Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет21/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Сұрақтар мен тапсырмалар
Шешен сөзінде логика қандай функция атқарады?
1. 
Сөйленер сөз құрылымы /композиция/ мен жоспарының 
2. 
айырмашылығы неде?
Шешен сөзінің басталуы мен қорытындысына қандай басты 
3. 
талаптар қойылады?
Шешен сөзінің негізгі бөлімін жүзеге асыруда қандай 
4. 
заңдылықтар сақталуы тиіс?
Күнделікті сөйлеу сәтінде ұшырасып отыратын логикалық 
5. 
қателіктерге бір-екі мысал келтіріңіз.
Шаршы топ алды сөйлеу сәтінде дәйексөзді ұтымды қолдану 
6. 
ережесін өз бетіңізше жүйелеп көріңіз.
1.4. шешеннің сөйлеу мәдениеті
Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ой
-
лары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы аудитория үшін 
дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында 
шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті оның ойын 
ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір 
айқын да жарқын сөздерді екшеп ала білу білігімен бөлінбес бір 
тұтастықта болып келеді. Бұл білік-дағдының мән-мағынасының өте 
жоғарылығы – көбіне шешен шеберлігін оның тіл мәдениетімен бай
-
ланыстыра қарастыруда. Ал оның ішінде алғашқы орынға сөз сөйлеу 
дұрыстығын қоямыз. дегенмен аудиторияның назарын аударту үшін, 
тыңдаушының көзін жеткізу, сендіру үшін, жай ғана сөз дұрыстығы 
жеткіліксіз. “дұрыс сөйлеу” және “дәл сөйлеу” ұғымдары өзара 
байланысты болғанмен де, мағынасы мен көлемі жағынан сәйкесті 
емес. демек, сөзді “дәл қолдану” мен “дұрыс қолдану”дегеніміз 
мәндес емес. Мәселен, “Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық тасытар 
адам баласын” десек те, дұрыс, бірақ ол “Тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық аздырар адам баласын” дегендей дәл емес. Себебі соңғыдағы 
белгіленген сөздер мағынасы, әсіресе, өлең үшін аса қажетті дыбыс 
әуезділігі жақтарынан алдыңғыға қарағанда әлдеқайда сәйкесімді. 
Бұдан, алдымен, “дұрыс” пен “дәл” мағыналарының бір еместігіне 
көзіміз жетсе, екіншіден, сөзді дұрыс жұмсай білу дәлдікке 
қанаттас, оған жету жолындағы алғы шарт сияқты. Сөзді дұрыс 
қолдана білмеген жерде дәлдік жоқ. Ал дұрыс, дәл сөйлеу үшін 
сөздің мағынасын, орнын, стильдік иірімдерін жақсы білумен қатар, 
бай лексика, тілдік тәсілдерге жетіктік, өмірді жан-жақты білу, ой 
қуаттылығы қажеттілігі сөзсіз. 
Сөйлеу мәдениеті мәселесінде ауызша сөйлеу стилі, сөз сөйлеу 
тілінің негізгі талаптарын сақтау және сөйленер сөздің мәнерлілігін 
арттырар құралдарды қолдану сияқты үш аспектіні бөле-жара атауы
-
мыз қажет. 
Қашан да халықтың тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін артты
-
ру мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Қай саланың қызметкерлері 
болмасын, тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің жоғары бо
-
луы маманның биік талғамына да байланысты. Үгіт-насихат 
жұмыстарында болсын, халыққа әдебиет, өнер арқылы эстетикалық 
тәрбие беру жұмысында болсын, әрбір маман қызметкерлердің 
айтқандары мен жазғандары тіл жағынан да мүлтіксіз болуы тиіс.
М.Балақаев: “Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір 
құрал ретінде ұстарта білу – үлкен өнер. Әрбір мәдениетті кісі сол 
өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады”, – деп жаза
-
ды [16,4].
Тіл – мәдениеттің елеулі формасы. Ғалымдардың пікірінше, тіл 
мәдениеті деген ұғым тілдің мәдениетке қатысты екенін аңғартпайды, 
тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дәрежесінің қандай 
екенін меңзейді. Сол себептен де сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың 
өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттік тіл мәдениетіне 
енеді. Мақсат – сол мәдениетті дамыту, сол үшін күресу. 
Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті үшін күрес – тіл тазалығы, ой 
дәлдігі үшін күрес те. 


50
51
М.Балақаев: «Жаңа өмір мүддесіне қызмет ететін қазақ тілінің 
жеңімпаздық күшін арттыру үшін біз әлі де оның мәдениетін биік 
сатыға көтеріп, әдеби тілді шыңдай түсуіміз керек. Сол үшін әдеби 
тілге биік талғам талабы қойылады. олар өзінен-өзі бола бермейді, 
ол жайында сол құралды жұмсаушы қауымның барынша ұқыпты, әрі 
жаны ашырлық ғылыми негіздегі іс-әрекеті болуға тиіс. Өз өміріне 
өзі қожалық ететін адам өз тілінің де өміріне ықпалын тигізіп, оны 
дамыта түсудің қамқоршысы бола алады»,- дей келе, - «өз тіліміздің 
өзекті мәселелерін шешудің орнына, қол қусырып отырмай, тілді са
-
налы түрде жетілдіру, ширақ ету әрекеті болу керек-ақ»,- деп жазды 
[16,4].
Баспасөзге жүктелер аса жауапты міндеттің бірі – халықты 
тіл мәдениетіне үйрету. Қазақ баспасөзінің бұл саладағы рөлін 
жоғары бағалауымыз керек. дегенмен, баспасөз бетінде де, жеке 
кісілердің сөзінде, жазуында да тіл мүкістігі, тіл мәдениетінің 
ақауы байқалмайды емес. Сол себептен де тіл орашолақтығы бара-
бара «тіл ауруына» айналмауы үшін, сөйлеуде, жазуда кездесетін 
кемшіліктерді дер кезінде қоғам тезіне салып отыру артық емес. 
Бүгінде де мәдениетті кісілер тосырқап қарайтын, әдеби тілдің 
қалыптаса түсуіне, тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер 
жоқ емес /орфографиялық, орфоэпиялық, стильдік қателер/. Мәселен, 
таратып айтар болсақ, 
біріншіден,
кітаптарда, газет-журналдарда 
сөздерді қате жазу жиі кездеседі; біріккен, дублет сөздерді жа
-
зуда бірізділік жоқтығы, оларды жөнге салатын орфографиялық 
сөздіктердің де кемшілігі байқалады. 
Екіншіден,
сөздердің айтылу 
нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу талабы ескерілмей, әлі де 
елеусіз қалып келеді. Сол себептен де сөздердің айтылуында ала-
құлалық күштірек. Бір өкініштісі, бұл кемшіліктерді жоюға онша 
мән берілмейтіндігі. Бұл кемшіліктен арылу үшін әрбір сөздің дұрыс 
айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің талаптарының 
бірі етіп қою керек. 
Үшіншіден,
кітап, газет-журнал беттерінде 
кейде білместіктен стильдік қателер көптеп жіберіледі. Кейде 
ұқыпсыздықтан сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестірмеу, 
сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмаушылық т.б. сияқты. Сөзсіз, 
бұлар сауатсыздықтың белгісі екені анық. Бұл орайда, М.Балақаев: 
«Тілде бар мыңдаған сөздерден дәл ойға лайық сөз талғап, оны басқа 
сөздермен тіркестіріп, сөйлемді дұрыс құру оңай жұмыс емес. Кісі 
оқу, үйрену, жаттығу арқылы ойын емін-еркін, әрі дұрыс жазуға 
төселеді. Соның өзінде құнтты, ұқыпты болу керек»,-дейді [16,6].
Ана тілі туралы сөз қашан да бөлек. Өзге сөзді былай қойғанда, 
ана тілі – мәдени өрлеудің аса зор қозғаушысы. Ана сүтімен еніп, 
миға сіңген сол тіл - есейген адамның саналы өмірінің аса керекті 
рухани байлығы, адамның адамдық белгілерінің бірі. Адам баласы 
атаулы білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алып, мәдениетті, өнерді, 
ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренетіні ақиқат. Тағы да жоғары 
аталған ғалымға жүгіне айтсақ, «Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, 
ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың 
ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары 
сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, 
әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып отырады» [16,8].
Тілді сол тілде сөйлеуші халық жасайтынын ескере айтсақ, 
халық тілінің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тілді сөйлеу 
тілінен мүлде оқшау тұрған өзгеше тіл деп тану дұрыс болмайды. 
Ең алдымен
, әдеби тіл-жазба тіл. Әдеби тіл жазу арқылы, әдеби 
мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің
байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасады. дегенмен де 
қағазға, тасқа жазылғанның бәрін, баспаға басылғанның бәрін әдеби 
тілдің үлгісі деуге де болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет