Отпен тазалау
Қымбат бағалы металдарды тазалау, әсіресе күміс пен алтынды тазарту төменгі температурадан басталады. Дақтың кейбір түрлеріне температураның көтерілуі тез білініп, оларды жеңіл алып тастауға болатын балқып жатқан металдың бетіне шығады. Сосын температураны көтереді. Балқып жатқан металдың бетіне алып тасталатын басқа да қоспалар көтеріледі. Бірақ ең шыдамды қоспаларды металдан тек өте жоғары температурада тазалауға болады.
Біздің өмірімізде де осыған ұқсас жағдай болады. Біздің күйреу үрдісіміз кезең-кезеңмен өтеді. Құдай металды тазарту сияқты, бізді де біртіндеп күйретеді. Егер Құдай біздің тереңдегі салаларымызды тазалауға көшсе, біз оны көтере алмас едік. Бұл біздің еркімізді ғана емес, рухымызды да сындырар еді.
Біздің жүрегімізде терең тамыр жайған нәрсе күйреудің нысаны болады. Тек осы жасырын, бар күшімізбен сақтап қорғаған «қоспалар» бетіне қалқып шығып құртылған кезде, біз шынында: «Маған Құдайдың рақымының кез келген нәрседе жеткілікті екенін білемін. Мен өзіме мәнді болып көрінгеннің бәрінен – өзімнің еркімнен, қызмет етуге деген қабілетімнен, өз өмірімнен айырылдым. Мен өзіме тек Құдайдың керек екенін білемін, өйткені Ол менің өміріме айналды, ал Оның еркі менің еркім және Оның қызметі менің қызметіме айналды», – дей аламыз.
Мен белгісіз автордың отпен тазарту және Құдайдың рақымының адамдарға төгілуі туралы өлеңімен бөліскім келеді:
Ол отыр жалындаған от басында,
Қарайды көз алмастан асыл тасқа.
Күшейіп бара жатыр от алаулап,
Бет шарпып қызыл тілі жүр сумаңдап.
Алу үшін саф алтынды балқытады,
Төзеді қаншама ыстық от жалынға.
Патшаның сол алтыннан тәжін жасап,
Әсемдер асыл таспен қымбат ғажап.
Сол себептен тастады от жалынға,
Алтынды тазартуға, балқытуға.
Мақсат етіп бар міннен арылтуды,
Жарқырап алтын шықты, көз қарықты.
Қорқыныш, күдік-күмән арпалысты,
Көзге жас үйіріліп келді қалып,
Өйткені көргеніміз от лаулайды,
Мүмкін емес көруге хас шеберді.
Ал алтын мүлтіксіз боп жарқырауда,
Махаббат оты жанған жанарында.
Алауға еңкейгеннің сипатына
Біртіндеп ене берді нұр жарқырап.
Сүйетін жүрегіне азабымыз,
Қуаныш әкелді ме, бәлкім, дерміз.
Жоқ. Бірақ көрді мәңгі жарқырауды,
Арасынан алау мен айқыш ағаш.
Сондықтан от жалынға Ол қарады,
Ешқашан мызғымайтын махаббатпен.
Ыстықтан зиян шекпес саф алтын да,
Алайда бар мінінен тазаруда.
Пауыл өз өмірінде Құдай отының барлық күшін сезінді. Сөйтіп, бұл оған Құдайдың шексіз рақымын түсінуге көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: |