Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет1/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев



1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының 
ғылыми еңбектерінің сериясы / Филология
А.С. ҚыдыршАев
шешендіктАнУ: 
теорияСы және прАктикАСы
орал, 2012


2
3
Удк 82.085
ББк 83.7 
к 97
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (Хаттама №3, 
29.10.2012 жыл)
пікір жазғандар:
тайжанов А.т.,
философия ғылымдарының докторы, профессор
негимов С.,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Құрманова н.ж.,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қыдыршаев А.С.
к97 шешендіктану: теориясы және практикасы. 
Шешендік 
өнерді жаңадан бастап игеруші жас мамандарға және жоғары оқу 
орны студенттеріне арналған оқу құралы. – орал: М. Өтемісов 
атындағы БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2012. – 230 бет.
оқу құралда шешендіктану (риторика) негіздері баяндала
-
ды. оқу құралы шешендік өнерді жаңадан бастап игеруші жас 
мамандарға және жоғары оқу орны студенттеріне арналған. оқулық 
мақсаты - шаршы топ алдында ауызша сөйлеуге баулитын сан тарау 
әдебиеттердің ішінен белгілі бір дәрежеде өзіндік жол сілтеуші, жүйелі 
бағыт-бағдар беруші рөлін атқару, шешендіктану ілімінің басты 
теориялық мәселелері бойынша шәкірт атаулының жинақы да нақты 
көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ бұл орайдағы мәселелердің 
машықтық қалтарыстарын көбірек аңғарту, сөйлеуге даярлау барысы 
мен көпшілік алдында сөз сөйлеуге бағыт-бағдар сілтеу, кеңес беру.
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ред. баспа орталығы, 2012. 
к і р і С п е
Сөз сөйлеу құдіретіне ие болу — адамның жер бетіндегі тіршілік 
атаулының бәрінен де жоғары сатыда екендігін танытатын, адамды 
адам етіп тұрған адамзат баласының ұлы қабілеттерінің бірі. Тілсіз, 
сөзсіз, сөз сөйлеу дағдысынсыз адам өмірін көз алдымызға елес-
тету мүмкін емес, оларсыз адам ғұмыры мағынасыз. Сөз — адам
-
дар арасындағы қарым-қатынас құралы, ақпарат алмасу тәсілі, өзге 
адамның санасына және әрбір қадамына, әрекетіне әсер ету құралы. 
Сөзді орынды қолдана, құбылта білу өте жоғары бағаланады. Бұл 
сияқты қабілет-адамның жалпы мәдениетінің, білімділігінің құрамды 
бөлігі.. Бүгінгі таңда зиялы адамның сүреңсіз де сөлекет сөйлеуі, яғни 
шешен сөйлеу мәдениетінің төмендігі адам баласының оқи және жаза 
білмеуі сияқты ыңғайсыз көрінуі тиіс, ал білім беру мен тәрбиелеу 
ісін толық жүзеге асыруды шешендіксіз көзге елестету қиын.
Сөз қоғам дамуының ағымын аңғартады және ілгері даму 
үдерісіне мүмкіндіктер туғызады. Сөз адамдардың санасы мен еркіне 
бірден-бір әсер ететін, оларға білім беретін, сенімін қалыптастыратын, 
азаматтарды нақты әрекеттерге жұмылдыратын өте күшті қарудың 
рөлін атқарады.
Өте ежелгі дәуірлерден бері адам баласы жанды сөздің әсер 
ету құпиясының сыры неде екенін (бұл туа біткен қасиет пе, әлде 
ұзақ уақыт тер төге оқудың, өз бетімен білім алудың нәтижесі 
ме?) танып-білуге ұмтылуда. осы және өзге де сұрақтарға жа-
уапты шешендіктану (риторика) ғылымы - «сөйлеу сәтінде ойды 
дәл аңғарту, сөзді орынды орналастыру және мезетте тауып айту» 
заңдары туралы ерекше ілім жауап береді. Ежелгі дәуірде аталмыш 
ғылым беделі, оның қоғам мен мемлекет өміріне әсері өте жоғары 
болған, сол себептен де риториканы «ақылға жетекшілік жасайтын 
өнер» (Платон) ретінде атап, әскери басшылық, эпос және музыка 
өнерімен қатар қойған. осы тұста аталмыш ғылымның «шешендік 
өнер» деген екінші атауы да дүниеге келген. 
Шешендіктанудың алғашқы ғылыми талдамасының авторы 
ежелгі дәуірдің ұлы ойшылы Аристотель риториканы «әрбір нақты 
пәнге қатысты сендірудің мүмкін болар амалдарын табу қабілеттілігін 
туғызар» ілім ретінде анықтайды. Бұл арадағы басты сөйлеу 
мәселесіндегі орталық назар аударар тұс - оның сендіру құралы 
екендігі. Барлық кезеңдегі ғалымдар мен шешендерді (бұған біздің 


4
5
кезең де енеді) тап осы мәселе толғандырып келді, әлі де ойланды
-
рады. Шешен алға қойған мақсатқа қалай жетуге болады? Аудитория 
назарын қалай өзіңе аударуға, баурап алуға болады? Қалайша сөйлеу 
бірден-бір әсерлі болмақ? Шаршы топ алдында ауызша сөйлеудегі 
сендірудің құпиясы неде? Үздік шешендік сөздің жетістігі немен 
өлшенеді? Мүмкін болар сендіру амалдарының бірден-бір тиімдісі 
деп қайсыларын атауға болады?
Бұл сияқты сауалдарға жауап табу, әсіресе, шешендік өнерді 
жаңадан бастап үйренушіге оңай шаруа емес. ондай адамға шешен-
діктанудың тарихы мен теориясын терең оқып-үйренуден, ауызша 
сөйлеудің атақты шеберлері мен ғалымдарының еңбектерімен та
-
нысудан алшақ кетуге, өзімен жүргізілетін салмақты тәжірибелік 
жұмыстарға мән бермеуге, сырт қарауға әсте болмайды.
Ұсынылып отырған оқу құралы шешендік өнерді жаңадан бас-
тап игерушілерге – жоғары оқу орындарының студенттеріне, жас 
мамандарға арналған. оқулық мақсаты - шаршы топ алдында ауыз
-
ша сөйлеуге баулитын сан тарау әдебиеттердің ішінен белгілі бір 
дәрежеде өзіндік жол сілтеуші, жүйелі бағыт-бағдар беруші рөлін 
атқару, шешендіктану ілімінің басты теориялық мәселелері бойын
-
ша шәкірт атаулының жинақы да нақты көзқарасын қалыптастыру, 
сондай-ақ бұл орайдағы мәселелердің машықтық қалтарыстарын 
көбірек аңғарту, сөйлеуге даярлау барысы мен көпшілік алдында сөз 
сөйлеуге бағыт-бағдар сілтеу, кеңес беру.
оқулық шешендіктану негіздері бойынша өрілген лекцияның 
қысқа конспектісі іспеттес құрылып, соңында шәкіртке аса қажетті 
білік-дағдыларды жинақтап, бекітуге жәрдемдесетін, өзін-өзі тек
-
серуге арналған сұрақтар, машықтық тапсырмалар мен жаттығулар 
берілген. 
Сондай-ақ, әрбір лектор-маман үшін тыңдаушы қауымға әсер ете 
отырып, оларды сендіре білу дағдысының болуы абзал. осы тұрғылас 
дағдыларды игеру үшін шешендік өнердің теориясы мен практикасын 
оқып-үйрену міндетті. Жарқын да ашық, бейнелі де тартымды сөйлеуге 
үйренуге, өзіндік сөйлеу стилін қалыптастыруға, ішкі табиғи қалып, 
ерекшелік және икемділіктерді ескере отырып, өзіндік сенімділікті 
қоюлатуға ұмтылу аса қажет. Белгілі бір ой ұшығын тыңдармандарға 
жеткізе отырып, олардың бойында қажетті әсер қалдыру үшін ерік 
күші, темперамент және тер төге еңбек ету керек-ақ.
Тақырыпқа сай лекция оқу шешеннен психологиялық әзірлік 
пен алдын-ала жаттығуды талап етері даусыз. Егер де лектор-маман 
сөйлеуге тиісті тақырыбына қатыссыз барлық қам-қарекеттер мен 
қажетсіз ойлардан арыла білсе, алға қойған мақсатты межеге тез жетері 
анық. Тек осындай қалыпта ғана ол аудиторияға әсер етіп, көпшілікті 
өзіндік көзқарасының дұрыстығына иландыра алады. Өкінішке орай, 
көпшілік жағдайда лекторлар легі не айтарын жақсы біле тұрса да, 
өз ой-түйіндерін тыңдаушыларына дәл де дөп жеткізе білмейді. Бас-
ты себеп - сөйлеушінің әдістемелік жағынан әзірлігінің кемшіндігі, 
тыңдаушылардың қабылдау ерекшеліктерімен таныс еместігі, аудито
-
риямен қарым-қатынас дағдыларын игермегендігі.
Ұсынылып отырған оқу құралының II бөлімінде келтірілген ой-
тұжырымдар тізілген басылымдар көптен жарық көрмегені өз алды
-
на, қазақ тілінде бұл орайлас жинақ жоққа тән, өте сирек. Сондай-
ақ, жас лектор-мамандарды атақты шешен, қоғам қайраткерлері мен 
ғалымдардың айтқан пікір-түйіндерімен, халық даналығымен таныс-
тыру - өте керекті де зәру іс. Аталмыш оқу құралы осы мақсатты да 
көздеген. Мәселен, жоғарғы пікірімізді негіздей айтсақ, көпшілік 
алдында сөйлеу өнерінің теориясы мен тәжірибесі негіздерін 
меңгерудегі алғашқы сан тарау жұмыстарының басы сөз сиқыры, тіл 
құдіреті, сөйлеу мәдениеті, шешендік шиырлары туралы қоғамдық-
саяси қайраткерлердің, дүлдүл шешендердің түйін-тұжырымдарымен 
және осы бағыттағы шығыс, еуропа мақал-мәтелдерімен, ақыл-
нақылдарымен танысудан басталуы аса пайдалы. Еңбекте шешендік 
өнердің ғылым екендігі, шешендік сөздің стилі туралы, сөз тазалығы 
мен түсініктілігі, сөйленген сөздің тыңдаушы сезіміне әсер етуі, 
шешендік сөз, сөз сөйлеу құрылымы, сөз мәнерлілігі, сөз жандылығы, 
сөйлеу орындылығы, дыбыстау заңдылығы, шешен жүзі, дауы
-
сы, қимылы сияқты т.б. мәселелер хақында қысқа да нұсқа түрде 
практикалық кеңестер берілген.
Еңбекте шешендік өнердің тұңғиығына терең бойлау мақсатында 
іріктеліп ұсынылған әдебиеттерге қоса, жүйелі түрде назар аударуға 
қажетті, әсіресе, белгілі бір арнайы ұғымның мән-ерекшелігімен 
тереңірек танысу қажеттігі туған жағдайда пайдалануға боларлық 
сөздік пен анықтағыштардың тізімі қоса енгізілген. 
Жинақтай айтсақ, бұл сияқты оқу құралының бүгінгі таңда 
шәкірт атаулыға да, лектор-мамандарға да, жалпы жұртшылыққа да 
өте қажеттігі дәлелдеуді керек етпес деп ойлаймыз.


6
7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет