Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдайдың құзырынан біздегі болатын сыртқы жеміс



бет65/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Құдайдың құзырынан біздегі болатын сыртқы жеміс
Көптеген мәселелер өздері әкелуге тиісті сыртқы жемістер «қауым қызметі» деп аталатын қызметте білінеді деп сенеді. Мәсіхшілік өмір олар үшін, Құдайға арналған қызметке қатысу, Киелі кітап оқу, мінажат ету, қауымның іс-шараларына қатысу, сондай-ақ әр түрлі елшілік қоғамдар мен мәсіхшілік ұйымдардың мүшесі болу.

Күйреуді бастан кешіре отырып, біз Мәсіх туралы жемісті куәлік ете бастаймыз. Біз әкелуге тиісті сыртқы жемістер Оның шындығын жариялау және жолымызда кездескендердің бәріне көмектесу болып табылады. Біз Оның сүйіспеншілігі мен күші туралы куәлік етуге шақырылғанбыз:


«Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге дарқан әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін»(1Тім.6:18).
«Қайта, жүректеріңнен Мәсіхке қасиетті Иеміз деп ерекше орын беріңдер! Сендер ұстанған үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер» (1Пет.3:15).
Мінажат ету, Киелі кітап оқып, оны зерттеу, қауымға үнемі барудың негізгі мақсаты– бізден көмек талап ететін кезде не айтып, не істеу керектігін түсінуіміз. Сынақтан өтіп жатқан сәтте ойлануға уақыт аз. Осы аталған «мәсіхшілік білім» бізді мәсіхші ете алмайды. Ол бізді Киелі Рух Мәсіхтің Денесінде бір-бірімізге қызмет етуге және біздің өмірімізден көз алмай бақылап тұрған сенбеуші адамдарға Мәсіх туралы куәлік етуге жетелейтін мағыналы өмірге дайындайды.

Өткен тарауда айтылғандай, Тәңір бізді белгілі бір қызметке шақырады. Ол бізге дарындар беріп, қызметке дайындайды. Бірақ біз күн сайын қабылдайтын барлық істеріміз бен шешімдерімізде Киелі Рухтың жетегінде болуымыз керек. Біз Оның жетегіне барлық істеріміз бен жоспарларымызда сенім артуымыз қажет. Күйреудің мақсаты – біздің бір ғана нәрсені – біздің өміріміз енді өзімізге тиесілі емес дегенді сезінуіміз. Біздің өміріміз Мәсіхке тиесілі. Біз Ол қалағандай өмір сүруіміз керек.

Күйреудің арқасында біз өз еркімізді Құдайдың еркіне бағындырып, біз арқылы Құдайдың әрекет етуіне жол берген кезде ғана, қызметіміздің тиімді болатынын түсінеміз. Құдайға өмірімізді қоқыстан арылтуға мүмкіндікті неғұрлым көп берсек, соғұрлым көбірек жеміс те әкеле аламыз.

Егер сіз жүзімдік туралы білетін болсаңыз, оның бұтағын әр жылы кесіп отыру керектігін естіген боларсыз. Ескі қурап қалған бұталар қиылады. Жеміс әкелмейтін қысқы уақытта бұтақтарды кесу үрдісі аяусыз сияқты көрінеді, бірақ көктемде жаңа өскіндер пайда болғанда оның мақсаты айқын болады. Осылайша тазарған бұталар көбірек жеміс береді. Нәрлендіретін шырындар тамырдан жеміс беруге қабілетті бұтақтарға барады. Қиылған соң қалған осы бұтақтар «жеміс беруші» деп аталады.

Осындай тазару үрдісін бізде Киелі Рух іске асырады. Біздің күнәларымыз бен кемшіліктеріміз бізден алынып тасталған сайын, бұдан да үлкен істерге қабілетті бола түсеміз. Құдай бізді тазарта бастаған алғашқы уақытқа қарағанда, жақындарымызға көбірек және жақсырақ қызмет ете аламыз.

Мысалы, адам от ауызды, орақ тілді болып туа біткен дарын қабілеттерімен ерекшеленер. Сол азамат немесе әйел қызуқанды тұлға, әрі әдемі мәнерге ие жан болуы ықтимал. Бірақ егер Құдай осы қабілетті адамның жүрегінде ең басты орында болмаса, онда оның шешендігі мен мәнерінде алдамшылық, өтірік пен өзімшілдік байқалады. Біз өзімізді толықтай Құдайға арнаған кезде ғана біздің табиғи қабілетіміз шынымен гүлденіп, мойындауға ие болады. Көп жеміс әкелу үшін біз күйінішті бастан кешіруді қалауға тиіспіз.

Құдай сіз үшін дайындап қойған жақсы нәрсені шынымен иеленгіңіз келе ме? Құдай сізге тілейтін нәрсені шынымен қалайсыз ба?

Құдайдың батасын алуға шынымен тырысасыз ба?

Жақындарыңызға қызмет етуде жаңаруға, Иса Мәсіхтің бейнесіне ұқсап өзгеруге және жаңа күш-қуатты иемденуге жол күйреу арқылы жүреді. Құдайда басқа жол жоқ. Күйреу – бұл Оның жарылқауға апаратын жолы.

Бүгін Құдайға өз жүрегіңізде бастаған жұмысын аяқтауға жол беріңіз. Сізге үйретіп жатқан шындықтарын қабылдаңыз. Өз еркіңізді Оған бағындырыңыз. Сонда сіз Құдайдың өзіңізге не дайындағанын көресіз.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет