Iбөлім. Жарнама психологиясының жалпы теориялық мәселелері


Өткізілген зерттеудің жұмыс жоспары



бет42/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#85343
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Дип.-Жарнаманы-қолданудың-психологиялық-аспектілерін-анықтау

Өткізілген зерттеудің жұмыс жоспары.



Мерекелер.

Уақыты.

Жауапты.

Әдебиеттер тізімі, шетелдік және отандық әдебиеттерге терең талдау.

желтоқсан, қараша

Абильдабекова М.С.

Зерттеу нұсқаларына құрал-жабдықтарды дайындаулуы.

сәуір

Абильдабекова М.С.

Тираждалған анкета

наурыз

Абильдабекова М.С.

Зерттеудің жүргізілуі

сәуір

Абильдабекова М.С.

Алынған ақпараттың қорытындысы және анализі.

мамыр

Абильдабекова М.С.

Зерттеу қорытындысы бойынша отчетқа дайындық

маусым

Абильдабекова М.С.

Зерттеу қорытындысының презентациясы

маусым

Абильдабекова М.С.

Практикалық зерттеуге нәтиженің енуі.

8 маусым

Абильдабекова М.С.

Аналитикалық бөлім.

1. Зерттеу нәтижесі бойынша, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында жарнама тікелей әсер етпейді деуге болады. Тек 15-17 және 18-25 жас аралығында адамдардың жарнама роликтеріндегі актерларға еліктеуі байқалады. Болжам толығымен расталды жарнама әсерінен айналадағылармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың өзгеруі тек 20 % мойындады.




Кесте-1. Жарнаманың әсерінен адамдардың бір-біріне немесе айналадағыларға деген қатынасының өзгеруі.


Айналадағыларға қатынасы (%)

Жасы

Өзгереді

Өзгермейді

Жауап беруге қиналамын

15-17

12%

30%

4%

18-25

2%

18%

6%

26-47

4%

12%

4%

48-60

2%

14%

4%

60тан жоғары

0%

10%

4%

2.Жарнаманың көбісі 15-17және 18-25 жас аралығындағы адамдарға көбіне әсер ететіндігі зерттеу өткізу барысында анықталды. Олар өздерін таңқалдыратын жарнаманы көруге тырысады, әлеуметтік және азаматық құндылықтарға көзқарасы өзгереді. Болжам толығымен расталды.




Кесте-2 Тұлға ретінде жарнаманың адамға әсер етеуі.


Жарнаманың адамға әсері(%)

Жасы

мойындайды

мойындамайды

Жауап беруге қиналамын

15-17

26%

10%

4%

18-25

14%

6%

6%

25-47

10%

6%

2%

48-60

2%

14%

4%

60 тан жоғары

4%

6%

4%

3. Пайдаланушылардың жарнамаға тәуелділігі олардың жас ерекшелігімен тікелей байланысты Пайдаланушылардың жасы ұлғайған сайын жарнамаға теріс қатынасы жоғарлайды. Демек, оң көзқарас азаяды немесе төмендейді яғни өз талғамдары бойынша тауарды таңдайды. Сұралғандардың 30 %-ы жарнамаға оң қатынаста, 78%-ы жарнамаға бәрібір яғни (нейтралды), ал 12 %-ы теріс көзқараста. Болжам толығымен расталды.


Кесте-3 Тұтынушылардың жарнамаға қатынасы.
(сұралғандардың саны %)



Жасы

Оң

Теріс

Бәрібір

15-17

10%

8%

20%

18-25

10%

2%

20%

26-47

11%

4%

10%

48-60

6%

8%

10%

60тан жоғары

3%

4%

4%

4.Анкетаға қатысушылардың көпшілігі жарнама оларға жаңа тауар, қызмет және технологиялар туралы білуге көмектеседі деп жауап берді. Сұралғандардың 70 %-ы нарықта жарнама тауар алуда бағдарлануға көмектеседі деп жауап берді
Кесте-4 Тауар алу кезінде жарнама бағдарлануға көмектеседі ме.



Жасы

Ия, көмектеседі

Жоқ, көмектеспейді

15-17

24%

14%

18-25

20%

6%

26-47

8%

12%

48-60

10%

10%

60тан жоғары

8%

6%

5. Пайдаланушылардың жарнамаға жабық тәуелділігі де бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, жарнама пайдаланушының өз бетінше тауар таңдауға мүмкіндігін азайтады.


Кесте-5 Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдағанда, сізге жарнама қаншалықты күшті әсер етеді.
(жас ерекшелік тобына байланысты сұралғандардың саны %)

Жасы

Әсер етеді

Әсер етпейді

Жауап беруге қиналамын

15-17

40%

36%

2%

18-25

18%

6%

2%

25-47

12%

8%

0%

48-60

12%

6%

2%

60 тан жоғары

4%

6%

4%

2 әдістеме


«Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау» сауалнамасы.


Сауалнама: Авторлық


Мақсаты: Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау.
Жасы ерекшелігі:
1) 20 адам -15 пен 17жас аралығында
2) 20 адам -18 бен 25жас аралығында
3) 20 адам -26 мен 47 жас аралығында
4) 20 адам -48 бен 60жас аралығында
5) 20 адам -60 тан жоғары
Жарнама шаралары.
1.Газет
2.Журнал
3.Теледидар
4.Радио
5.Көшедегі жарнама

Сұраққа 1 және 5 ұпай аралығында жауап беру. 1-төмен, 5-жоғары көрсеткіш.




Нұсқаудың мінездемесі: барлық сұрақтар-5
Форма бойынша: жабық

Жалпы әдістеменің нәтижесі бойынша, Адамдар үшін бұл жарнама шараларының ішінде ең тиімдісі теледидар оны адамдар есінде көп сақтайды, оның ықпалы тауар алуға бағдарлануға көмектеседі. Оның теріс жақтары, көп қайталанып адамды жалықтыруы және қызықты бағдарлама арасында көп берілуі, бағдарламаны үзе беруі. Одан кейін көшедегі жарнама оны адамдар көп көреді және онша мән бере бермейді, ол қаланың безендірілуіне әрине әдемі. Оның кемшілігі ұлттық-этникалық ерекшеліктерді ескере бермейді өйткені, ол шет ел жарнамаларына сүйенеді. Үшінші кезекте журнал ол оқырманның есінде көбіне түрлі түсті көп қолдануымен есінде қалады. Төртінші, ол радио, оны адамдар көп тыңдамайды, қазіргі заман талабына сай оны жастар тыңдауда ол жарнаманы әуенмен береді. Бесінші ол газетті көбіне үлкен жасқа келген маман иелері және қарттар оқиды.


Әдістеме нәтижесін: Қосымша Г, Д, Ж, З, Е көре аласыздар.

3 әдістеме.




Әдістеме атауы: «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі.


Мақсаты: Адамның қазіргі таңдағы нарықтық қатынаста, бәсекелес елдер қатарына енудегі көзқарасын анықтау және жетілдіру.

Әдістемеде сұраушыларға өз көзқарастары бойынша сөйлемді аяқтауы ұсынылады. «Жарнама әсер етеді...» Онда


Жарнама туралы оң көзқарасы
Жарнама туралы теріс көзқарасы


Салыстырмалы факторлар:
1.Экономикалық
2.Құндылықтар және мәдениет
3.Эстетикалық
4. Жеке және интеллектуалды дамуы.


Сауалнама ОҚО Шымкент қаласы тұрғындарының әртүрлі саладағы маман иелеріне жүргізілді.
Бұл әдістемені қорытындылай келе адамдардың көзқарасы олардың мамандықтарына, өмірлік тәжірибесіне тәуелді екені анықталды. Тауарды жарнамалағанда адамдар көбіне өз мамандықтарына сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар, жарнамаға деген көзқараста екі жақты пікір бар Яғни жарнаманы сынаушылар және жақтаушылар.
Оны жақтаушылар- жарнама шаруашылық іс-әрекетке өте қажет, тауарды сатуға негіз болады, тұтынушыға шешім қабылдауға тәуелсіздік береді, тұтыну деңгейінің өсуін реттейді, қоғамның маңызды қажеттіліктерін анықтайды дейді.
Сынаушылар жарнама экономикалық жоспарда үлкен шығын келтіреді, адамдарда жасанды, пайдасыз, тіпті зиян қажеттіліктер туғызады.
Адамдар жарнамаға әртүрлі көзқараспен қарайды, ол олардың тәрбиесіне, біліміне, түрлі әлеуметтік жағдайына байланысты.
«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесінің кестесі.


Кесте-6



Салыстырмалы факторлар

Сауалнамаға жауап берушілерге сөйлемді аяқтау ұсынылған: «Жарнама әсер етеді...» Жарнама туралы оң немесе теріс көзқарастары.

Экономикалық

Экономикалық мәселе және адам өмірі... Оң көзқарас, Жарнама тауар ақша айналымын тездетеді сонымен бірге қоғамның материалдық және рухани дамуына көмектеседі. Жарнаманың көп болуы елде экономикалық процестің жүруіне, жаңа тауардың туындауына, бағаның төмендеуіне, өнім өндірушілердің жаңа түріне, жалақының жоғарлауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына әкелетін бәсекелестің жұмыс істейтінін көрсетеді.
Теріс көзқарас, жарнама біздің өмірімізді қиын және қауіпті ететін мәселе тудырады, ол адамды алдайды қалтадағы ақшаларын қағып алады. Жарнама кампанияларымен өткізілген және сатылған тауарлар жарнамаға ақша бергеннен қымбат. Тиімді батыс жарнамасы отандық экономикаға зиян келтіреді. Жарнама бай адамдарға арналған, ол жағдай төмен адамдарда агрессия тудырады, кедейлерге көптеген экономикалық жетістіктерге жетпегенін айтады және қоғамның тең емес екені туралы еске түсіреді.

Құндылықтар және мәдениет

Адамдардың мәдени өмірі... Оң көзқарас, қымбат жоғары сапалы тауарларды жарнамалау, адамның талғамын, білімін дамытады, бұрын білмеген заттары туралы тегін ақпараталады. Қоғамның жоғары құндылықтарына қымбат тауар ұсынады адам тек қолданбайды қазіргі техниканы біледі. Теледидардың арқасында шетел киноларын және басқа да видео өнімдерді көреді, оларға осы уақытқа дейін таныс емес әлемнің терезесі ашылады, олар өздерінің саяси және басқада көзқарастарын көпке айтуға мүмкіндік алады. Оқырманның өзі кумирлері туралы көп нәрсе біле алады және жарнама презентация уақытысында интерактивті шаралардың көмегімен сұрақтар қояды.
Теріс көзқарас, он не мыңжылдықта қалыптасқан құндылықтарды бұзады. Мысалы, жаңа үй техникасы не кіржуғыш ұнтақтары туралы ақпаратқа қарағанда, ғылымның ашылуы туралы ақпараттар адамның болашағына әсер етеді олар оны қызық және маңызды деп қабылдайды. Бүгінде балалар жарнама сөздеріне қарағанда өлеңдерді қиын есіне сақтайды және олардың арасындағы айырмашылықты көрмейді. Теледидардағы жарнама фильм көргенде оны бөледі, психологиялық қанық бағдарламалар теріс эмоционалды реакциялар тудырады және жүйкенің бұзылуына әкеледі. Мұндай жарнама адамды сезіну қабілетінен айырады.

Эстетикалық

Эстетикалық құндылықтар... Оң көзқарас, біздің өмірімізді безендіреді әсіресе жарнамадағы дизайн эстетикалық қажеттіліктерді дамытады жоғары өмірлік стандартқа талпындырады, шығармашылықты жоғары деңгейге көтереді оның көмегімен адам сәнмен бірге жүреді талғамы дамиды, жоғары безендірілген сыртқы жарнама әдемі емес қаланы көркейтеді. Адамды білімді мәдениетті етеді.
Теріс көзқарас, адамды сурет талғамынан айырады, төмен қолданылатын сыртқы жарнама қаланың сыртқы көрінісін төмендетеді. Жарнамада аз суреттілген жасандылар жасалады және жағымсыз адамдардың бейнесін көп қолданады. Жарнамалаушы зейін аударту үшін эротика, агрессия сияқты психологиялық ықпал ету тәсілін қолданады. Ол адамның әсіресе, жеткіншектердің психикасын бұзады.

Жеке және
интеллектуал- ды даму

Адамның индивидуалды интеллектуалды дамуы...
Оң көзқарас, жарнама нарықта пайда болған жаңа тауар туралы оның сапасы, бағасы, қасиеті, тиімділігі туралы ақпарат береді. Адамның ғылыми, мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтары туралы көзқарасын кеңейтеді, таңдаудың қиын тапсырмаларын шешуді ойлауға адамды мәжбүрлейді. Әлеуметтік мысалдармен адамдардың көпшілігін ниеттендіреді олар өзінің талантымен, бизнес, спорт, ғылым, өнермен айналысуымен ақша жағынан көтерілген.
Теріс көзқарас, кез-келген ғылыми публистикалық, мәдени және басқа дамытатын бағдарламаларға қарағанда жарнама көп көлемді алады. Көрерменнің көзқарасын дамытатын танымдық бағдарламаларға қарағанда, дөрекі ойын-сауық бағдарламаларды көруге мәжбүр болады. Жалған ақшаны қолданатын алаяқтар көбейді. Сапасыз технологияның химиялық синтезінің нәтижесінде алынған өнімдерді жарнамалайды. Алкогол жарнамасы адамның денсаулығына зиян келтіреді олардың санын көбейтеді. Жеткіншектердің ішімдікке, темекі шегуге ниетін ынталандырады.

Қорытынды

Бұл дипломдық зерттеу жұмысында жарнаманы қолданудың психологиялық аспектілерінің ерекшеліктері сөз болды. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын үш бөліктерден тұрады.


Жарнама іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері, жарнамада қолданылған суггестивті психотехнологиялар сонымен қатар жарнаманың адам санасына әсері туралы және жарнаманы қабылдауда таным процестерінің рөлі туралы анықталады. Ресейлік, шетелдік психолог-ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.
Дипломдық зерттеу жұмысы мазмұнын жарнамадағы суггестивті психотехнологиялар, жарнамадағы мотивация, жарнама шаралары, жарнама бейнелерін қалыптастырудағы психикалық процестердің рөлі жайлы теорияларда толықтыра түседі.
Жарнама іс-әрекетінің психологиясы жайлы жазған атақты психолог А.Н. Лебедев, Р.И. Мокшанцев, Сэндидж Ч. Фрайбургер В. Ротцолл Феофонов О. Көзқарастары толығымен ашылып, Жарнаманың жалпы керектігі және оны қолдана білуде адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керектігі дәлелденді.
Жарнама психологиясы жайлы Қазақстанда әлі ешкім зерттемеген. Соңғы уақытта Қазақстанда жарнама іс-әрекеті қызу өрістеуде. Жарнаманы өндіруде, зерттеуде әлеуметтік, әлеуметтік- психологиялық, қабылдаудың ұлттық этникалық (әдет-ғұрып, өнеге және діни салттар) ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларды ескеру қажет. Бізде пайдаланып жүрген жарнамалар Ресей мамандарының жұмысына сүйенеді. Жарнама өнімдері қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.
Жарнама өз мақсатына толық жету үшін жарнама мәтінін, бейнесін, түсті таңдауда адам психикасының ерекшеліктерін есеру керек. Жарнаманың психикалық әсеріне- зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік- психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге- когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.
Жарнама мына жағдайда керек: жаңа ешкімге таныс емес фирма пайда болғанда; пайдаланушыға әлі таныс емес тауар ұсынғанда; нарық бір типті тауарлармен толғанда және сатушы дәл өзінің өніміне зейін аудару керекті болғанда; сату көлемі төмендегенде; сатушы сатудың көлемін тез кеңейтуді жоспарлағанда, жаңа клиенттерді өзіне қаратқанда, жаңа нарық территориясын «иемдену» керек кезінде.
Жарнама мен тұтынушының мінез-құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез-құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден маркетингпен айналысатындар мінез-құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлардан қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек.
Жарнама әсерінің психологиялық тиімділігін дұрыс түсінбеу осы бағыттың методологиялық дамуына зиянын тигізеді. Тиімділікті жарнамамен тауар сатудың арасындағы тура байланыс деп түсінеді, яғни жарнаманың тұтынушының тілегіне әсер ете алатын қабілетін ғана бағалайды. Ең негізгісі-жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс. Осы бағыттағы психологиялық теория мәселелері жарнаманы қабылдаудың психологиялық құрылымы және соған сәйкес жарнамалық әсерлердің психологиялық аспектілері жатады.
Жарнаманы кәсіби сараптау мәселелері де көп зерттелінбеген, психо-семантикалық ықпалды қажет етеді. Жарнамалық агенттікте істейтін психологтар үшін көптеген практикалық қолданбалы зертттеулер жүргізу, шығармашылық ізденіс қажет. Тапсырыс берушінің де тұтынушының да талаптарын ескерген жарнама тиімді болып табылады. Психологтар осы екі жақтың арасындағы диологты қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Жарнама-объективті, кәсіби абайлы болуы керек. Жарнама тек технологиялық ғана емес психологиялық факторлар аймағында да жүзеге асырылуы керек.
Сонымен қорыта келе, адамдардың жарнамаға тәуелділігі олардың жас ерекшеліктеріне байланысты болатындығы, сонымен қатар жалпы жарнама қоғамға керек екендігі зерттеу жұмысында дәлелденді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Айзенберг М.Н. Менеджмент рекламы.- М.1991.


2.Артеменко В.Г. Реклама в торговле.- Новосибирск. 1996.
3.Бадалов Д.С., Кисмерешкин В.Г. Регулирование рекламной деятельности.-М.: Рекламный совет России, 2000.
4.Баженов Ю. Организация рекламы в магазине - М.: ИВЦ “Маркетинг”, 1998.
6.Батра Р., Майерс Дж., Аакер Д. Рекламный менеджмент./ Пер.с. англ.5-е изд.- М., СПб., К. Издательский дом «Вильямс», 1999.
7.Богомолова Н.Н. Социальная психология печати, радио и телевидения.-М.:1997.
8.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М., 1968.
9.Бородина В. Самореклама: мода и традиции.-М.: РИП- холдинг, 2000.
10.Бондаренко О. Реклама с точки зрения теории единного поля. /http//www.mediaplanirovanie. ru./
11.Викентьев И.Л. Приемы рекламы: Методика для рекламодателей и рекламистов. 14 пактических приложений и 200 примеров.- Новосибирск: ЦЭРИС, 1993.
12.Викентьев И.Л. Приемы рекламы и public relations.- СПб.: 1995.
13.Власова Н.М. Рекламный конструктор.- Новосибирск. 1998.
14.Володеева В.Н., Исакова Г.А. Основы психологии торговой рекламы1983.
15.Веригин А. Русская реклама.-СПб., 1898.
16.Грощев И.В. Гендерные образы рекламы. /Вопросы психолгии/ 2000 №6 38-39стр.
17.Грошев И.В. Полоролевые стереотипы и гендерная невербальная коммуникация в зеркале рекламы//Вестник Тамбовского государственного технического университета. 1998. Том4. №4.
18.Гермогенова Л.Ю Как сделать рекламу магазина. - М.: РусПартнёр ЛТД, 1994.
19.Гермогенова Л.Ю. Эффективная реклама в России.- Практика и рекомендации.-М., 1994.
20.Гольман И Рекламное планирование. Рекламные технологии. Организация рекламной деятельности. - М.: Гелла-Принт, 1996.
21.Гуревич П.С. Приключения имиджа: типология телевизионного образа и парадоксы его восприятия.- М.1991.
22.Голядкин Н. Творческая телереклама (из американского опыта). Учебное пособие.- М.:НИАНО Институт истории и социальных проблем телевидения, 1998.
23.Гордякова О.В. Влияние личностной агрессивности и тревожности подростков на эмоциональное отношение к агрессии в телевизионной рекламе// Психологический журнал. 2000. №4.
24.Дейан А. и др. Стимулирование сбыта и реклама на месте продажи.(пер. с франц.) - М.: Прогресс, 1994
25.Демидов В., Карташиди И. Реклама в торговле (Теория и практика) - М.: Экономика, 1983.
26.Денисон Д. Учебник по рекламе - Минск, 1996
27.Дихтль Е., Хёрмген Х. Практический маркетинг - М.,1996
28.Дональд У., Гордон И. и др. Основы рекламного дела. - Самара, 1996.
29.Дэйян А., Анни и Лоик Троадек.Стимулирование сбыта реклама на местах продажи/Пер.с.фр./ Общ. Ред. В.С. Загашвили.-М.: А.О. Издательская группа «Прогресс»,Унверс, 1994.
30.Дейян А. Реклама - М.,1993
31Датян А. Реклама /Пер.с.фр.- М.1993.
32.Делл.Д., Линда Т. Учебник по рекламе/Пер.с польск.-Мн. 1996.
33.Делл Денисон. Линда Тоби, Учебник по рекламе, М., Современное слово, 1997.
34.Демидов В.Е. Сущность рекламы и психология ее восприятия.-М. 1984.
35.Дэйян А. Реклама/Пер.с.фр./ Общ. Ред. В.С. Загашвили.-М.: А.О. Издательская группа «Прогресс», 1993.
36.Зазыкин П.И. Психология в рекламе.- М.1993.
37.Зазыкин В.Г. Психология в рекламе.-М.: Дата Стром, 1992.
38.Иванов П. Психология. - М.: “ГУПИ”, 1954
39.Ильин В. Тайны рекламы. - Тверь, Российский брокер, 1992
40.Карпинская О. Как ваша слово отзовется?/ рекламный мир. 1996.№8 (47)/
41Каримова Л.И. Этнокультурные особенности восприятия рекламы. /Вопросы психологии/ 2003. №6 52-55стр.
42Кениг Т. Псхология рекламы: ее современное состояние и практическое значение. /Пер.с. нем.-М.: Современные проблемы, 1925.
43.Коуплан Р. Гипноз: практическое руководство.- СПб.: Питер,2000.
40Крылов И.В. Теория и практика рекламы в России.-М.: Центр,1996.
44.Картер Г. Эффективная реклама.-М.1991.
45Кон И. Моральное сознание личности и регулятивные механизмы культуры. - М.: Наука, 1979.
46.Кохтев Н.Н. Психология и композиция рекламы. /Русс реч/ 1991 №4 68-72стр.
47.Лисенкова Л.Ф. Психология этика делового человека.
48.Лебедев А.Н. Особенности психологического воздействия в российской рекламе.-М. 1995.
49.Лебедев А.Н. Исследование динамики эмоционального отношения российского потребителя к рекламе// Вопросы псхологии. 1996 а.№4.
50.Лебедев А.Н. Психология российской рекламы: а нужен ли рекламисту потребитель?//Маркетинг и маркетинговые исследования в России. 1996а.№1.
51. Лебедев А.Н. Психология рекламы./Ростов-на-Дону/ М, 2004.
52.Лебедев А.Н. Зигзаг удачи или точные технологии? (Психологическая экспертиза наружной рекламы: проблемы и методы)// Рекламный мир.1996в. №8,
53.Лебедев А.Н. Наружная реклама: эксперименталтно-психологический подход к оценке эффективности //Наружная реклама России. 1997а.№9-10.
54.Лебедев А.Н. Опыт психологической экспертизы наружной рекламы //Реклама и жизнь. 1997 б.№1.
55.Лебедев А.Н. Социально-психологические характеристики рекламно- информационного пространства супермаркета //Социально-психологические исследования руководства и предпринимательства/Отв. Ред. А.Л.Журавлев, Е.В. Шорохова.-М.: ИП РАН, 1999.
56.Лебедев А.Н. Психология рекламы// Психология. Учебник для экономических вузов/ Общ. Ред. В.Н. Дружинина.-СПб.: Питер,2000а.
57.Лебедев А.Н. Две методологические традиции в организации научно-практических исследований и разработок в психологии рекламы //Психологический журнал. 2000б. Т.21.№4
58.Лебедев А.Н. Психологические основы адвертологии //Социальная психология: практика, теория, эксперимент. /Под ред.В.В. Козлова.-Ярославль:2000в.Т.2.
59.Лебедев А.Н. Психология рекламной деятельности с точки зрения системного подхода// Современная психология: состояние и перспективы. Тезисы докладов/ Отв. ред. А.В. Брушлинский, А.Л.журавлев.-М.:ИП РАН, 2002. Т.2.
60.Лебедев А.Н.,Боковиков А.К. Экспериментальная психология в российской рекламе.-М.:Издательский центр «Академия»,1995.-144стр.
61.Люшер М. Цвет вашего характера./Пер.с.англ.-М. 1997.
62.Лобачев В.И., Павлова Л.П. пародоксы творческого мышления.-Л.: ЛАЭС, 1991.-154стр.
63.Маргарита Васильева. Реклама мужская, женская, детская. http: //www.advi. ru.
64.Мокшанцев Р.И. Психология рекламы М-2001.
65.Маслоу А.Г. Мотивация и лицность./ Пер. С.англ.- СПб.. Евразия, 1999.
66.Матвеева Л.В., Аникеева Т.Я., Молчанова Ю.В. Психология телевизионной коммуникации.-М: Учебно-методическии коллектор «Психология»,2000.
67.Музыкант В.Л.Теория и практика современной рекламы. Ч.1,2, Монография.-М..Евразийский регион, 1998.
68.Мухина В.С. Детская психология. Учеб. для студент. пед. инс-в/М.:1985.
69.Мюнстерберг Г. Основы психотехники. Ч.1.-СПб.:Э.Т.,1996
70.Мануйлов М.А. Психология рекламы.-М.1925.
71.Музыкант В.Л. Реклама: международный опыт и российские традиции.-М.1996.
72.Паккард Б. О психоанализе в рекламе //Бизнес для всех. 1994. №27-28.
73.Перепелица В. Как рекламу сделать эффективной, или Как стать известным.-Ростов-н/Дону.1997.
74.Плотников А. Информационный психология рекламы. /Мысль-2002 №1 56-59стр.
75.Психология рекламы.-М. 1925.
76.Пушкарёв Н. Исскуство рекламы - Казань, 1992
77.РейПаккард В. Скрытые увещеватели// ХромовЛ.Н. Рекламная деятельность: исскусство, теория, практика.-Петрозаводск: Фолиум, 1994.
78.Панкратов Ф.Г., Серегина Т.К., Шахурин В.Г. Рекламная деятельность. М.: Информационного-внедренческий центр «Маркетинг»,1998.
79.Пронина Г.Г. Психологические экспертиза рекламы.-М.:РИП-холдинг,2000.
80.Райгородский Д.Я. Реклама внушение и монипулияция медиаорентированный подход. Самара 2001.
81.Рейковский Я. Эксперименталная психология эмоций.-М.: Прогресс 1979
82.Ривз Р. Реальность в рекламе// ХромовЛ.Н. Рекламная деятельность: исскусство, теория, практика.-Петрозаводск: Фолиум, 1994.
83.Рожков И.Я. Реклама: планка для «профи».-М.: Юрайт, 1997.
84.Ромат Е. Реклама в системе маркетинга. Учеб.пособие.- Харьков 1995.
85.Росситер Дж., Перси Л. Реклама и продвижение таваров./Пер.с.англ./ Общ. Ред. Л.А. Волковой-Спб.: Питер, 2000.
86.Рейтынбарг А. Реферат по книге Весна Паккарда «Скрытые увещеватели: психоанализ в рекламе».-М. 1968.
87.Старобинский Э.Е. Самоучитель по рекламе.- М.1996.
89.Сельченок К.В. Создание рекламного образа//Психология бизнеса: Хрестоматия Минск:Харвест, 1998.
90.Спаркс М. Нацальные навыки эриксонианского гипноза.-Воронеж: 1995.
91.СэндиджЧ., Фрайбургер В., Ротцолл К. Реклама: теория и практика./Пер.с.англ./ Общ ред Пеньковой Е.М.-М.: Прогресс,1989.
92.Уэллс У., Бернет Дж., Мориарти С. Реклама: принципы и практика.-СПб.: Питер, 1999.
93.Феофонов О. Реклама новые технологи в России.
94.Феофонова /пер.с.англ., общая ред. Сорвременная реклама., М., 1995.
95.Флягина И.А. Реклама как специфический вид массовой коммуникации и социокультурная динамика. /Мир психологии/ 2000 №2 66-77стр.
96.Федеральный закон о рекламе.-М.: Кросна-Лекс, 1997.
97.Феофанов О.А. США: реклама и обшество.-М.:Мысль, 1974.
98.Фридленгер К.Т. Путь к покупателю (теория и практика рекламного дела)-1925.
99.Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность: В2т./Пер.с.нем./ Под ред. бМ. Величковского.-М.: педпгогика, 1986.
100.Хромов Л.Н. Рекламная деятельность: искусство, теория, практика.-Петрозаводск: АО «Фолиум»,1994.
101.Чалдини Р. Психология влияния.-СПб.: Питер Ком, 1999.
102.Шерковин Ю.А. Психологические проблемы массовых информационных процессов.-М.: Мысль, 1973.
103.Ухтомский А.А. Доминанта.-М.: Наука, 1966.-272стр.
104.Бердібаева. С. /Ұлағат -2000./
105.Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауы Егемен Қазақстан 2007 1-наурыз.
Қосымшалар
Қосымша А
Жарнаманың пайдаланушыға психологиялық ықпал ету
құрылымының үлгісі. (моделі)
Кесте-7

Жарнаманың пайдаланушыға психологиялық ықпал ету этапындағы құрылымдық формуласы.

Пайдаланушыға психологиялық ықпал ету формуласының мазмұны.

1. AIDA

Жарнамалық ықпал ету бұл кестеге сәйкес бірінші зейін аудартады (Attention) сосын жарнама қызығушылық тудыру керек (Interest), сосын ниет (Desire), бұның бәрінен тауар алуға деген іс-әрекет (Activity) туындайды.

2.ACCA

Бұл модель анықталған аудиторияға жарнама ықпалының нәтижесін сипаттайды, төрт этаптың біреуінен өткен пайдаланушының - зейіні (Attention), аргументті қабылдау (Comprehension), сендіру(Convection)және әрекет (Action).

3.DIBABA

Формула неміс атауымен аталған тауар сату процесінің алты этапы 1) потенциалды пайдаланушының ниетін қажеттілігін анықтау; 2) жарнаманың ұсынысымен қажеттілігін қанағаттандыру; 3) оның қажеттілігіне сәйкес келетін, пайдала-нушыны сатып алу туралы шешімге «итермелеу»; 4) пайдаланушыға ұсынылған реакция есебі; 5) пайдаланушыда тауар алуға деген ниет тудыру; 6) сатып алуға жағымды жағдай жасау;

4.DAGMAR

Бұл формула ағылшын сөздерден құралған Defining advertising goals- measuring advertising results (жарнама мақсатын анықтау- жарнама нәтижесін өлшеу). Бұл моделге сәкес сатып алу акты төрт фазадан өтеді. 1) тауардың маркасын білу; 2) ассими-ляция- тауардың сапасы туралы адресатқа мағлұмат; 4) әрекет жарнаманың мекен-жайымен сатып алу.

Қосымша Ә
Анкета
Жарнаманың адам санасына әсері.
Құрметті сауалнамаға қатысушылар! Сіздерден «жарнаманың адам санасына әсері» атты өзекті мәселеге өз қатынастарыңызды білдірулеріңізді өтінеміз. Анкета анонимді, аты-жөніңіз көрсетілмейді. Сауалнаманың нәтижесі ғылыми-практикалық мақсатта жалпылаған және жинақталған түрде қолданылатын болады.

Жынысыңыз:1.ЕрО 2.ӘйелО


1.Жарнама керек деп ойлайсызба?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
2.Жарнамадағы тауар сапасына сенеcіз бе?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
3.Тауар сатып алу кезінде жарнаманы ескересіз бе?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
4.Жарнама әсерінен сіздің айналадағыларға қатынасыңыз өзгереді ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
5.Сіздің көзқарасыңыз бойынша болашақта жарнама технологиясының дамуы, қандай әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін?
1.Экономика жағдайының жақсаруына
2.Мемлекет үшін қосымша табыс көзі
3.Адам тағдырына бәрібір
4.Мәдениеттің төмендеуі және құлдырауы
5.Адамның құлдырауына және кері кетуіне
6.Жарнаманы пайдаланушылардың көзқарасының кеңеюіне
7.Басқа нұсқа...............................................................................
8.Жауап беруге қиналамын
6. Тұлға ретінде адамға жарнама әсер етеді ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
7.Сіздің көзқарасыңыз бойынша бұл неге байланысты болуы мүмкін...................................
8.Сіз қалай ойлайсыз жарнама сіздің денсаулығыңызға және психикаңызға теріс әсер етеді ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
9.Күнде телебағдарлама және фильм көру сіздің қанша уақытыңызды алады?
1. 1-сағатқа дейін
2. 2-3сағат
3. 3-сағаттан көп
4. Мен теледидар мүлде көрмеймін
10.Жарнамаға сіз қалай қарайсыз?
1.Оң көзқараспен
2.Нейтральды бәрібір
3.Теріс
4. Жауап беруге қиналамын
11.Жарнама роликтері сізде қандайда бір эмоция тудырған кездері болды ма? (тітіркену, күлкі, еске алу)
1.Ия, өте жиі
2.Ия, кейде
3.Жоқ ешқашан
12.Көптеген жарнама роликтері немесе плакаттары сізде теріс реакция тудырады ма?
1.Ия, бәрі деп айтуға болады
2.Ия, көбісі
3.Жоқ көбісі ұнайды
4.Жауап беруге қиналамын
13.Жарнама адамға өмірдің стильін үйретеді
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
14.Әр канал арқылы жарнамадан қашып отырасыз ба?
1.Ия,әрқашан
2.Ия, кейде
3.Жоқ, маған жарнаманы да көру қызық
4.Жауап беруге қиналамын
15.Мына жарнама әкелушілер сізді қаншалықты тітіркендіреді 5 баллдық шкала бойынша бағалаңыз(1-мүлдем тітіркендірмейді, 5-өте күшті)
1.Газет
2.Журнал
3.Теледидар
4.Радио
5.Көшедегі жарнамалар
16.Тауар алу кезінде жарнама сізге бағдарлануға көмектеседі ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
17.Жарнама сізге жаңа тауарлар, күтім, технологиялар туралы білуге көмектеседі ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Жауап беруге қиналамын
18.Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдағанда, сізге жарнама қаншалықты күшті әсер етеді?
1.Мүлде әсер етпейді
2.Әсер етпейді деуге болады
3.Кішкене әсер етеді
4.Күшті әсер етеді
5.Әруақытта жарнамаға бағдарланамын
6.Жауап беруге қиналамын
19.Жарнамадан қандайда бір картина немесе фраза ойыңызға жиі келеді ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Еске түсіре алмай отырмын
20.Жасыңызды көрсетіңіз
1.15ден 17жас
2.18ден 25жас
3.26дан 47жас
4.48ден60жас
5.60тан жоғары
21.Біліміңіз:
1.Толық емес орташа
2.Орташа
3.Арнайы орташа
4.Толық емес жоғары және жоғары
22.Сіздің айналысатын ісіңіз(бұл сұраққа бір жауапты таңдаңыз дәл қазір кімсіз)
1.Техникалық жұмысшы
2.Мекемедегі жұмысшы
3.Интеллигенттер(мұғалім, дәрігер,ғылыми жұмысшы, журналист)
4.Кәсіпкер, бизнесмен
5.Студент
6.Зейнеткер
7.Әскери қызметкер
8.Қоғамдық тәртіптің күзетші органының қызметкері
9.Үй шаруасы
10.Жұмыссыз
11.Басқалар..................................................................................
Қызметтес болғаныңызға рахмет!

Қосымша Б


Сауалнама


«Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау»
сауалнамасы.

Құрметті сауалнамаға қатысушылар! «Жарнама шараларын қолдану динамикасы» анықтау сауалнамасына өз қатынастарыңызды білдірулеріңізді өтінеміз.


1.Теледидар арқылы жарнаманы көруді ұнатасыз ба?


А) Ия
Б) Жоқ
2.Газет оқығанда зейініңізді бірінші неге аударасыз?
А)Жарнама
Б) Ақпарат
3.Журналдағы жарнамада сізді көбінесе қай жағымен қызықтырады?
А)Көрнекілігі
Б)Мәліметі
4.Радио арқылы тыңдалған жарнаманың әсері тиімді ме?
А) Ия
Б) Жоқ
5.Көшедегі жарнамаға қалай қарайсыз?
А)Оң
Б)Теріс

Аты-жөніңіз:


Жас ерекшелігіңіз:

ФК-03-3к1 тобының студенті Абильдабекова Мөлдірдің «Жарнаманы қолданудың психологиялық аспектілері» деген тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысына


АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде жарнама психологиясының проблемасына қатысты ғылыми-аппарат бөлімі жинақталған.


Бірінші яғни теориялық бөлімінде жарнаманы қолданудың психологиялық тұжырымдамалары берілген. Сонымен қатар жарнама бейнелерінің қалыптасуындағы психикалық процестердің ролі және жарнамадағы мотивация психологиясы кеңінен талқыланады.
Екінші бөлімде жарнамалы шаралар психотехнологияларының қолданбалы мәселелері ондағы суггестивті психотехнологиялар, сонымен қатар жарнаманың адам психологиясына ықпалы жайлы сөз етіледі.
Үшінші бөлімде анықтаушы эксперимент көмегімен жарнаманың адам санасына әсері зерттелінуінің эксперименталды негізі қарастырылып, оның нәтижесі өңделген. Сонымен қатар жарнаманы беруде халықтың ұлттық-этникалық ерекшеліктерін саралап негіздейтін түйінді мәселелер қозғалады. Жарнаманы дұрыс қолдануға арналған практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.
Қорытынды бөлімінде бүкіл жұмыстарға тұжырымдамалы пікірлер келтірілген. Қосымшада әдістеме сұрақтары және кестелер бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бірқатар маңызды жоғары еңбектер қатарынан құралып, мәтіндегі ғылыми сілтемелер ретінде сай реттеліп берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет