Радиодағы жарнама. Радиоканал теледидар сияқты бірақ қарапайым. Оның ерекшелігі құнының арзандығы, алайда психологиялық жоспарда сөзсіз бейненің болмауына байланысты теледидардан ұтылады. Дауыстың жақсы безендірілуі диктордың даусы, есте сақталатын текст жақсы дауыстық фон музыка беру радио жарнаманы тиімдірек етеді. Радио күні бойы асханада, мекемеде, автокөлікте өшірілмеуі мүмкін. Көбісі әсіресе радиостанцияда тек музыканы жаңалыққа дейін береді, музыкаға дейін жаңалық ал олардың арасында жарнама адам оны естімеуі де мүмкін, бірақ төртінші бесінші ретте фирманың атауы және мәліметі есте сақталады. Тиімді радио жарнама тыңдарманның санасына жету керек. Радио роликтер зейін аудару үшін қоңырау, ысқыру қолданады олар біртіндеп шумға айналады. Жақсы істелінген радио жарнама тыңдарманның қиялын қалаған бағытқа жұмыс істете, өнімді оның артықшылығымен байланыстыра таңдалған дауыстарды жиі қолданады. Бұл стаканға салған мұздың, күлкінің дауысы болуы мүмкін.
Психологтадың пайымдауынша радио - тыңдарманмен бірден бір көп уақыт өткізуге мүмкіндік беретін құрал.
Радио - бұл фон. Ол өзіне қадала назар аударуды талап етпейді, оның пайда болуына адам тек өмір сүреді.
Радио - жарнама таратушы үшін оперативті құрал, ол сол күні өзінің жарнамасын эфирде тыңдауы мүмкін. Мұндай жылдамдыққа ешқандай құрал жете алмайды.
Жарнаманың күші радионың қайталануында, қысқалығында. Ол тыңдарманның реакциясын баурайды.
Радионың артықшылығы, оны азанда да күндізде және кешкеде тыңдайды. Бұдан пайм-тайм деген дәстүрлі түсінік туындайды. Теледидардағы дұрыс уақыт алғашқы жарты күн 3-ке дейін уақыттың бұзылуы радио толқынға өте тиімді. Бұл уақытта радио тыңдарманның аудиториясы теледидар көрерменін өзіне баурайды. Басылған сөздермен салыстырғанда радиодағы жарнаманың кең таралуы, онда музыканың көмегімен жарнамның эмоционалдық тоны күшейеді.
Психолог жарнамалаушының пікірінше радио роликтің тиімділік ұзақтығы 30секунд, бірақ, басқа көзқарастар бойынша мәлімет беру үшін қанша уақыт керек, сонша уақыт алу керек. Зерттеулер көрсеткендей адамдар зейінмен белсенді тыңдайды, егер диктор бірлік уақытта тез, көп сөз айтса. Радио жарнаманың өсуі онда әзіл мен юморды қолдануында. Тыңдарманның зейінін аудару үшін, оның басқа толқынға ауыстырмайынша үшақ секунд бар екенін естен шығармау керек. Радиода жарнаманы бермес бұрын радиостанцияға немесе радио бағдарламаға ма соны анықтап алу керек. Мұнда ескеретін жайт радио тыңдарман бір немесе басқа радиостанцияны таңдай отырып кнопканы басқанды жақсы көреді. Бұл радиоканалдағы жарнаманы бірдестен өшіруі мүмкін деген сөз. Радиоканалда тікелей немесе жанама жарнама болуы мүмкін.
Жанама жарнама бұл басқалармен салыстырғанда дәл осы нақты радиостанцияның, радио тыңдарманның қалауы есебінен қалыптасады.