Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Педагогтің кәсіби өзіндік тануының



бет36/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

4. Педагогтің кәсіби өзіндік тануының
психологиялық ерекшеліктері


Кәсіби өзіндік тану өзіне тән іс-әрекетпен, педагогтың жеке тұлғасы мен карым-қатынасын анықтайтын белгілі бір түрткінің әсерінен белсендіріледі. Кәсіби өзіндік танудың сарыны әркелкі. Жиі кездесетіндері:
Біріншіден, кәсіби өзіндік тану өзіне деген қызығушылықтан, өзінің кәсіби мықты, осал тұстарын біліп, жетілдіруден, жеке тұлғалық ой-өрісті кеңейтуден туындайды;
Екіншіден, өзіндік тануға деген қажеттілік мұғалім немесе тәрбиеші өз еңбегі мен оның қорытындысы арасында үйлесім таппағанда туындайды. Бұл өзін-өзі тануға итермелейді. Мысалы, оқушылардың үлгерімінің төмендігі мұғалімді ойлануға мәжбүрлейді: қандай іс-әрекетімде, методикамда қателік кетті, қорытынды неге жақсы болмады, балалармен, әріптестермен, әкімшілікпен неліктен теріс туындады? – осындай сұрақтарға іштей жауап іздей бастайды. Осы сұрақтарға жауап беру үшін ізденісі оның қай жерде қате жібергенін тауып, бұл қателіктерді түзетуге ұмтылысына жетелейді, ол өзімен, қоршаған адамдармен тепе-теңдікті қалпына келтіреді, ол еңбегі мен оның қорытындысындағы үйлесімсіздікті жоюға, кері эмоциялық әсерді жоюға күш салады;
Үшіншіден, өзіндік тану әкімшіліктің, әріптестердің, ата-аналардың, кебір кезде оқушылардың мұғалімге сын көзбен қарауымен, сын айтуымен, ескерту беруімен белсендіріледі. Сынға деген әрекет әртүрлі: қалыпты құрылымның бұзылуы әрекетте сынды қабылдамайды, оларға ренжіп, кек алғысы келеді; сындарлы әрекет етуде мұғалімнің ойынша, тек шындыққа жанаспайтын сынды ғана қабылдамайды, ал жұмыстағы жеткіліксіздікті, жұмыстың толық орындалмағанын мойындап, оған қосылады, ол сынды қабылдайды. Сындарлы әрекет өз еңбегіне баға беруге, өзін-өзі тануға итермелейді;
Төртіншіден, өзіндік тануды жоғарылатуды ынталандыруға кәсіби сана-сезімнің дәлелдері әсер етеді, олар: өзін таныту, өзіндік кемелдену, өзіндік өзектілік. Басқаша айтқанда, педагог өз жұмысын жақсарту үшін, өзінің тұлғасын өсіру үшін, еңбегінде жоғары табыстарға жету үшін өзін-өзі тануы керек.
Ал өзін танытудың түрткілеріне келетін болсақ, олардың құндылықтарына байланысты өз айырмашылықтары бар. Кейбір жағдайлрда мұғалім басқаларға өктемдік жүргізу, біреулердің көмегімен өзін танытуы арқылы өзін-өзі таниды, ал бір жағдайларда педагогикалық жаңа технологияларды пайдалану арқылы жоғары көрсеткіштерге жетіп, өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, өзін мықты маман ретінде танытады. Егер өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі белсендіру басты орында тұрса, онда ол тұлғаның өсуінің қажеттілігін түсінгені, ол дегеніміз – өзіндік танудың толық мағынасын түсіну деген сөз.
Психологияда «педагогикалық центрация» деген ұғым бар, ол педагогтың өз кәсіби жұмысында дәл қандай саланы негізгі, басты деп қабылдайтыны. Психолог А.Б.Орлов [55] педагогикалық орталықшылдықтың жеті түрін айқындап берді, олар:

  1. өз мүддесін;

  2. әкімшілік, басшылықтың мүддесін;

  3. әріптестер мүддесін;

  4. ата-аналар сұранысы мен мүддесін;

  5. оқу мен тәрбие технологиясының талаптарын;

  6. оқушылардың қажеттілігі мен мүддесін;

  7. гуманистік, яғни өз болмысы және басқа адамдардың (әкімшілік, әріптестер, ата-аналар, оқушылар) болмысының мүддесін басты деп қабылдау.

Педагогтіың іс-әрекеті мен жұмысының сарыны оның орталықшылдығының түрін анықтайды. Мысалға, мұғалім әкімшілік пен басшылықтың мүддесі үшін жұмыс істейді дейік. Демек, ол директордың, оқу ісі меңгерушісінің талаптарын сөзсіз орындап, олардың айтқанынан шықпай, соларға жағуға тырысады, солардан мақтау естігісі келіп, соларға жақын жүреді. Бұл мұғалім басшылықтың талаптарын орындауда қандай қасиет, сол үшін өз тұлғасында қандай ерекшеліктерді жетілдіру керек, тек сол қасиеттерді жетілдіруге ұмтылады.
Осы жеті орталықшылдықтың ішіндегі ең құндысы – гуманистік орталықшылдық, себебі мұнда адам кәсіби өсудің, жеке тұлғалық өсудің нағыз шарықтауына жетеді.
Кәсіби өзіндік танудың әдістері де тура жалпы өзіндік танудың әдістеріндей: ашу, бекіту, талдау, бағалау, қабылдау.
Ал бірақ кәсіби өзіндік тану құралдарының өзгешеліктері бар және ол педагогикалық қызметтің сипаттамасымен анықталады.
Өз қызметін, қарым-қатынасын, тұлғасын талдау – бұл басты құрал, педагог бұны күн сайын пайдаланады: сабақ қалай өтті, қай жерінде кемшілік болды, қай жерде өте жақсы болды, өзін қалай ұстады, өзіне сенімді болды ма, осыларға талдау жасайды. Осындай талдау арқылы педагог өз жеке тұлғасын зерттейді, өзінің мықты, әлсіз тұстарын анықтайды, пайда болған жанжал, шиеленістің себептерін табады. Өкінішке орай, көптеген педагогтар өз істеріндегі жетіспеушілікті, туындаған жанжал мен шиеленістерді өз жеке тұлғасымен байланыстырмайды. Дау-жанжал, шиеленіске, қателікке жауапкешілікті өздеріне алмай, басқаларға аударатын (үлгерім төмен – демек оқушылар қабілетсіз, ата-аналармен дау-дамай туындады – демек, солар кінәлі, т.б.) педагогтар туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Мұндай ұстаным өзіндік дамуды тежейді, ол тұлғаның өзін-өзі қорғау реакциясы болып есептеледі.
Педагогтың өзін белгілі бір мөлшердегі үлгімен, немесе идеалмен, немесе педагогикалық қызметпен шұғылданатын басқа бір нақты адамдармен салыстыруы.
Педагогикалық қызметті таңдаған кез-келген адамның (бұл басқа мамандықтарға да тән) ойында белгілі бір уақыт өткенде тәрбиешінің, мұғалімнің, оқытушының бір идеалды бейнесі (нақты бейне) қалыптасады. Бұл бейне абстрактылы немесе нақты бір адамның кейіпінде әрекет етеді (мысалы: мен өзімнің қазақ тілі пәнінің оқытушысына ұқсағым келеді).
Бәрібір, тұлғаның мөлшерге сәйкес, идеалға ұқсастығы келетіні табиғи қисынды құбылыс. Егер педагог өзін идеалмен салыстырған кезде соған жақын болып шықса, ол өзіне қанағаттанып, оның өзін-өзі сыйлауы, бағалауы артады. Ал, ол өзіне қанағаттанбаса, онда екі түрлі беталысы өрбиді: педагогтың өзін-өзі сыйлауы төмендеп, өзіне қанағаттанбай, өзін кемелдендіруге ұмтылысы жоғалады, немесе ол өзін қолға алып, өзін тәрбиелеуді бастайды. Ол өзін тек нормативті үлгідегі бейнемен ғана емес, өзімен бірге жұмыс істейтін әріптестерімен, нақты адамдармен салыстырып, жұмысын жақсартады. Бұл жерде де педагог салыстыру қорытындысына байланысты әртүрлі әрекет етуі мүмкін: егер ол өзін басқалардан жоғары бағаласа, ол өзінің нақты еңбегінің жемісін көрсетеді, ол өзіне қанағаттанып, өзіне-өзі құрметпен қарап, өзін қабылдайды, ал егер салыстыру барысында ол өзінің төмендігін сезсе, онда қызғаныш сезімі пайда болады, басқаларды жолы болғыш деп есептеп, өзін қандай жағдайда да жақсы етіп көрсеткісі келеді, өзгелерді алдап, адамдарды өз пайдасына пайдаланып, қызмет бабын пайдаланады, бірақ өзін өзгерту оның ойына да келмейді. Оның ойы мынадай: «мен басқалардан кем емеспін, мен де олардан жақсы болмаса да, дәл сондай көрсеткіштерге жете аламын».
Педагогтың жеке тұлғасы мен оның қызметіне басқа адамдардың баға беруі.
Педагогикалық қызмет үнемі бақылау арқылы жүзеге асатын қызмет. Педагогтар үнемі ашық сабақтар беріп тұрады, сабақтарына әкімшіліктен адамдар қатысып, үнемі тексерулер жүргізеді. Және де тәрбиешілер мен ұстаздар балалардан үнемі қайта байланыс алады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы, оның қорытындысы, әр түрлі ұйымдастырулар – осылар педагогтің оқушылардан алатын кері байланысы. Ата-аналармен қатынас та белгілі бір байланыс береді. Педагог бәрінің көз алдында, оған сын да тағылады, сабақ барысына да жауап береді, сабақтан тыс ұйымдастыруларға да қатысты, ата-аналарға да балалары үшін жауапты. Ата-аналардың оқытушыларға әкімшілік алдында шағымдануы сирек құбылыс емес. Ал әкімшілік мұғалімдерге талап қойып, оның орындалуын қадағалайды, сын пікірлер айтады. Сынға көзқарас – педагог толысуының өлшемдерінің бірі. Сын өзін-өзі тануға ұмтылдырады, кей жағдайда өзіндік тануға деген құштарлықты жояды. Дегенмен, басқа адамдардың баға беруі өзін-өзі өсірудің күшті факторы деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет