ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дене өлшемдері және адам дене құрылысының ------типтері



бет12/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

10 Дене өлшемдері және адам дене құрылысының ------типтері

Адамның дене бітімінің сыртқы пішіні өлшемдік белгісімен, дене пропорциясымен, дене құрылымымен, сымбатты еңсесімен сипатталады.

Негіздік өлшемдік белгілерге дене ұзындығы немесе бой және кеуде айналымы жатады. Бұл белгілер сантиметрмен өлшенеді. Бой өлшемі сүйек қаңқасына байланысты анықталады. Өмір сүру барысында адамның бой өлшемі өзгереді: дүниеге келгеннен бастап 18-20 жасқа дейін дене ұзындығы ең жоғарғы шамаға дейін ұзарады, 5 жасқа дейін бой өлшемі тұрақталады. 45 жастан кейін дене ұзындығы біршама қысқарады. Кеуде айналымы кеуде қуысының өлшеміне, бұлшық еттердің даму дәрежесіне, май басу (жиналу) шамасына байланысты. Омырау құлашы туғаннан бастап үздіксіз өседі де, 20-26 жасқа қарай тұрақталады. 40-тан кейін көкіректің тері астындағы май қабатының өсуіне байланысты қарқынды үлкеюі байқалады.

Жоғарыда айтқандай, дене пропорциясы адам денесінің кейбір жеке бөліктерінің өлшеміне (басының биіктігі, дененің жалпы ұзындығы, мықын мен иықтың ені) байланысты. Дене пропорциясы бастың ми қаңқаларына, жұлын сүйектеріне, жоғарғы және төменгі бөліктерге байланысты болады. Дене пропорциясына, сондай-ақ бұлшық еттер мен май басу дәрежесінің өсуі де әсер етеді. Әр түрлі жасқа, әр жынысқа қарай, пропорцияда да өзгешелік қатты байқалады. Балалардың бас биіктігі бүкіл дене ұзындығының ¼ бөлігін құрайды, басының құлашы кеуденің құлашына тең болады.Ересектердің бас биіктігі бүкіл дене ұзындығының 1/7 немесе 1/8-ін құрайды, л басының құлашы кеуде құлшынан екі есе кем.

Әйел денесінің пропорциясы еркек денесінің пропорциясынан кең мықынымен, тар иығымен ерекшеленеді.

Дене құрылымы – бұлшық еттері мен май басудың өсуі дәрежесімен байланысты адам дене бітімінің жеке ерекшеліктері. Бұл сипаттаулардың түрлі типін анықтайды. Еркектерде мынадай тип бар: кеуделік тип – әлсіз бұлшық етті және май жиналған тип; бұлшық етті тип – орташа немесе күшті бұлшық етті және орташа май жиналған; қарынды тип – орташа немесе әлсіз бұлшық етті және өте мол май басқан тип.

Әйелдің дене құрылымы ерлердің дене құрылымынан өзгеше болып келеді. Әйелдерде бұлшық еті аз дамыған, май жиналу (басу) дәрежесі де әркелкі. Май жиналудың дене құрылымында бірнеше түрі білінеді: жоғарғы бөлікті (мықынға дейін) немесе дененің төменгі бөліктерін май басу; май жиналу тек денеде не аяқ – қолдарда мол болуы немесе дененің жеке бөліктерінде ғана, мысалы, мықында не кеудеде мол май жиналуы мүмкін.

Дене толықтығына байланысты да айырмашылықтар бар. Адамдардың толықтығы үш өлшемге қатысты анықталады: кеуденің, белдің, мықынның жартылай айналымы.Төрт толықтық өлшемі бар: аз, орташа, үлкен; ал ерлерде тіпті өте үлкен. Толықтық адамның жас ерекшелігіне байланысты: аз және орташа толықтық жастарға және орта жастағыларға (44 жасқа дейін) тән, үлкен толықтық – егде жастағы адамдарға (45 жастан жоғары) тән.



Киімнің негізгі бөлігі өндірістік тәсілмен дайындалады, сондықтан киім таңдауда өлшем, бой, толықтық (мысалы: 176-92-102) сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл типтік дене бітімді анықтау үшін қызмет етеді. Кеуде айналымы, мойын айналымы, мықын айналымы өлшемдерінің арасында пропорционалды өзара байланыс бар екені белгілі. Бірақ кейбір жағдайда типтік өлшем белгілері дене бітімінің шынайы ерекшелігіне сай келмейді, сондықтан дисгармониялық пропорцияны қалыпқа келтіретін костюм пішінін қолдану қажет.

Адам денесінің еңсесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет