,ортақ іске мүліктік үлеспен немесе жеке ісімен қатысуын жәәне осы іс бойынша түскен пайданы ортақ мүлік ретінде бөлетін (егер шартта өзгеше көрсетілмесе) шартты айтамыз.
5.Рим империясында өндіріс дами келе шарттардың жаңа түрлері пайда болды.Мыс:бір тараппен 2-ші тараптың бір мүлікті 2-ші мүлікке айырбасы.Әрине бұл шарт жоғарыда аталған шарттардың категориясына кірмейді.Осыдан барып атаусыз шарттар туындады.
а)Айырбас шарты өзінің табиғты бойынша сатып алу –сату шартына өте ұқсас келеді.Егер сатып алу –сату шартында мүлікті ақшаға айырбастаса,айырбас шартында бір мүлікті 2-ші мүлікке айырбастайды.
б)Бағалау шарты деп-бір тарап белгілі бір мүлікті,2-ші тарапқа оны бағалап сатуға беретін,ал 2-ші тарап бағалауға берілген мүліктің бағасын белгілеп сататын немесе қайтарып беретін шарттың түрін айтамыз.
6.Пакт дегеніміз-формальді емес тәсілмен жасалатын келісімдер Контрактілермен салыстырғанда пактілер талап арқылы қорғалуға жатпайтын.Пактілер 2-категорияға бөлінді:
1)Киінбеген пактілер(яғни талап арқылы қорғауға жатпайтын)
2.Киінген пактілер(талап арқылы қорғалуға жататын)
Киінген пактілер өз кезегінде :
Келісім шартқа қосылған пактілер;
Претордан қорғалуға ие болған пактілер;
Императаордан қорғалуға ие болған пактілер;
Бақылау сұрақтары
Вербалдық шарттар.
Стипуляция,жасасу тәрбібі мен мазмұны.
Литтералдық шарттар.
Нақты шарттар.
Заем және ссуда.
Сақтау шарты және оның түрлері
Кепілзат.
Консенсуалды шарттар.
Сатып-алу сату шарты.
Тараптардың құқықтары.
Мүлікті жалға алу шарты және оның түрлері.
Мердігерлік шарты.
Серіктестік шарты.
Атаусыз шарттар.
Пакт және оның түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |