1.3. шешен сөйлеудің логикасы Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын
кешенді пән. Шешендік өнерді игеру барысында шешен сөйлеудің
логикалық аспектілері өз алдына бір бөлек мәселе. Сондай-ақ бы
-
лайша жіктеп, тармақтау тым шартты да. Себебі сөз өнерінің барлық
элементтері бір-бірімен өте тығыз байланысты. Шешен сөйлей білудің
логикалық аспектілерін психологиялық аспектілерден бөле-жара
қарау адам псикасының рациональды, эмоциональды арналарының
бір-біріне қатыссыздығын білдірмейді. Жалпы шаршы топ алдын
-
да ауызша сөйлеу өзіндік эмоциональдығымен, көркемділігімен
қызықтырары даусыз. Солай десек те, сөзді логикалық тұрғыда
ұйымдастыруға арқа сүйенілмесе, ойлаған мақсатқа сай келмесі де
ақиқат. Сөйленген сөзде логиканың болмауын психологиялық амал
-
дармен де, тілдің бейнелілігімен де, дауыс мәнерлілігімен де алма
-
стыру мүмкін емес.
Кез келген сөйленген сөздің тиімділігі, жандылығы алғашқы
кезекте оның мазмұндылығымен анықталары сөзсіз. М.Т.Цицеронға
сүйенсек, сөйленер сөзде тек негізгі нысан ғана толық әрі жан-
жақты қозғалысқа түсіп, жарқырай гүлдене алмақ. Егер де сөйленер
сөздің тұғыры шешен жіті танып білген, мұқият меңгерген мазмұнға
негізделмесе, онда оның негізгі нысанды сөзбен бейнелеуі бос
мылжыңдық болып танылмақ [3,44].
Алайда бір ғана мазмұндылық жағы әлі жеткіліксіз. Бұл ретте:
сөз нысаны бірізділікпен өріле баяндалуы тиіс;
жекелеген бөлімдері бір-біріне қарсы келмеуі тиіс;
басты ой нақты айғақтардың көмегімен дәлелденуі тиіс.
Шешен әзірлік мезетінен бастап төмендегі сауалдарға ойлануы
тиіс: 1) өз ойын түсінікті етіп қалай жүйелеу керектігі; 2 ) сөз мате
-
риалдарын қандай үлгіде орналастыруға болатындығы; 3) деректер
мен айғақтарды қалай қолдану қажеттілігі.
Классикалық риторикаларда бұл «ойлап табу», «орналастыру»
кезеңдеріне сәйкес келеді. Ал қазір бұл орайда көбіне-көп «сөйлеуді
логикалық тұрғыдан ұйымдастыру» термині қолданылады. де
-
мек, сөз сөйлеудің сәтті болуы осы арадан басталмақ. Ендеше,
шешеннің логикалық мәдениетінің маңызы ерекше. Бұл ұғым
арқылы сөйлеу сәтінде шешен ойланысының алуан сапалық
белгілері танылады. олардың қатарына: 1) басты идеяның мазмұнын
түсінікті, екі ойлылықтан аулақ қалыпта анық ұсынуын; 2) талдау
-
да қарама-қайшылықтың болмауын; 3) бір ойдан екінші ойға ауы
-
суда бірізділіктің болуын; 4) айғақтарға сүйене дәлелді баяндауын
қосамыз.
Бұл арада баса ескерілер тұс - осы сапалық белгілерді /сөздің
анықтығы; қайшылықсыздығы; бірізділігі; негізділігі; дәлелділігі/
логиканың заңдарын /тепе-теңдік; қарама-қайшылық; жоққа шығару;
жеткілікті негіздеу заңы/ қолдану арқылы қамтамасыз ету мәселесі
/4-сызба/. Келесі мәселе – сөз сөйлеудегі шешен іс-әрекетінің түрлі
кезеңдеріне сәйкесті логика ілімінің қояр талаптары. Шешен сөйлер
сөзінің нысанын, негізгі мәселесін анықтағаннан кейін, оның
түсініктілігі, мәнерлілігі, қысқалылығы сияқты талаптар ескеріледі.
Сөз сөйлеудің бірізділігін және қарама-қайшылықсыз болу
-
ын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде сөйленер сөздің жоспарын
мұқият ойлану керек, оның композициясын қадағалай шегелеу артық
емес.