Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

САЛАҚТЫҚ
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып кірсіз көйлек киіп 
таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді: 
— Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай 
ма? — деп. 
— Қолым тимейді, — деуші еді ол. 
Сөйтіп жүріп, тұла бойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде 
құрысып-тырысып жатқанында, әркім сұрайды: 
— Кәрім, саған не болды? — деп. 
Кәрім айтады екен: 
— Күнәм үшін құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп. 
Оған қарсы таныстары: 
— Рас, Кәрім, құдайтағала таза жүрмеген былғаныш кісіні сүймейді, тым 
болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды 
әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің. 
Сонымен Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім 
киіндіріп, ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан шыққан соң, 
Кәрім бір заводқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, заводта нәрсе 
бояйтын бояулардың қайсысы у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды 
былғап қой деп беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, 
қолын жумастан барып, тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың 
жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде 
Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі-берлі, олай-бұлай аунақшып, біраз 
жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты, әлгі бояу у бояу екен.


12
ЖАМАНДЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ
Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт 
бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: «Дегенімізді істе, 
істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып 
жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң 
патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып 
берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп 
алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп: 
— Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп 
келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, — деді. 
Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. 
Нағым: «Менін кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен» деп, қорыққанынан 
үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп 
алып айтты дейді: 
— Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы 
кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен 
сақтанып жүргендей екенсін, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! 
— деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет