15 Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Қазіргі заман адамының киімі үнемі жаңа түржиынмен, жаңа заттармен толығып отыруы қажет. Бұл күнделікті тұрмысқа киетін киімнің жаңа пішіні мен элементтерінің басқа киім түржиынымен ауысып отыру жолымен жасалады. Қазіргі киім-кешек үлгісінде әскери формамен, спорттық киімдермен, іш киімдермен, басқа халықтың киімдерімен ауысып отырған киімтүрлері көп. Бұл – өмірдің өзгерісіне, сипатына сай киімді жаңа элементтермен байытатын тоқтаусыз процесс.
Мысалы, XIX – XX ғасырларда әйелдер киімі әйелдер эмансипациясына (тең құқылы болу) сай ерлер киімінің көптеген элементтерімен толықты. Қазіргі заманғы әйелдер киім – кешегінде ағылшын классикалық костюмі, шалбар, бешпент, шолақ шалбар. Трикотаж, т.б. пайда болды.
Бірнеше қызмет атқаратын бұйым көп функционалды деп аталады. XXI ғасырда көп функционалды бұйымдарды жобалау дизайнерлердің ең негізгі міндетіне айналды. 1920 жылдың өзіне – ақ функционалистер көптеген дәстүрлі заттарды алмастыратын жалпыға ортақ бұйымдар жасауға тырысты. Бұлайша жобалау белсенді қимыл қозғалыста өмір сүретін сол заманғы адамдардың талабын қанағаттандыруға қабілетті еді, сонымен бірге қоғамда маңызды болған экономикалық мәселелерді шешуге, ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік берді. Сәнгерлер жасаған жалпы ортақ бұйымдарға мыналарды жатқызуға болады: Г. Шанельдің «Кішкентай қара көйлегі», «Шанель» стиліндегі костюм, Ив Сен Лоранның смокинг көйлегі , джинсылар. Г. Шанель ойлап тапқан «Кішкентай қара көйлек» - ерлер костюмінің аналогі, қара түстің қарапайымдылығы мен ортақтығы бұл көйлекті нақты жағдайдан тыс, сәннен тыс бұйымға айналдырды. «Шанель» стиліндегі костюмді іскерлік киімі ретінде де, сәндік киім ретінде де кез келген жағдайда киюге болады. Сол сияқты джинсы да көп функционалды бұйымға айналды. Әуелі жұмыс киімі мен күнделікті тұрмыстық киімге, сосын сәндік киімге айналды. Қазіргі джинсыларды классикалық пиджакпен, смокингпен, кестеленген жекетпен киеді.
Көп функционалды заттардың жасалуына қазіргі дизайндегі ең басты бағыттың бірі – минимализм өкілдері атсалысты. Минимализм – бұл киім – кешек тұжырымдамасы, ол – көп функционалды заттардың ең аз мөлшері.
Минималистер (американдық дизайнер К. Кляйн, Д. Каран, неміс сәнгері Дж. Сандер) жалпыға ортақ бұйымдар мынадай сапасымен сипатталуы қажет деп санайды:
пішін қарапайымдылығымен;
өңдеудің (әрлеудің) болмауымен;
бейтарап түсімен;
жоғары сапалы материалдың қолданылуымен.
Әскери киім тұрмыстық костюмге зор әсер етті. Әскери пішіннен әйелдердің тұрмыстық костюміне жапсырма қалталар, айрықша түймелер, матростық жағалар және авиаторлық тіктеме жағалар, погондар, белдікшелер, пилоткалар, қорғаныштық хаки түсі, әскери планшетка түріндегі сумкалар, т.б. енді.
Достарыңызбен бөлісу: |