2 Стиль және сән.
Стиль (ағылш. Style) сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортақ белгілер сәулет өнеріне, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.
Стиль жүйесінің тұрақты:
Формальды;
Көркем-бейнелі;
Әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бар.
Формальдылыққа талапқа сәйкес силуэтті сызықтар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.
Көркем - бейнелі сипаттама - адам пропорциясы, этникалық ментелитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.
Әлеуметтік-психологиялық аспект адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады.
Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп саналады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулық идеялы көрініс табады. Стиль қоймасы - өз идеяларын айқы-ндауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеіде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде жеке стиль мен алғашқы бейне негізге алынған. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.
Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қолданыстан шыққан, дәл сол кезеңде салтанат құрған және болашақ стильді қалыптастыратын элементтері бар стиль жатады. Әрбір елде басқа елдермен мәдени қарым-қатынас дәрежесіне қарай саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдениетінің өркендеу дәрежесіне байланысты көркемдік стильдің даму эволюциясы бар. Мысалы, Италияда мәдени гүлдену «Ренессанс» деп аталса, Германияда «Кеш дамыған готика» деп аталады. Бұдан басқа да жоғары стильдер арасында микростильдердің де дамуы мүмкін, мысалы, «модерн» стилінде «арнува», «либерти» деген микростильдер болды, ал 1890-1900 жылдары «жаңа готика», «жаңа орыс», т.б. стильдер; «арт деко» стилінде (1920 ж.) - «орыс», «африкандық», «геометриялық» стиьлдер, т.б. болған. ХХ ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдылығымен және костюмді орынды пайдалануымен сиппатталады.
Жаңа
Сән ұғымының бірнеше анықтамасы былайша беруге болады:
Сән - белгілі бір қоғамдық ортада қандай да бір көзқарастың, тұрмыстың сырт пішінге, әсіресе костюмге қысқа мерзімді үстемдігі.
Сән - бұл айырықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеудің өлшемі.
Сән - адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік өзгерістері.
Достарыңызбен бөлісу: |