Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Екінші жарылқау: біз өзімізді жақсырақ түсінеміз



бет72/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Екінші жарылқау: біз өзімізді жақсырақ түсінеміз.
Құдай бізді күйреткен кезде, біз өзімізді-өзіміз жақсырақ түсіне бастаймыз. Өзіміздің өмірлік жолдарымызды балалық шағымыздан бастап, өз әдетіміз бен ұмтылысымызды дұрыс бағалауға қабілетті боламыз. Өзіміздегі белгілі жағдайды және Оның бізге ықпалын жаңаша қабылдай бастаймыз. Біз өзіміздің келешегіміз бен міндеттерімізді көріп, маңайымызға сүйіспеншілік сыйлап және олардан оны қабылдай алмайтынымызды байқаймыз. Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді, өзіміздің шектеулерімізді және жетілмеген жақтарымызды көреміз. Құдайдың ниеттерінің біздің өмірімізде іске асуына қорқыныш шырмап алып жол бермегенін көреміз.

Біз, сондай-ақ, Құдай қандай дарындар және сыйлармен қамтамасыз еткенін түсінеміз. Құдай бізді өзгертіп, бостандық беріп жатқанын көреміз. Күйреу кезеңдерінде Құдай бізбен жақсы көріп және мейіріммен жұмыс істейтінін байқаймыз.

Күйреу кезінде біз өзіміздің күнәкар екенімізді бұрын-соңды болмағандай анық түсіне бастаймыз. Күйреу әрқашан күнәға бағытталған – Құдайдың біздің өмірімізден алып тастауға тырысатын тәкаппарлық, мойынсұнбау және басқа міндерге қарсы бағытталған. Күйретілген сәтте біз Мәсіхті Құтқарушы деп мойындасақ та, күнә жасау қабілеті жойылмайды, сөйтіп бұл бізді жабырқатады.

Азап пен қиыншылықтардың сайынан өтіп бара жатып өзіміздің өзгеріп жатқанымызды байқаймыз. Құдай тазартып және азат ете отырып, бізді жаңартады. Күнә қоспа сияқты жан дүниемізден қабат-қабатымен сыдырылып алынады. Кейбір адамдарға олар Мәсіхті өз Құтқарушылары деп қабылдаған сәтте-ақ өздерінің күнәкар өткендеріне ғана емес, сондай-ақ болашақта күнә жасау бейімділігінен де толық азат болғандай көрінеді. Құтқарылу бізді Құдай ақтап алған күнәкарлардың деңгейіне қояды. Бірақ егер біз өзімізде әлі де күнә жасау қабілеті сақталғанын түсінбесек, онда ұялу, көңіл қалу, торығуды сезінетін боламыз. Сөйтіп ақыр соңында біз сәтсіздікке тап боламыз. Ондай сәттерде біз құтқарылмадық немесе бізге енді құтқарылу жоқ деп ойлаудың қажеті жоқ. Біз Құдайдың алдына келіп, өмірімізден осы бейімділікті – күнәнің осы әдетін түп-тамырымен жоюын өтінуіміз қажет.

Біз құтқарылуға ие болған кезде, күнә біздің үстімізден жүргізген күшінен айырылады. Римдіктерге арналған хатта 6:14-те айтылған: «Күнә сендерге билігін жүргізбеуі керек, себебі сендер енді Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынасыңдар».

Біз жауымыздың билігінен азаттық алдық. Біздің Иеміз Құдай болып табылады. Пауыл былай деген: «Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар» (Римд.6:18).

Біз Құдаймен дұрыс қарым-қатынасқа ұмтыламыз және Ол бізді Киелі Рухтың күшінде шақырған қызметін атқаруға ұмтыламыз. Біз бүлік шығара бастаған әр жолы біздің ең алғашқы әрекетіміз мінажат болуға тиіс: «Тәңірім, маған көмектесші, мені тазалай гөр. Мен Саған бағынам». Өз-өзімізді түсіну Құдай бізді күйреткен кезде келеді. Солайша бұл жарылқау таңғажайып бостандықты – күнәдан және күнә үшін жазаланудан бостандық сыйлайды.

Біз кінә сезімінен азатпыз. Кінә сезімінен арылып, сонымен бірге кешірім аламыз.

Біз күнәмен жалғыз күресу міндетінен азатпыз. Құдай бізді нығайту үшін шайтанға және азғыруға қарсы тұруға көмектесе отырып, бізбен бірге болады.

Біз қысылудан азатпыз. Біз дұрыс істедік пе, жоқ па деген үздіксіз сенімсіздіктен азатпыз. Киелі Рух біздің әділетсіз қылық жасағанымызды түсінуге уақытында мүмкіндік береді. Неткен жарылқау – өзіміздің күнә жасауға бейімділігіміздің сақталуына қарамастан, бізді Иса Мәсіх азат еткенін білу – біз егер күнә жасап қойсақ, күнәны соттап кешірім аламыз және оны жеңе аламыз.

Бостандықпен бірге Құдай бізге тыныштық, ішкі сабырлылық және күнәмен негізгі шайқас аяқталғанына сенім береді. Құдайдың қолында біз қауіпсіздікте боламыз. Тыныштық пен тыным табу үшін арақ пен нашаға жүгінудің қажеті жоқ. Бір күні күйреуді бастан кешіп және Құдайға бағынып, біз адам ақылынан асқан тыныштықты қабылдаймыз (Қараңыз: Філ.4:7).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет