ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Киім жіктелімі және ассортименті



бет15/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

13 Киім жіктелімі және ассортименті

Қазіргі заманғы киім үлгісі адамның жас және жыныс ерекшелігіне, әркімнің киіну мақсатына, жыл мезгіліне, мата түрі мен оны дайындау тәсіліне байланысты.

Адам дене бітіміне қонымдылығына қарай киім иықты, кеуделік, белдікті киім болып бөлінеді. Пальто, жакет, жейде, куртка, сарафан-иықты киімге; жеңсіз, киім-жилет- кеуделік киімге; алжапқыш, белдемше, шалбарлар-белдікті киімдерге жатады.

Әрқилы қоғамдық (өндірістік, спорттық, сәндік формалық) іс-әрекетке байланысты киім тұрмыстық және арнайы киім болып бөлінеді.



Тұрмыстық киім - бұл күнделікті тұрмысқа және жұмысқа, мәдени орындар мен ойын-сауыққа, демалуға және үй шарушылығына арнап киілетін киімдер.

Күнделікті өмірде киілетін киім (оқуға, серуендеуге, көрмеге баруға, т.б.) әр түрлі кәсіпке, қызметке киюге арналады. Бұл киімнің стилі адамның өмір сүру салтына, іс-әрекетіне байланысты. Бүгінгі күні адамдардың өмір сүру салтының әрқилылығына байланысты күнделікті тұрмыста киілетін киім түрі де әр алуан.

Әрбір адамның киімге деген өз талабы бар, әркім өзінің жеке дара қасиетін ашуға тырысып, өзіне және өмірге деген көзқарасын киім арқылы көрсетеді.



Сәндік киім - бұл ерекше жағдайларда – сән-салтанатқа, мерекелік қабылдауларға, мейрамдарға, театрға барғанда киілетін киімдер (қазіргі кезде адамдар жұмыстан кейін театрға күнделікті тұрмысқа киетін киіммен де бара береді). Сәндік киім адамға айрықша мерекелік көңіл күй беруі керек.

Сәндік киім отбасылық мейрамдар мен театр, концерт залдарына барғанда, арнаулы мерекелік жиындарда, премьера, сыйлық алу, т.б. арнауы мерекелік қабылдауларда, мектеп бітіру балынды, үйлену тойларында, т.б. жағдайларда қолданылады. Сәндік мерекелік киім сол жағдайда сәйкес адамның кескін келбетін ашуы керек. Маңызды мерекелік жиындар, әдетте, үлкен мекемелік орындарда өтеді, сондықтан ол жиынға қатысушы әрбәр адам алыстан және жақыннан костюмін көрсетуге мүмкіндігі бар. Осының бәрі сәндік киім үлгісінде есепке алынады. Билеуге арналған көйлектерде айқын сәнді мәнерлі әшекейлер орын алады, мерекелік костюмдерде ашық қарама-қарсы түстер, ашық түс жас жұбайларға арналған киімдерде (тығыз және жеңіл) мата түсінің үйлесімділігі, жаңа жылдық көйлектердің матасының жылтырақ болуы ескеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет