ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

1 Киім – дизайн обьектісі

Дизайн іс-тәжірибе мен көркемдеу әдістерінің жиынтығы негізінде материалдық және рухани құндылықтар жасау саласына жатады.

Қазіргі заманғы дизайн – адамның суретшілік іскерлігінің, әрі теориялық ойлау қабілетінің негізінде қалыптасқан сала. Сұлулық және функционалдық заңдылық нәтижесінде жасалынған бұйым дизайн туындысы болып табылады. Қазіргі дизайн заттық бұйымдарды сәндеудің барлық талабына жауап бере алады, сондықтан костюм жобалауына да тікелей қатысы бар.

Дизайн (design) – ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу, сондай-ақ жоба, сызба, сурет деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл термин өндіріс бұйымдарын әрі ыңғайлы, әрі әдемі көркемдеп жобалау дегенді білдіреді. Дизайн – қоғамды индустрияландыруға байланысты пайда болған және қалыптасқан жаңа өнер түрі. Дизайн пайда болуының алғышарттары қол еңбегінен машина өндірісіне ауысу ғасырында қалыптасқан. ХХ ғасырда индустрияның қарқынды дамуы нәтижесінде штампыланған сан түрлі тауарлар дүниеге келді. Ю.Б. Борев айтқандай: «Бұйым жасаушының жеке-даралық қасиеті жоғалғандықтан, өнім сәндік зат болудан шығып қалды». Сол кезде бұйымның жалпы құрылысын жобалаған құрастырушыға оны эстетикалық тұрғыдан безендіретін, бейнелейтін суретші көмекке келеді. Осылайша көркемдік дайындығы бар инженер-жобалаушы, жобалаушы мен суретші екеуінің бірігуінен дизайнер мамандығы пайда болады. Дизайн – қолданбалы өнердің өндірімстік дамуы негізінде техниканың эстетикамен үйлесімі нәтижесінде пайда болған сала.


  1. Костюмнің дизайндық көркемдік ерекшелігі сол, оның шығармашылық обьектісі – адам. ХХ ғасырдың аяғында дизайн саласында адамзаттың еркін дамуына лайық жаңа кеңістікті құру, мұқтаждығын өтейтін стильдер кең тарай бастады. Қазіргі сәнгерлер мен киім өндірушілер өз жұмыстарында жаңа материалдарды пайдаланып, жаңа технологияға сүйенеді. Нәтижесінде киім атаулы адамның жас ерекшеліктерін, жыныс ерешеліктерін айқындайтын қызметінен айырылып, жеке еңбектің көрінісі болудан қалды. Бірінші орынға жетілген қызмет шығып, киім жоғары технологиялық бұйымға айналды.

Көп бұйымдардың жиынтығынан құралған киім мынадай қызметтерді атқарады:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет