Презентация Тақырыбы: Аспан әлемі туралы мифтік әңгімелер желісі



Дата13.02.2022
өлшемі469,42 Kb.
#131629
түріПрезентация
Байланысты:
10 ОСӨЖ Айтқалиқызы Жаңылсын 101-қф
cc764070-6bcb-46c9-aaf3-c2921b8ba37a, 1 СӨЖ Айтқалиқызы Жаңылсын Қф-101, Жаңа 2022 жылға арналған мерекелік сценарий, Сценарийлер, МӘНЖАЗБА

Презентация
Тақырыбы:Аспан әлемі туралы мифтік әңгімелер желісі
Дайындаған:Айтқалиқызы Жаңылсын қф-101
2020-2021жж
Күн мінажаты
Күн, Ай және жұлдыздар – аспанның сакралды денелері, оларға қазақтар ежелден мінажат еткен. Шоқанның пікірі бойынша, халықта олардың культіне байланысты көптеген ғұрыптар сақталған.
Жалпы, дүниежүзі халықтарының бірінде күнге көбірек мінажат етсе, ал енді бірінің айға құлшылығы көбірек болып келеді. Адам баласы өзіне аса қажетті, пайдасы, не болмаса зияны тиетін дүниелерден, құбылыстардан сескенеді, қорқады. О.Сүлейменовтің пайымынша, күнге құлшылық, әсіресе, солтүстік белдеуде орналасқан халықтарға көбірек тән болуы керек, өйткені олар үшін күннің қажеті ыстық белдеулерде тұратын халықтарға қарағанда маңыздырақ. Біздің ойымызша, қазақ мәдениетінде Ай да, Күн де өз орнымен қасиеттелген.
Қазақстанның ежелгі көшпелі және жартылай көшпелі жұрттарында Күннің культі өте ертеден басталады. Қола дәуіріндегі жерлеу орындарының үстіне салынған дөңгелек қоршаулар, сақтардың «мұртты» обаларының, қабірхана есіктерінің шығысқа қаратылуы, түркі заманының шығысқа қаратылып қойылған мүсін тастары – осылардың барлығы да бұл мәдени нысандарды қалдырушылардың Күнге, күншығысқа мінажат, ғибадат еткендігінің куәлары. 
Қазақ жерінде табылған «алтын адамдардың» киімінің негізінен қызыл және сары түстерден тұратындығы Күннің және оттың құдыретімен байланысты.
Ортағасырлық қимақтардың шығып келе жатқан күнді дауылпаздарды даңғырлатып қарсы алатындығы жөнінде дерек бар
Қазақ ғұрпы бойынша, таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тиюге тиіс. Себебі, "Таңертеңгі асты тастама", "Таңертеңгі асты тастасаң — ауыл-үйің сені тастайды" деген тәмсіл бар. Сондықтан таңертеңгі ас үстіне келген адам жақсылық үшін астан ауыз тиіп аттанады. Таңертеңгі ас бір күндік өмірдің бастамасы. Таңертеңгі асты тастамай, көңілді отырып ішсе, сол күнгі жұмысың да оңға басады деп жорылады.
Қазақта жанып тұрған отқа май тастап, соның лапылына қарап болашақты болжайтын ырым бар. Май тасталған оттың жалыны ашық түсте болса – жақсылықтың нышаны. Оттың жалыны қарақошқыл болса – жамандықтың белгісі.
Қазақ от шашпайды. Ыстық күлді төкпейді. От шашса өрт шығады, күл төксе бұрқырап көзді қармайды, сөйтіп, ойды адастырады деп жориды.
Күнге байланысты қазақта мынадай тиымдар бар:
- Күнге қарап дәрет сындырма.
- Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.
- Күн батарда ұйықтама.
- Күн батқан соң қорадан мал шығарма.
- Күн шығарда ұйықтама.
Ай мінажаты
Көшпенділердің өмірінде сакралды аспан денесі Ай өте маңызды рөл атқарған. Көшпелі халықтарда бастапқыда ұзақтығы он айлық ай күнтізбесі болған. Қазақтардың және олардың ата-бабаларының алдымен жіңішке орақ түрінде ғана пайда болатын Ай 7 күннің ішінде жарты Айға толысып өседі. Келесі шерігінде (7 күн) Ай толысып шеңбер, дөңгелекке айналады. Бұны қазақ «онбесінде толған айдай» дейді. Ай өскенде сол жағына қарай толысып өседі. Ал енді келесі кезеңде Ай біртіндеп оң жағынан бастап кетіліп 7 күннің ішінде тағы да жартыланады – жарты Айға айналады. Осы кетілу әрі қарай жалғасып қалған 7 күннің ішінде толық мүжіліп бітеді. Сонымен мөлшермен алғанда 28 күндік бір айдың алғашқы 14 күнінде Ай туады, өсіп өнеді, жетіледі, толысады. Ендігі қалған 14 күннің ішінде, былайша айтқанда, Айдың біртіндеп кему, мүжілу, тозу, жоғалып біту үдерісі жүреді. Сондықтан да Ай біздің ата-бабаларымыздың мифологиялық дүниетанымында, түсінігінде жаратылып пайда болудың, өсіп-өнудің, толысудың, одан біртіндеп кемудің, азаюдың, түбінде құрып бітудің нақты нышаны, аспандағы көрінісі болып табылған. 
Қазақ Айдың 28 күндік бір циклын (айналымын) адам өмірімен салыстырған. Адам баласы да жоқтан бар болып жаратылады, туады, өсіп өнеді, толысады, бұдан соң қартаю басталып, қай жағынан болсын біртіндеп кемиді, мүжіледі, ең аяғында өліп жоқ болады.
Жалпы, Азия құрлығындағы көне күнтізбенің тарихын зерттеуші Фролов деген ғалымның зерттеулеріне қарағанда, сонау палеолит заманында пайда болған алғашқы күнтізбені (календарь) әйел заты ойлап тапқан және де ол түп- түгел жатырда баланың пайда болуы, оның жетілуі және дүниеге келуімен және осы үдерістің мезгілдерін анықтап отыру үшін ойлап табылған. Және де ол 28 күндік Ай календары болған.
Өте бір кереметі, қазақта да бала көтеріп оны тууға байланысты өзінше әйелдер күнтізбесі болған. Бір айда отыз күн бар. Оның алғашқы үш күні "аспанда ай керінбейтін үш күн, оны «өлі күн» деп атайды да, бүл күндері екі жастың ақ тесекте кездесулеріне тыйым салынады. Бүл — халық есепшілерінің болжауына сүйенген дәстүр. Ал осындай әйел календарын жүргізетін аққол аналардың өзіндік есебі бойынша аяғы ауырлаган әйелдердің әрбір айы 27 күннен түрады. Әрбір айдың, яғни осы әр 27 күннің басы оның етеккірі келген күнінен басталады. Бұл алғашқы айдың өзі үш тоғызға белінеді. Бірінші тоғызы —"етеккір тоғызы", екінші тоғызы —"арылу тоғызы", үшінші тоғызы —"кездесу тоғызы". Халықтық тәртіп бойынша "бірінші және екінші кезеңде кездессеңдер екеуің де ауруға үшырайсыңдар" деп, олардың кездесуіне тыйым салынады. Халықтық түсінік бойынша, үшінші тоғыздың әр тақ күні неке төсегінде тән қосылса, олардан ұл туады, ал жұп күндері — қыз туады.
Ана тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз күн көтереді. Жоғарыда атап керсеткеніміздей, әрқайсысы 27 күннен болатын тоғыз айда 243 күн бар. Аққол аналар бүған үшінші "кездесу тоғызын" қосып есептейді. Осыдан келіп тіліміздегі "тоғыз ай, тоғыз күн" тіркесі орныққан. Тәжірибелі ана жаңылмас үшін сол сәтті күннен бастап дорбаға 243 құмалақ салып алады да, осы кұмалақтың күніне біреуін лақтырып отырады, осылайша жүкті әйелдің күні жақындаған сайын құмалақ саны да азая береді.
Қазақтарда Ай-әйел туралы түсінік соңғы уақытқа дейін сақталғандығы жөнінде бұрынғы зерттеушілер жазған.
Жаңа Ай туылғанда қазақтар оған сәлем беріп, былай деген: 
Ай көрдік, аман көрдік.
Ат басындай алтын көрдік.
Қой басындай күміс көрдік.
Жаңа ай - жарылқа!
Ecкi ай - есірке! 
Айға сәлем бергенде, сәлем беруші бір аяғын бүгіп үш мәрте белін иген, содан соң жаз айы болса, ол жерден бір уыс көк шөп жұлып алып отқа тастаған. Егер айға сәлем берген жерден үйі қашық болса, сәлем берген жерден бір тал шөп жұлып алып, құлағының артына қыстырған (АЖМ).
Қазақ ай толып, дөп-дөңгелек болып туғанда да сәлем береді. Айға қарап тілек айтып, бет сипайды. Онысы көңіл айдай жарық болсын, сөзім айдай толсын дегені.
Айға байланысты қазақтың наным-сенімі туралы Ш. Уәлиханов мынандай мәлімет береді: "Қырғыздар (қазақтар. - Ә.Т.) Айда кемпір отырады дейді (бұл айдың бетіндегі дақтардың адамның бетіне ұқсатуынан болар). Қырғыздар айға ұзақ қарамайды, сенім бойынша айдағы кемпір адамның кірпіктерін санап қойса, ол адам өледі деп есептеген. Дәрет сындырғанда адам бетін Айға қаратпайды. Жалпы Айға үлкен ғибадатпен қарайды».
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет