1. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды талдауы



Дата12.03.2018
өлшемі191,87 Kb.
1. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды талдауы

          2017 жылы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша Ақкөл ауданында 29 мәдениет нысаны қызмет атқаруда. Оның 1-уі - аудандық мәдениет үйі, 4 - ауылдық мәдениет үйлері, 4 - ауылдық клубтар және кітапхана саласы бойынша 20 нысан халыққа қызмет етуде.

         Ал аталмыш мәдениет нысандарында 108 мәдениет қызметкері жұмыс істейді, оның 28-і - жоғары білімді маман, 34-і - орта арнайы білімді маман, 46-сы - орта білімді маман болып табылады.

         Мәдениет мекемелері Қазақстан Республикасы ұлттық және мемлекетттік мерекелеріне, атаулы жылдар мен күндеріне, айтулы мерейтойлар мен ашық есік күндеріне арналған мерекелік іс-шараларға жоғары деңгейде өтуіне белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар, ауданның мәдени-шығармашылық өміріндегі концерттер, фестивальдер, байқаулар мен көрмелер ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданның мәдениет үйлері мен клубтары 1284 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізсе, ал кітапханалар - 1097 ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Жоғарыда аталған мерекелерге қатысқан 263 570 адамға қызмет көрсетіліп, 2015 жылмен салыстырғанда 21480 халыққа орындалып отыр.

         Бүгінгі таңда ауданда 85 мәдениет клубы жұмыс істейді. Оның құрамында 830 адам тартылған, осы ретте Аудандық мәдениет үйінде - 20 (мүшелер саны - 234), ауылдық мәдениет мекемелері - 65 (мүшелер саны - 596).

         Кітапхана жүйесінің жалпы кітап қоры 278 809 дананы құрайды, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 3 630 данаға көбейтілгені байқалады. Кітапхана қорына 2016 жылы 6 216 дана кітап келіп түсті, олардың мемлекеттік тілдегі саны - 3 903. Кітапхана оқырмандарының саны 2016 жылы 11 050 оқырманды (100%) қамтыды, 2015 жылымен салыстырғанда 50 оқырманға артқан.



2. Желінің дамуы

 

Ақкөл ауданында 2017 жылдың 1 қаңтардағы ақпараттар бойынша 9 клубтық мекеме, осы ретте: 1 - аудандық мәдениет үйі (Ақкөл қ.), 3 - ауылдық мәдениет үйі (Наумов, Новорыбинск, Урюпинск), 1 - мәдени-спорттық кешен (Еңбек а.), 4 - ауылдық клуб ( Мало-Александровка а., Талқара а., Қара-Өзек а.), кітапханалардың жалпы саны - 20, аудандық кітапхана жүйесі - 1, балалар кітапханасы - 1, ауылдық кітапхана филиалдарының саны - 18-ді құрайды.   



3. Қаржыландыру саласы, материалдық-техникалық базасын жабдықтау, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, ақылы қызмет көрсету, қаржыны игеру, әлеуметтік-экономикалық даму мен жүзеге асырудың кешенді жоспары

         2016 жылы Ақкөл ауданы мәдениет саласын қаржыландыру бойынша 103 110,2 мың теңгені құрады (бөлімге - 6 889,9 мың теңге, Аудандық мәдениет үйлеріне 57 297,3 мың теңге), 2015 жылмен салыстырғанда 17%-ға кеміп отыр.

2016 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы қорынан Наумов ауылдық мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмысына - 3 600,0 мың теңге сомасы көлемінде қаржы бөлінді.

2016 жылы жалпы қаржыландыру көлемі аудандық мәдениет үйлеріне - 57 297,3 мың теңгені құрады, осы ретте ауылдық мәдениет үйлеріне 33 874,0 мың теңге бөлінді.

         Аудандық бюджеттен 2016 жылы ГАЗ 32213217 машинаның қозғалтқышының ағымдағы жөндеу жұмысына 245,0 мың теңге бөлінді.

         Бюджеттен  қаржысы сумасынан жұмсалған негізгі қаржы мен ТМҚ   1 212,0 мың теңгені құрады (2015 жыл - 1 823,1 мың теңге), осы ретте: ламбрекенді перде сомада сатып алуға - 40,0 мың теңге, кресло сатып алуға - 30 мың теңге, тігілген сахналық костюм сатып алуға - 893,0 мың теңге, сахна киімдерін (ықтырма, падоги, салтанатты сірі )сатып алуға - 107,0 мың теңге, мемлекеттік рәміздерді сатып алуға 72,0 мың теңге,  мекеменің майдайшасын жасатуға - 15 мың теңге, бағдарламалық қамтамасыз етуге - 55,0 мың теңге.

            Бюджеттен тыс қаржы есебінен 131,7 мың сатып алуға жұмсалды, сонымен қатар, OTAU TV Еңбек АК, Новорыбинск АМҮ, Красноборск АК 100 мың теңге, ведомствалық мерзімді басыламдарға жазылу - 31,7 мың теңге.

Сонымен қатар бюджеттік қаржысынан мерекелік іс-шаралар өткізу шығыны  1295,7 мың теңгені құрады, 2015 жылдан қарағанда (1 197,0 мың теңге) 8%-ға көбейген (халық шығармашылық байқауына - 360,0 мың теңге, ҚР Тәуелсіздік күніне 25 жыл - 935,7 мың теңге, жаңа жылдық мереке).

Ақылы қызмет көрсету есебінен мерекелік іс-шаралар 535,0 мың теңгені құрады, осы ретте ауылдарда - 84,0 мың теңге.

Мәдениет мекемесінің жеке қаржысы есебінен мәдени клубтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 488,0 мың теңге, сонымен қатар: АМҮ қазандықты (котельной) жөндеуге - 107,0 мың теңге, Новорыбинск АМҮ - 42,2 мың теңге, Наумовск АМҮ 37,0 мың теңге, Урюпинск АМҮ ғимараттың алдыңғы беті мен диско-залға жөндеу жұмыс жүргізілді 63,0 мың теңге, Кеңес АК - 174,0 мың теңге, Мало-Александровка АК  терезе, есік, батарейка, еден сырлауға - 8,8 мың теңге,  Красноборск АК сырлауға - 15,0 мың теңге.



 

Ақылы қызмет көрсету жоспарының орындалуы

 

2016 жылғы ақылы қызмет көрсету жоспары:



1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

585,0

465,0

524,0

426,0

 

2016 жылғы жоспар - 2000,0 мың теңге.

Атқарылған жұмыс - 2000,0 мың теңге, ауылдардан - 584,1 мың теңге.

2017 жылғы 1 қаңтардағы қорытынды бойынша 2016 жылғы жоспардың орындалуы - 100%.

Мәдениеттің бүкіл нысаны телефон мен интернет желісіне қосылған - 23 (Наумов, Жалғызқарағай, Кеңес, Қараөзек ауылдық кітапханалар мен  Кеңес, Қараөзек ауылдық мәдениет үйлеріде - техникалық мүмкіндігі жоқ), Отау ТВ - 13 жерге (бүкіл клуб мекемелеріне, балалар кітапханасына, сонымен қатар  Новорыбинск, Искровск, Урюпинск ауылдық кітапханаларына) орнатылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақкөл аудандық кітапхана жүйесіне 38 923,0 мың теңге қаржыландырылған, өткен жылдан қарағанда (27 897,0) 28%-ға артық, ауылдық жерлерге 12 427,3 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 843,0 мың теңге ажыратылды, осы ретте ауылдық кітапханаларға 56 мың теңге., 2015 жылмен салыстырғанда (454,0 мың теңге) 56%-ға артқан.

МТБ жабдықтауға аудандық бюджеттен 2 413,8 мың теңге бөлінген, ал ауылдық жерлерге 781,3 мың теңге бөлінген, соның ішінде:

 - кітапхана қорын жинақтауға 2027,9 мың теңге, мерзімдік басылымдарға жазылуға  - 1 100,9 мың теңге, сонымен қатар ауылдарға  358,3 мың теңге.

         - кітапхана жүйесіне арналған мемлекеттік рәсімдерді сатып алуға 217,0 мың теңге;

         - Искра мен Урюпинск ауылдық кітапханаларына ОТАУ ТВ сатып алу мен орнатуға  68,0 мың теңге.

         - МФУ принтерін сатып алуға 50,0 мың теңге;

         - Ерназар ауылдық кітапханасына Мегалайн орналастыруға 5,0 мың теңге;

         - аудандық кітапханаға Wi-Fi қосуға 13,0 мың теңге;

         - аудандық кітапханаға шілтер шымылдық сатып алуға 32,9 мың теңге.

Жазылған басылымдар атауының 88-59-ы мемлекеттік тілде (599,3 мың теңге).

         Жылу маусымына жергілікті бюджеттен 1091,0 мың теңге бөлінді. «Акопоян Г.С.» атындағы жеке кәсіпкерлікпен 1091,0 мың теңге көлемінде келісімшарқа қол қойылып, 223,8 тонна көмір салып алынған. Келесі жылу маусымына 230 тонна көмірге қажеттілік бар.

 

4. Бекітілген меморандумдар сипаттамасы мен саны және жүргізілген жұмыс түрлері мен көрсетілген сомасы.



МТБ бюджеттен тыс қаржы есебінен нығайту

2016 жылғы мәдени демалыс қызметін қолдауға арналған меморандум бекітілді:

Жыл сайын белгілі бір жұмысты жасауға мемлекеттік жеке серіктестік аясында ЖШС мен бизнес-құрылым басшылары жұмылдыра отырып ауылдық мәдениет нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстары мен мерекелік іс-шаралар өткізіледі.  2016 жылы жалпы 20 505,0 мың теңге сомасында меморандум бекітілген, 2015 жылмен салыстырғанда (3 320,0 мың теңге) 84 %-ға артқан.

(КХ «МММ» (клубты жөндеуге, іс-шара өткізуге) 5 000 мың теңге, КХ «Аружан» (іс-шара өткізуіне) 250,0 мың теңге, КХ «Адиль» (іс-шара өткізуіне) 250,0 мың теңге, КХ «ЮТС» (Новорыбинск АМҮ) (іс-шара өткізуіне) 300,0 мың теңге, КХ «Ильяс» (іс-шара өткізуіне) 1000,0 мың теңге, «Камила» ЖШС (іс-шара өткізуіне) 1000,0 мың теңге, «Хлебороб» ЖШС (ағымдағы жөндеуге, іс-шара өткізуге, абаттандыруға) 11 500,0 мың теңге, «ТП-1» ЖШС (іс-шара өткізуге 500,0 мың теңге), КХ «Бахытжан» (ағымдағы жөндеуге)  100,0 мың теңге, «Тан ару» ЖШС (ағымдағы жөндеуге) 200,0 мың теңге, кітапхана ағымдағы жөндеу жұмыстарына -405,0 мың теңге.

 

5. Тарихи-мәдени мұраны насихаттау мен сақтау аясындағы



іс-шараларды жүзеге асыру

 

Аудан аумағында жергілікті маңызы бар 19 ескерткіштер мен батырларға арналған облиск, тарихи-мәдени мұра нысандары орналасқан. Аталған мәдени нысандар жеке меншік пен жалға берілмеген. Ескерткіштерді пайдалану мен сақтау туралы заң талаптарын орындау мақсатында жыл сайын қала, ауылдық округ бақылау жүргізеді. Іс-шараны жоғары тұрған немесе бақылаушы орган жұмыстарына сәйкес жүргізіледі.

Мәдениет үйлерінде фольклорлық, вокальді-хор ансамблдерді құру жұмысы жүргізіледі.

Аудандық орталық кітапханасы жанындағы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мұражайға экскурсия  ұйымдастырылды.

Экскурсия саны - 44, келушілер саны - 708 адамды құрады.

Аудандық кітапханада ағымдағы жылы  атақты тұлғалардың мерейтойлық күндеріне арнап көрме, тақарыптық сөрелер, әңгімелесулер, әдебиеттік кештер.



6. Клуб мекемелерінің қызметі

 

Қазіргі  таңда ауданда тұрақты түрде 830 мүшеден тұратын 85 клуб халық игілігіне қызмет атқарады. Бөліп-жарып айтқанда, АМҮ - 20 (234 мүшесі бар), АМҮ - 45 (450 мүшесі бар), ауылдық клубтарда - 20 (146 мүшесі бар).



Ауданда халық шығармашылық ұжымы жұмыс істейді. Олардығ саны - 72, қатысушылар саны - 684 адам, сонымен қосы ауылдарда - 55 (502 қатысушысы бар). 

Бүкіл аудан, қала, ауылдағы көркем өнерпаздар ұжымдары мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады.

«Халықтық» мәртебесін иеленген - Новорыбинкадағы «Новорыбинские напевы» хор ұжымы, «Смайл» би ұжымы мен «Мрия»  ложкарь фольклорлық ансамблі.

         27-28 ақпанда «Биле жастық» фестивалінде «Ренессанс» хореографиялық студиясы қатысып дипломант атанды.

         24 наурызда өткен облыстық авторлық өлеңдер фестивалінде Урюпинка ауылының тумасы Қабдолла Әбенов дипломант атағын иеленді.

             10 сәуір күні  «New Star Kz» халықаралық вокал мен хореография байқауында «Ренессанс» хореографиялық студиясы 3 орынды жеңіп алды.

30 сәуір - 2 мамыр «Сәлем, Астана» V Республикалық байқауында  1 орыннан көрінді.

         9 қыркүйекте облыстық «Отаным - отбасым»  байқауына ауданнан Құрметпек Бөжендер отбасы қатысты.

         30 қыркүйекте облыстық жас ақындар «Бала ақын - жас дарын» сайысында Бағдат Жарқынбек (Кеңес ауылының тумасы) 3 орынға лайық деп танылды.

19 қазан облыстық қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға арналған «Сағындырған  әндер-ай...» атты ретро-фестивальде Анна Алейникова белсенді қатысушы болып танылды.

         19-20 қазан аралығында «Ақкөл сазы» фольклорлық ұжым шығармашылығы тобы құрамымен, «Мирас» вокальдық квартеті, домбырашы Бақтияр Жұмабеков  шығармашылық жұмыс жоспарларына сәйкес Совет Балмұқанов  СҚО Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында шығармашылық кешіне қатысты.

30 қазанда концерттік тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласы Қазақ халық хоры АМҮ-да «Бабий бунт» атты музыкалық комедиясы қойылды.

         Якушевская Елена Витальевна  вокалдық топ жетекшісі хор жетекшілері мен вокалдық топты дайындығын көруге арналған семинарға қатысқандығы туралы сертификат табысталды.

         20 маусым - 2 шілде аумақтық хореографтар Саммитіне Наумовка АМҮ басшысы Конны Светлана Петровна, АМҮ-дан хореограф Мауленова Тойгүл қатысты.

         Аудандық мәдениет үйімен «Устойчивое развитие» Жер Фондымен, Ардагерлер Кеңесі мен Ауғанстан ардагерлер Кеңесімен, Жастар ресурстық орталығымен тығыз қарым-қатынас ортатылған. Осы қарым-қатынас шеңберінде кештер мен кездесулер, байқаулар, жастар Форумдары жоғары деңгейде өткізіледі.

         Ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар аудандық БАҚ-та жарық көреді.

 

 

 



7. Кітапхана қызметі

 

2016 жылы жоспарға сәйкес Ақкөл кітапханалары мен ОКЖ: атқарылған негізгі жұмыс көрсеткіштері мен құжаттар қорын қалыптастырылды; құжаттарды санға айналдыру жұмысын жүргізілді; өлкетану бойынша сақтау қорын құрылды; оқырманға қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша жұмыстарды өткізілді; кітапхана жұмысына жарнама маркетинг технологиясы енгізілді; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жағдай жасалды; кітапхана қызметкерлері аттестациясы өткізілді; әртүрлі форма мен негізгі бағыт ағартушылық, көпшілікке тарату мен коммуникативтік қызмет бойынша іс-шаралар өткізілді.



Болжам бағдарламаға сәйкес бүкіл жұмыстар белсенді түрде жүзеге асты.

Кітапхана жүйесі әртүрлі санаттағы оқырмандарғы қызмет көрсетеді. Олар: «Оқушы», «Жасөспірім», «Мүгедек», «Мұғалім», «Зейнеткер», «Маман», «Кәсіпкер» болып табылады.

            Ақкөл кітапханалары мен ОКЖ қызығушылықтарына қарай клубтармен жұмыстар жүргізеді: «Золотой возраст», «Трудовая доблесть Акколя», «Долгожители» (ОКЖ), «Ақ бұлақ» (ОКЖ), «Кел, қазақша сөйлесейік», «Преодоление» (БК), «Остров сокровищ» (Ерофеевск а/к), «Книголюб», «Помоги мне друг» - мүгедек балаларға арналған (Искровск а/к), «Лира», «Веселые почемучки» ( Новорыбинская с/б), «Сельские посиделки» (Урюпинск а/к), «Гусарочка», «Любители рукоделия» (Домбралы а/к), «Фея» (Акөл орман шаруашылығы кітапханасы), сонымен қатар «Білімпаздар» жасөспірімдерді шығармашылық дағдысын дамытуға арналған, Ерофеевск а/к проза мен поэзия сүйер клубы болыр саналады.

«Болашақ» жастар клубының жұмысы жалғасуда. Клуб міндеттері - уақытты қызықты өткізу мен пайдаға жарату, сонымен қоса  қызықты тақырыптарда әңгімелесу, өзекті мәселелерде дискуссия мен ойындар өткізу секілді міндеттер атқарады. Клуб өзін қалыптастыру, талантын ашу мен өмірлік тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Клуб мақсаты: жастардың рухани дамуын, кітап оқуын, туған өлкесі мен ұлттық дәстүрді құрметтеуді қалыптастыру.

«Болашақ» клуб мүшелері Чернобыл АЭС апатына 30 жыл толуына арналған іс-шара белсенді өткізді.

Өлкетану бойынша электрондық кітапхана ісі жұмыстарын құру сипаты болған:

- «История моей страны»                                                    ОКЖ

- «Біздің қаламыздың тарихы»                                            БК

- Энциклопедия села «Край, в котором ты живешь»       Жалғызқарағай а/к

- «Я эту землю родною зову»                                                  Наумовск а/к

- «Летопись села»                                                                      Новорыбинск а/к

 

Мәдени саясат концепциясы аясында аудандық кітапхана фойесінде дизайнерлер Әсемгүл Жанахметова мен Юлия Борисюк, №1 АОМ оқушысы Борисова Вероника және Искра ауылдық кітапханасы жасөспірім суретші Лауб Алены «Портреты друзей» атты көрмесі ұйымдастырылды.



Ауылдық кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Библиокласс» кеңесшілік, дәрістік, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, тәжірибе алмасу түріндегі жұмыстар жүргізіледі.

М. Жұмабаев атындағы облыстық көпсалалы ғылыми кітапханасына 2015 жылғы есеп берілді, 2016 жылғы жоспар таныстырылды, М. Жұмабаев атындағы облыстық көпсалалы ғылыми кітапханасы директорлар кеңесінің директоры - Л.И. Лысакова тағайындалды. Көкшетау қ. «Библиокарнавал» әдебиет паркінде - 9 кітапханашы, «Кітапхана сайты оқуды қолдау және дамыту құралы ретінде» облыстық семинарға Аршалы ауданы орталық кітапханасында - директор Л.И. Лысакова қатысты.



6 кітапханашы өзінің біліктілігін арттырғаны туралы сертификат иеленді:

- Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы базасында «Деятельность библиотек в контексте культурной политики РК: векторы развития» атты Республикалық конференцияға - ОКЖ кітапханашысы Н.М.Федосеева, О.И. Волкова Домбыралы а/к кітапханашысы қатысты.

- «Особенности создания и функционирования информационной среды библиотек» атты тақырыптағы біліктілікті арттыру курсына - Наумовск а/к кітапханашысы Т.В. Бауэр, Новорыбинск а/к кітапханашысы А.А. Бектемирова қатысты.

«Библиотекарь года - 2016» атты облыстық шеберлік байқауына Искра а/к кітапханашысы Ю.В. Таженова қатысып, «Надежда» құрмет грамотасы номинациясымен марапатталды, соңынан сертификат алды.

- «Методическое сопровождение деятельности библиотек» атты семинар-практикумға Г.Ж. Балғымбаева қатысты.

- Ерофеевск а/к 1 кітапханашысы Ақан сері атындағы ККК «Кітапхана ісі» мамандығы туралы диплом алды.

         2016 жылы әдістемелік-библиографиялық бөлімде төмендегідей жасалды:

Шығулар мен қатысу - 20

Шеберлік сынып - 3

Кеңесшілік - 105

Директорлік жанындағы кеңес - 1

Семинарлар - 3

Дәрістер - 3

Практикумдар - 3

Шығармашылық зертхана - 1

Дөңгелек үстел - 2

Ұсыныс - 20

Тәжірибе алмасу - 1

Шығарылды - 17 ( биб.көрсеткіш, сценариі, әдістемелік. көрсеткіштер).

 

8. Мәдени-бұқаралық мерекелік іс-шараларды өткізу туралы қысқаша ақпарат

 

         Мәдениет клубтары есептік жылы 1284 іс-шара өткізген, келушілердің саны 3823 адамға көбейген (2015 жыл - 127 147, 2016 жыл - 130 970). Халық шығармашылығы өте ауқымды жоба үлкенді-кішілі мектептер, ауылдар мен қала мектептері атсалысып келеді.



Ұжымның жетістіктері мынадай: Новорыбинка а. («Халықтық») хоры, Домбыралы а.  «Мрия» ложкарь (Халықтық) ансамблі, «Смайл» би ұжымы («Үлгілік»), «Ақкөл сазы» фольклорлық ансамблі, «Элегия» вокальдық тобы. Олар мерекелік іс-шараларға үздіксіз қатысып, облыстық көріністердің жүлдегерлері, республикалық байқаулардың қатысушылары болып саналады.

         Әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысуды дәстүрге айналдырған, оның қатарында Ш. Қалдаяқов әндері байқауына, «Женщина. Весна. Любовь», «Веселые нотки», «Жігіттің сұлтаны» т.б.

2016 жыл еліміздегі  ауқымды тарихи мәдени іс-шара ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойы болғаны есімізде.

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына орай Ақкөл ауданында 100 мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Халық шығармашылық көрінісі ауқымды жобаларды осы жерде көрсете білді.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған халық шығармашылығының байқауының үлкен жобаның бірі «Менің елім - Тәуелсіз Қазақстан»  атымен аталды.

Ауданда алғаш рет гендерлік балл ұйымдастырылды. Бқл қайырымдылық акциясында ізгілік пен мейірімділікке халық назарын аударуға бағытталған. Көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға емделуі мен денсаулығын қаратуға азын-аулақ қаржы бөлінді. Бал өту барысында қайырымды жандардан жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінді.

         100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында шілде-тамыз айларында АМҮ шығармашылық тобы қызметкерлерімен, аудандық кітапханада, жастар ресурстық орталығымен бірлескен ауданда иновациялық «Земля моя, тебя всем сердцем воспеваю» жобасы бастау алды. Жоба шегінде көпбалалы отбасыларды, еңбек сіңірген әулеттерді, үздік өндіріс ұжымдарын, еңбек ардагернлерін, мерейтой иегерлеріне құттықтаулар көрсетілді. Ауыл тарихы әңгіменің арқауы болып, ауылдастардың сүйікті әндері шырқалып, жасөспірім балаларға арналған қуыршақ театры қойылымы көрсетілді.

          Жастар күні мен ҚР Тәуелсіздік аясында «Ақкөл  жастары  - Тәуелсіздік толқынында» атауымен жастар шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды.

Ауданда жыл сайын аумақтық деңгейде өзге өблыстардан айтыскерлері бас қосқан айтыс ұйымдастырылады. 8 ақыннан (Астана, Петропавл, Қостанай, Шортанды, Ақкөл қалаларынан) құралған «Аумақаралық Айтыс» Конституция қарсаңы мен 25 жылдық Тәуелсіздік аясында өтті. Жүлде қоры - 80 мың теңге Қостанайдан келген ақын Сырым Әділбекке бұйырды. 2-орын - 50 мың теңге, 3 орын - 30 мың теңге (2 қатысушыға табысталды). Басқа қатысушы ақындар назардан тыс қалмады. Айтысқа қатысушыларға 15 мың теңгеден қаржылай сыйлық пен Ақмола облысы мен Ақкөл аумағы тарихы туралы жарық көрген кітаптар жинағы табыс етілді.

Аудандық мәдениет үйі жанындағы мектеп оқушыларын дайындайтын айтыскер ақындарға Бауыржан Дәулет басшылық етеді.  Осы бағытта білім алып жүрген ақын Бағдат Жарқынбек (Кеңес а.) жас ақындар арысында облыстық «Бала ақын - жас дарын» байқауында 3 орын иеленді.

         «Қоғам Барлығымыз» идея аясындағы Ысқақовтар отбасы құрғанына 45 жыл толуы мен Байнаевтар отбасының алғашқы шаңырақ көтеруіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы іс-шараға себепші тұлғаларға жылы сөздер мен қымбат сыйлықтар, қызықты музыкалық қойылымдар тарту етілді.

         «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 ізгі іс» акциясы, Отбасы күні мен Еңбек мерекелері аясында алғаш рет «Поколения связующая нить» атты отбасылық фестиваль болып өтті.

         «Қарттар күніне» аясында аудандық мәдениет үйінің би залында «Әлі де кеш емес» атты зейнеткер адамдарға арналған күзгі бал ұйымдастырылды. Бұған ұйытқа болған «Балгүл» іскерлік қауымдастық орталығы. Кешкі бағдарлама байқаулар, билер, әндер, қаламыздың тұрғындары жайлы бейнеролик көрсетілді.

         Қараша айында «Көңіліміз жас» ретро-кеш өтті. Кеште 80-90 жылдардағы хит әндер қойылды. Ойындық форматтағы байқау жасалып, 80-90 жылдардағы хит әндерді орындаушылар бейнеролигі көрсетілді.

         Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Елім менің Қазақстан» атты патриоттық  ән байқауы болды. Солистер арасында бірінші орынды Дамир Вашиков (Еңбек а.), вокалдық топтар арасында №2 АОМ  ие болды.

         Тәуелсіздіктің 25 жылдығы арналған «Мой дом! Моя судьба! Мой Казахстан!» атты салтанатты концерт «Ұлы жетістіктер мекені» қатысуымен өтті. Салтанатты рәсімде жергілікті батырларды медалдар мен алғыс хаттар табысталды. Концерттік бағдарламада ауданның үздік шығармашылық тобы қатысты. Би залында ақкөл ауданы көрмелік кешені көрсетілді.

Жылдың аяқталуы толық «Все звезды Акколя в поддержку детского спорта» атты іс-шараға кәсіпкерлер мен депутаттар қабылданды.

Мәдениет концепциясына сәйкес ауданда жергілікті шығармашылық орындаушыларды насихаттау жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыс 2008 жылдан бері жалғасын табуда. Владимир Рыкуновтың басшылығымен аты аңыз болған «Тихогуры»  ансамблі мерекені ашып берді. 2014 жылы - сазгер Құрметбек Бөженнің шығармашылық кеші болса, 2015 жылы ақын-импровизатор, халық әнін орындаушы Совет Балмуханов шығармашылық кеші өтті. 2016 жылы «Элегия» вокальдық тобының кеші жоспарлағандай ұйымдастырылды.

Кітапхана қызметкерлері «Земля Аккольская», 7 брошюр - жергілікті ақындардың өлеңдерін, үнемі көркем өнерпаздар көрмесі ұйымдастырылады.  Бұл шара жалғасатын болады.



Кітапханадағы кітап қоры - 278 809 дананы құрайды. 2016 жылы 6216 дана кітап, оның 3903 мемлекеттік тілде.

Кітапхана қорына 2015 жылы 8399 дана кітап келіп түсті, олардың 6435- мемлекеттік тілде. Оқырмандар саны өсу үстінде, 2015 жылы 114 943, 2016 жылы 132600 келуші болса. Сонда 17 657-ке келуші оқырман саны артқан. Бүгінде бұл көрсеткіш аудан кітапханасына 11 050 оқырман келеді. Электрондық каталог 32 488 дана енгізілді. Бүкіл кітаптың 12% деген сөз. Аудан кітапханасында 13 жоба қарастырылған. Анағұрлым ауқымды жобалар «Великие личности великой степи», «К прошлому с благодарностью,  к будущему с надеждой» болып табылады. «Жанашыр» бағдарлама шеңберінде  мүмкіндігі шектеулі балалар «Журавлик» оқу залы жұмыс істейді.

Өлкетану кітапханасыда «Энциклопедия сел Аккольского района» жоба аясында көп жылдардан бері қызмет атқарып келеді. Жоба мақсаты аудандағы елді-мекендер мен жердің тарихын зерттеу болып саналады. Қызметкерлер ауданның, қаланың, ауылдардың құрылуы туралы, Кеңес Одағы Батырлары, Тыл Еңбек Ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобл апаты ардагерлері, Ақкөл ауланы Құрметті азаматтарын, басшылар мен директорлар, өндірістің үздіктерін, танымал тұлғалардың биографиялық мәлеліметтер жинақтаумен айналысады. 

«В названиях улиц - история наша», «Здесь отчий дом и здесь мое начало» жобалары аясында азды-көпті тәжірибесі бар.   

Ауылдық кітапханашылар өздерінің оқырмандары үшін ауылдың қорғанымен, елді-мекендерімен, тұрақтары мен жергілікті ескерткіштерімен толық таныстырады.

 




Атауы

Клубтар мен үйірмелер

Қатысушылар саны

Жас мөлшері

 

дейін

15

дейін 15-29

30

жоғары

1

Ақкөл АКЖ

18

190

90

24

76

 

 

Аудандық кітапхана жанындағы «Золотой возраст» атындағы клуб 12 жылдан бері тынбай еңбек етуде. Мұнда ардагерлер қуана болып келіп-кетеді. Олар көптеген мерекелік іс-шаралар өткізген. «Золотой возраст» клубының мүшесі, кітапхана оқырманы, «Долгожители» клубы президенті Шипилова Раиса Тимофеевнаның 85 жылдық мерейтойы аясында «Жизнь, достойная подражания» атты шығармашылық кеші болып өтті. Мерейтой иесіне арнап тамаша әндер мен өлеңдер, облыстық және аудандық еңбек ардагерлері,  жергілікті атқарушы билік өкілдері жылы сөздер айтты. Сонымен қатар «Сударушка» тобы да өз үлесін қосты.



Аудандық кітапхана Кеңес одағының батыры, №1 Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов мемориалды мұражайымен мақтанады.

Мұражай танымал жерлесіміз Сағадат Қожахметұлы өз бастамасымен ашылған болатын. Мұнда генаралдың 200-ден астам құжат мен жеке экспозициялық заттар орын алған.

Мұражайға көптеген қызықты және танымал қонақтар болған. Олардың ішінде шетелдік әскери тұлғалар, ҚР Парламенті Мәжіліс пен Сенат депутаттары мен елдің қоғам мен мемлекет қайраткерлері, халақаралық «Новый Акколь - центр экологического туризма» атты туристік форумға қатысушылар, облыстан орталық және қоғамдық мәдениет өкілдері, аудан мен қала тұрғындар мен қонақтары және сонымен қатар БАҚ өкілдері де болған. Аудан мектептеріне арналған мұрайжайдың ашық есік күндері, №10 агротех колледжі, балаларды тәрбиелеушілер, балалар үйлері, кітапханаға келушілер болып табылады.

Сенімді түрде айтуға болады, барлық өткізілген экскурсиялар, іс-шаралардың негізгі мақсаты - Батырды үлгі ретінде жастар үлгі өнеге етіп тәрбиелеу болып табылады. «Славный сын земли Аккольской» атты көп жылдық жоба өтеді.



Ағымдағы жылы 44 экскурсия өткізілді, келушілер саны - 708 адамды құрады. 2015 жылы С.Қ. Нұрмағамбетов мұражайына 40 экскурсия  болып, 465 адам келген болатын.

Бұқаралық іс-шараларға үлкен көмек көрсетеді, әсіресе аудандық кітапхана өтетін патриоттық сипаттағы ОО «Ауғанстан соғысы ардагерлер қоғамы», ОО «Чернобл ардагерлер одағы мен Қазақстан Республикасы жергілікті әскер» өте көп көмектеседі.

Тәуелсіздікке 25 жылдығына орай 25 ізгі іс өтті. Бұл ауыл концерттері, ұжымның шығармашылық пен солист кештері, патриоттық әндер байқауы, дөңгелек үстелдер, өолданбалы көркемөнер көрмесі. Әр тоқсан сайын мәдениет кеңесі жоспарына сай клуб директорлары мен кітапханашыларда есеп алады. Оның мониторингін, нәтижесін қарап, үздіктерді марапаттайды.  Ауылдық округ әкімдер кеңесіне, жергілікті атқарушы органдар мен өкілдері дәстүрлі түрде шақырылады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет мекемелері қызметтері әкім жиналыстары мен маслихат сессияларда тыңдалып жатыр.

Білім, денсаулық мекемелерімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, «Устойчивое развитие» республикалық қорымен, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жүйелі жұмыс жасау қолға алынды.

9. Ақкөл ауданында театрлар жоқ.

10. Ақкөлде концерттік ұйымдар жоқ.

 

11. Түйткілді мәселелер

 

1.     Орталық кітапхана мен Наумовка АМҮ ғимараттыры шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу қажет етеді.



2.     Мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық базасын жетілдіру меморандум, демеушілік пен ақалы қызмет көрсету арқылы жақсарып жатқанның өзінде, материалдық-техникалық база (іс жүзінде бүкіл мәдениет мекемелерінде музыкалық құралдар, түрлі-түсті аппаратуралар, техникалық жабдықтар мен жиһаздар  жетіспейді) әлсіз болып тұр.

3.     Жоғары білікті мамандар қажет.

4.     Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне автокөлік қажет.

 

12. 2016 жылғы саланың даму болашағы мен міндеттері

 

Мәдениет мекемелерінің әрі қарай дамытудың келесідей міндеттерін алға қояды:



 

1. Бюджет пен басқа да қаражат есебінен МТБ одан әрі нығайту (жөндеу жұмысы, МТБ сатып алу);

2. Кешкі оқу мен курстар арқылы мәдениет қызметкерлерінің шеберлігін арттыру;

3. Іш-шара өткізудің сапасын арттыру;



4. Кітапхананы одан әрі модернизациялау.

 
Каталог: sites -> akkol.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> Ақмола облысы Ақкөл ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік комиссияларының орналасу орындары мен құрамдары туралы хабарлама


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу