27
ІЗБАСТЫ
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі
қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен
кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте
жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді,
мынау бала бізге
байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға
айтты дейді:
- Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де
қалды ере алмай; сол түлкіні
кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан
дұшпан жауым жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып,
тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алмай.
Жамандыққа жақсылық
Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді.
Соның заманында жұрт
бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: - «Дегенімізді
істе, істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып
жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың
тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген
кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды.
Ертеңіне уәзірге
бір саудагер келіп:
- Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп
келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, - деді.
Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды.
Нағым: «Менін кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен» деп, қорыққанынан
үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір
Нағымды жерден көтеріп
алып айтты дейді:
- Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы
кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен
сақтанып жүргендей екенсін,
соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! -
деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді