Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет62/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Пұтқа табынушылықтан бас тарту
Пұтқа табынушылық байқалмай, нәзік қалыпқа енуі мүмкін. Бір күні Құдай сізді әлденеге немесе әлдекімге жалған сенім артудан азат етіп күйініш пен азап жолынан өткізіп жатқанын анықтау үшін, пұтқа табынушы болудың қажеті жоқ.

Бірде мен үйдегі фотоаппаратурамның бәрінен құтылдым. Алдымен оны ломбардқа апардым, ал сосын оны түгел сатып жібердім. Мен суретке түсіруді жақсы көремін. Көп жылдар бойы ақшамды қымбат камера мен әр түрлі фототехникаға салдым. Бір күні біздің қауымда шешілуіне қосымша қаржы қажет болған мәселе туындады. Сол себепті мен өзім үшін қымбат аппаратты құрбан еттім.

Бұл оңай болмады. Осы құрбандыққа іштей қаншалықты дайын болсам да, мен өзімнің құрал-жабдықтарымды фототауар дүкеніне апарып, содан кейін ақшаны қауымға беру – өте қиын болды. Бірақ менің ішімде бір нәрсе күйреді. Қолымнан өзім үшін қымбат осы заттарды шығарған кезде, жан дүниемнің жеңілдеп қалғанын байқадым. Құдайдың өзімдегі әрекетін сездім. Ол менің дарынымды тек қауымда пайда болған мәселені шешу үшін ғана емес, менің мәселемді шешу үшін де пайдаланды. Құдай менің алақанымды ашып, уысымда қысып ұстаған, мен үшін маңызды көрінетін материалдық нысанды алды.

Бірақ мен өзімнің «асылымды» беріп, материалдық заттарға жаңаша қарай бастаған кезде, Құдай кереметпен Өзіне ғана мәлім түрде күллі аппаратураны қайтарып берді. Бір күні екі ай өткенде, менің есігімді біреу қақты. Есікті ашқан кезде, екі қолына екі сөмке ұстаған бір әйелді көрдім. Ол: «Сіз доктор Стенлисіз бе?» – деп сұрады. Мен оған жауап берген кезімде, ол сөмкені еденге қойды да, бұрылып кетіп қалды. Оларды ашып, ішінен өзімнің барлық фотоаппаратурамды көрдім. Фототауар дүкеніне телефон соғып едім, оның иесі: «Иә, сіздің құралдарыңызды өзінің атын атамауды сұраған бір адам сатып алып, сіздің үйіңізге апаруды өтінді», – деді. Фотокамера мен жабдықтардың бәрі белгісіз адамның сыйлығы емес екенін түсіндім. Бұл – Құдайдың сыйлығы еді.

Осыған ұқсас оқиғаларды басқа адамдардың өмірлерінен де байқадым. Біз Құдайға мойынсұнудан маңыздырақ және бағалырақ нәрселерден бас тартқан кезде, Ол оның орнына құндырақ, әрі пайдалырақ нәрсе береді. Кейде Құдай Өзіне бергенімізді қайтарып береді. Ал кейде Ол басқа нәрсе береді. Ал бұл басқа нәрсе әрдайым алдыңғыдан гөрі жақсы болады.

Дәл сол қағида адамдардың арасындағы қарым-қатынаста да әрекет етеді. Мысалы, Құдай жас жігітке осы қызға ғашық болуды тоқтату керек деді немесе қызға дәл осы жігітке тұрмысқа шықпауды түсіндірді. Мұны көтеру оңай емес. Адамдар мұндай жағдайда махаббатын жоғалтудан қатты қиналады. Алайда өз еркін Құдайдың еркіне бағындырып, шынымен қарым-қатынасты доғарса, Құдай сол адамға жоғалтқаннан гөрі әлдеқайда артық нәрсе береді.

Жаңа қарым-қатынаста Құдай басты орында болады. Осылай артықшылықтар дұрыс ретке бағындырылады. Кейде Құдай Өзі үшін қалдырған адамды қайтарады. Әлдебіреуге Құдай некеге отырмай, жалғыз өмір сүруді бұйырады. Сөйтіп сол өмір осы адам үшін тамаша болады. Ең бастысы, біздің қарым-қатынасымызда бірінші орында Құдайға деген сүйіспеншілік тұру керек. Бізді күйрете отырып, Құдайдың қалайтыны, міне, осы.

Менің фотокамерама келер болсақ, оны тек жүрегімде ғана сақтау үшін дүкенге апарар едім. Фотоаппаратурадан айырылуға тура келетінін ойлап, көңілім бұзылар еді. Оны қалай қайтарып алатынымды ойлап, өзімді жеп қояр ма едім. Алайда бұл менің Құдайға еш нәрсе бермегенімді білдірер еді. Мұндай қорытынды өзіндегі бағалы материалдық немесе рухани нәрседен саналы түрде бас тартқан кез келген адамға қатысты әділетті болады. Құдайдың сөзі бойынша сіз әлдебір жанмен немесе бір нәрсемен қоштаса аласыз, бірақ сол нәрсені жүрегіңізден жұлып ала алмайсыз. Сіздің көңіліңіз түсіп, өзіңізді жегідей жерсіз. Одан айырылғаныңызға жылдар бойы күрсінерсіз. Бірақ Құдай сізден бас тартуды сұраса, бас тартыңыз. Шын жүрегіңізбен бас тартыңыз.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет