Ахроматикалық түстер бір - бірінен тек қана жарықтығымен ерекшеленеді.
Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің бар болуына байланысты. Пастельді түстің түстік үйлесімділігі - түстік тепе теңдік, мұнда бірде - бір түс ерекшеленбейді. Түстік тепе - теңдік үйлесімділікке де тән. Бұл жағдайда қара түстің қанық бояулығы жарық түсті жойып жіберіп, қараға айналдырады. Осылайща, ақсұр түстердің үндестігі - бұл жарықтық гаммасы, ал әртүрлі қара - қара - күңгірт гамма болып табылады.
Гамма - жалпы сыртқы түс ерекшелгін білдіретін түстердің қатары. Мысалы, жасыл гамма өзіне барлық жасыл түстің реңкін қабылдайды: көк жасыл, алма түстес, шабынды шөп түстес, теңіз толқыны түстес (көгілдір жасыл), көгілдір, т. б.
Түс үндестігі деп түстер қатынасын немесе түстер үйлесімінің жиынтығын айтады. Түс үндестігінің теориясында түрлі заңдылықтары қарастырылады.
Спектрлі таза түстердің үйлесімділігі қатаң тəртіпте құрылған. Бұл кемпірқосақ түстері: қызыл, қызғылт - сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
Физикалық көзқарас тұрғысынан алғанда барлық түстер өзара тең, ешбір түс артықшылығымен көріне алмайды. Хроматикалық түстерді қабылдауына қарай екі түрге бөлуге болады: жылы түстер жəне суық түстер.
Жылы түстер адамды жылы денелерге жақындатқандай əсер береді, мысалы, жылы немесе ыстық денелерге күн, от, жарық, сəуле сияқты ұғымдарды санауға болады.
Суық түстер - судың, мұздың, аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін түстер.
Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиетімен ассоциациясын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген де ұғым бар. Түс «ауырлығы» оның жарықтық реңкіне байланысты болады. Түс қою, оның қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше, жарық түстер «жеңіл» болып қабылданады. Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты.
Одан басқа, түстің «ауырлығы» фактураға да байланысты. Салыстырмалы жағдайда дөрекі фактура түсі тегіс фактурадан аурырырақ көрінеді. Түстің «ауырлығынан» басқа да қасиеттері бар, атап айтқанда, көз жауын алатындығы, тығыздығы, жұмсақтығы, түстің бөліктеніп шығуы, шегінуі. Ашық түстің қасиеті адам көңілін өзіне аудартады.
13-сурет. Түстер шеңбері
7 Костюм композициясының түсі
Түс костюмдегі күрделі қасиеттің бірі бола отырып, ең алдымен, костюмнің қолдану мақсатына бағынышты. Костюм пішініне байланысты үлкен ақпарат көлемін бере алады және белгілі бір мағынада таңбалық қызмет атқарады. Ол адамға эмоционалды түрде әсер етеді, оның костюмде зор маңызы бар, оның үстіне қазіргі стандартты костюм пішінінің әртүрлі моделінде түрлі-түсті маталар комбинациясы қолданылады.
Костюм композициясының түсін зерттеу ахроматикалық түстен басталады. Пішін, силуэт, түзу сызықтары мен барлық композициялық заңдылықтарын зерттеу үшін (костюмді модельдеу негізіне қатысты), әуелі оны ақ-қара графикасында көру қажет. Пішін мен түсті үйлесімді байланыстыру өте қиын, сондықтан сызықтан, пигменттен, көлемінен, фактурадан тұратын пішінмен жұмыс істеп, содан кейін сұр түсті қосып, ахроматикалық композицияны өңдеуге көшу қажет.
Көркемдеу тәжірбиесінде қара мен ақ түстер және олардың әртүрлі жарықтық қоспасынан тұратын үш реңкті композиция жиі қолданылады. Үш реңкті және одан да көп үйлесімділікте сұр түстің жарықтық рең байлығы арқылы ақ пен қара түстің қарама- қайшылығы жұмасара бастайды. Бұл бір - біріне қарама-қарсы ахроматты түстер арасында (келісімге) сәйкестікке әкеледі. Жарықтықтың біртіндеп градациялануы деп бірте - бірте ақ түсті қарамен немесе қара түсті ақ түспен қанықтыру (толықтыру) айтылады. Градацияда әр жарықтың реңкі айқын білінеді.
Түс созымдылығы шектеулі гамма түстерімен жұмыс жасау дағдысын береді. Мәселен, таза сұр түстің жеті градациясын көзбен байқауға болады, ал егер әрбір бес созылымдылық градациясына азғантай ғана басқа түс қосса, онда «әр түрлі сұр» түстің нәзік түрде үйлескен көп түрін алуға болады. Осы түстер созылымды ақ түс пен қара түсті қолдану арқылы контур, сызық, жиек түрінде қатар орналасады, қарсылас түс жиегін және пішін ішіндегі қарсылас түс сапасын қолдану арқылы қызғылтым нәтижелерге жетуге, «ақ түстің жылтырау және жалтырау» эффектісін алуға, топталған созылмалы сұр түсті бірте -бірте қара түске жеткізуге болады.
Түс үндестігін зерттеудегі келесі кезең шектеулі гаммаларды пайдалану болып табылады.
Гамма шектеулігі ақ және қара түске тек бір түсу қосумен түсіндіріледі. Бұған кез келген түсті алуға болады, мысалы, қоңыр түс. Қоңыр түстің реңктері өте көп: қоңыр марс, сепия, қызыл охра, шоколад, сүт қосылған кофе, қызыл ағаш, еменнің түсі, корица түсін алуға болады. Қоңыр түс барлық киімде кездеседі. Бұл - табиғи былғарының, күдерінің, үлбірдің түсі. Қоңыр түс өзінің қолайлылығымен, басқа кез келген түспен үйлесу мүмкінділігімен қызықтырады.
Осылайша, костюмде ақ, қара, сұр және қоңыр түстердің көптеген реңктерін пайдалана отырып, біз өзара ғажайып әрекет жасайтын шексіз нәзік түстердің үйлесімділігін аламыз.
Костюмнің түрлі - түсті коллекциясының гармониясы көп жағдайда адам бейнесімен қаншалықты үйлесетіндігімен, оның жеке даралық ерекшелігімен (мәселен, шашының, терісінің, көзінің түсі) айқындалады. Костюм адамның түр - түсімен үйлестіре киіледі. Мысалы, қоңыр қара түс қоңыр - қызғылт - сары шашты, көгілдір көйлек көгілдір көздің түсін айқындап тұрады.
Адам терісінің түр - түсі өте әркелкі және күрделі, сондықтан костюм түсінде осы жағдайларды ескере отырып, қарсыластық немесе үйлесімділік принципін пайдалану қажет.
Түс арқылы маусымдық киім де анықталуы мүмкін. Мысалы: жазғы костюмдер түс үйлесімділігнің ашықтығымен, ашық жасыл, аспан түстес, теңіз түстес, көк топырақ түстес, жасыл түспен үйлескен ашық және ақ түстердің көптігімен ерекшеленеді. Қыстық костюм өзінің композициялық құрылымында қара және ашық, ауыр және жылы түстер үйлескен ақ сұр түсте негізделеді. Көктемнің нәзік бояуының қысқы кезеңінен айырмашылығы - оның жеңіл, еркін үйлесімлі түс болғанында.
Достарыңызбен бөлісу: |