Жоғарыдан белгіленген қызметке дайындық
Құдай қиыншылықтарды рухани жетілген мәсіхшілерге арналған ерекше қызметке дайындау үшін пайдаланады.
«Қызмет» деген терминге қысылмай-ақ қойыңыз. Әрбір мәсіхші шын мәнінде басқа адамдарға көмекші ретінде көрінетін қызметке шақырылды. Бұл, қауымның тәулік бойғы жобасына немесе қандай да бір діни ұғымға тартуды білдірмейді. Бір күні менің танысым былай деді:
Менің барлық достарым қандай да бір қызметпен айналысады. Ал мен ештеңемен шұғылданбаймын. Мен тек әйел және анамын.
Ол мұны өзінің үй шаруасындағы әйел екеніне кешірім сұрағандай жымия отырып айтты.
Мен оған:
Сіз ең бір ізгі іспен айналысып жүрсіз, – дедім.
Ол таңданысын жасыра алмай көзі бақырая қарады.
Мен былай дедім:
Қәне, балаларды шындық жолына үйретуден асқан жауапты істі маған атап беріңізші. Сіз бала тәрбиесі талап ететін даналық, сенім, шыдамдылық және сүйіспеншілікті соншалықты дәрежеде талап ететін қандай да бір қызметті атап бере аласыз ба?
Мен бұл туралы ешқашан ойламаппын, – деп мойындады ол. Сосын жүзі жайнап кетті:
Сонда мен де қызмет етіп жүрмін ғой!
Әлбетте! Баланың бойында Тәңірге деген сүйіспеншілікті ояту үшін оған берілу керек білім мен дағдының бүкіл көлемін елестетіп көріңізші. Құдайды қастерлейтін баланы өсіруге тырысқан анада қаншама уақыт, талпыныс пен білім, бағышталған жүрек болу керектігін ойлап көріңіз. Ата-ана атқаратын қызметтің маңызын ешқашан бағаламай қоймаңыз. Егер Мұсаның анасы: «Менде ешқандай қызмет жоқ» десе не болар еді? Бірақ оның қызметі бүкіл тарихтың өн бойында ең ұлы қызметтің бірі болды – ол бүкіл Исраил халқының көсемі болған баланы асырап сақтады.
Сол анасы Мұсаның жүрегіне ешқашан жоғалмайтын Құдайға деген сенімнің ұшқынын екті, көп жыл өткенде сол ұшқын алау болып жанды.
Біздің әрқайсымызда қызмет бар. Біздің дарындарымыз бен қабілеттерімізді біле отырып және оларды барлық мөлшерде ашуды тілей отырып, Құдай біздің әрқайсымыздың қызмет жолдарымызды анықтайды. Біз өз қызметімізді атқара алуымыз үшін Құдай бізді белгілі бір орынға белгілі уақытта орналастырып, белгілі бір адамдармен кездестіреді. Біз басқаларға қызмет ету үшін өзіміздің күшіміз бен уақытымызды аямай тәрк етіп рухани өсеміз.
Мұсаға өз халқын Мысырдың құлдығынан алып шығып, адамдар Құдайдың уәдесінің кемелділігінде өмір сүре алатын жерге бастап бару үшін, рухани пісіп жетілу керек болды. Құдай Мұсаға ерекше қызмет берді. Біздің әрқайсымызға да ол ерекше қызмет белгілейді. Сіз, шамасы, менің қызмет сипатын беру үшін, «жоғарыдан белгіленген» деген тіркесті қолданғанымды байқаған боларсыз. Мұны мен бір ғана себеппен пайдаландым. Егер бұл шынымен қызмет болса, ол жоғарыдан белгіленуге, яғни Құдай шабыттандырған және Құдайдың күшіне бөленген болуға тиісті. Қызмет ету дегеніміз – қызмет. Әркім өз жақындарына бір нәрсемен қызмет ете алады. Бірақ жоғарыдан белгіленген қызметті атқара алу үшін адам басқаларға Құдайдың жетегінде қызмет етуге тиіс. Жоғарыдан белгіленген қызмет Киелі Рухтың күшін талап етеді.
Дегенмен, жоғарыдан белгіленген қызмет тек керемет пен сауықтыруда ғана көрінбейді.
Егер бұл Құдайдың даңқы үшін және осы істе Киелі Рухтың қатысуымен жүрсе – рухани заң бойынша құрылған бизнес, балалардың бойында Құдайға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Ізгі хабарды уағыздау немесе қауымның мадақтау тобында ән айту, мектепте сабақ беру немесе ауруханада жұмыс істеу – бәрі де жоғарыдан белгіленген қызмет бола алады.
Ал қазір мен жоғарыдан белгіленген қызметтің бірнеше аспектілерін көрсетемін.
Достарыңызбен бөлісу: |