Қыдыршаев indd


і бөлім. шешендіктану: теориясы және



Pdf көрінісі
бет2/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

і бөлім. шешендіктану: теориясы және 
практикасы
1.1. шешендіктану – ғылым саласы және оқу пәні
Адам атаулының қай-қайсысы да дұрыс та дәл, әрі шешен сөйлей 
білуді жете меңгеруге ынталы. Себебі бұл өзге адамдармен (отбасын
-
да, мектепте, қызметте, қоғамдық өмірде) жылы да жағымды қарым-
қатынас орнатуға және оны сақтауға мүмкіндік береді, әр түрлі са
-
лада жетістікке жетуге көмектеседі. Әшейінде мағынасы көмескі, 
тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнында, дәл мезетінде шебер де 
шынайы қолдана білсе, ол теңдесіз күшті құралға айналады. 
Біздің бір-біріміздің қарым-қатынасымыз сәтті болу үшін, тек 
қана тілді, оның грамматикасы мен сөздік қорын жақсы біліп қана 
қою жеткіліксіз. Әңгімелесушіңді қызықтыра отырып, оған әсер ету 
үшін, өз бағытыңызға икемдеп, баурап алу үшін, өзіңізге көңілі ауған, 
ұнататын адамдармен, тіпті өз қарсыластарыңызбен де сөйлесе білу 
үшін, ақырында шаршы топ алдында сөйлей білу үшін өз сөзіңізді 
орынды үйлестіре білу аса қажет. 
Егер де «сырт киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ойына қарай 
шығарып салуға» сүйенсек, мұнда адами қарым-қатынасқа алғашқы 
кезекте мән берілген, яғни сөз – ойдың «сырт киімі», ендеше оларды 
таңдап, іріктеп қолдануда қателеспеу маңыздырақ. Әрине, адамды 
тек оның сөзіне қарап бағалау жөн болмас еді, десек те, бір жағынан 
оның сөйлеген сөзін назарға ілмей, ескермей адамға баға беру дұрыс 
та емес. Бұл адам баласына ежелгі заманнан мәлім. Бұл орайда Сок-
рат: «Сөйлеп көріңіз, мен сіздің кім екеніңізді айтайын»,-деген. Жал
-
пы, сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық атау-
лы жоқ. Ал адам іс-әрекетінің кейбір салаларында ол аса қажетті. 
Мәселен, заңгер, мұғалім, агроном, әлеуметтік қызметкер, психо
-
лог, менеджер, саясаткер, діни уағыздаушы өз мамандықтарының 
шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жете меңгеруі тиіс. 
Себебі, оларға адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, яғни 
әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми жағдайда шар
-
шы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөз 
сөйлеу үшін, не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай 
айту керектігін білген жөн. Шешен өз сөзінің ерекшеліктерін көз ал
-
дына елестете білуі керек. Шешен мен тыңдаушыларға әсер ететін 
сандаған факторларды ескеру дұрыс. Сөйлеу техникасын меңгеруі 
тиіс.
Шаршы топ алдында сөз сөйлеуге даярланушы әрбір адамның 
алдынан міндетті түрде бір шоғыр мәселе бас көтереді. Алғашқы ке
-
зекте сөз сөйлеудің мақсатына орай 
«Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға 
не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?»
секілді сауалдар 
туындайды. 
Сондай-ақ сөйленер сөздің сыртқы «техникалық» жағын 
айқындайтын 
«Қалай дұрыс айту керек?», «Қалай түсінікті айту 
керек?» «Қалай қызықты айту керек?», «Қалай сендіре сөйлеу ке
-
рек?»
сияқты сұрақтарға жауап бере алатындай болу керек. 
осы орайда аудиторияға көздеген межеде әсер ету мақсатында 
шаршы топ алдында сөйлеуге әзірлену және сөйлеу заңдылықтары 
туралы ғылым саласы 
шешендіктанудың
көмекке келуі тән. Баса ай
-
тарымыз, бұл ауызекі сөздің күшімен белгілі бір ақпаратты жеткізу 
амалдары туралы жай ғылым саласы ғана емес, сонымен қоса сөзді 
өзге адамдарға әсер ету құралына айналдырушы, сөйленген сөздің 
сенімділігін, әсер етушілік қалпын қамтамасыз етуші заңдылықтар 
мен ережелердің шоғыры да. 
Шешендіктанудың ғылым және оқу пәні ретінде дамуы мың-
даған жылдарды қамтиды. Әрбір кезеңге сәйкесті оның мазмұны 
да әрқилы. ол әдебиеттің ерекше жанры есебінде де, сөйлеу шебер-
лігінің белгілі бір түрі (жазбаша және ауызша) есебінде де, ауызша 
сөйлеу ғылымы әрі өнері ретінде де қарастырылады. 
Қазіргі таңдағы зерттеу еңбектерде шешендіктану кешенді 
пән ретінде қарастырылып, құрамына тілдік қарым-қатынастың 
(тілдік коммуникация) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, 
физиологиялық, көркем әдеби және тағы басқа аспектілерін 
қамтиды. 
Бұл ғылым саласының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет