Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет9/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Бірінші сатыда – жандану. Баланың туған анасымен немесе анасының орнындағы адаммен тіл табыса бастауы. Бұл сатының даму субъектісі мынау болып табылады, бала өзінің денесін меңгеріп, психосоматикалық ерекшелігін байқап, жалпы отбасылық өмірдің уақытша – кеңістік қоғамына өзін «қосуы». Бұл сатының өзіндік пайдасы – адамзат денесінің түпкілікті жинақтау, оның сенсорда жандануы, қозғалыстық, тіл табысу, іс-әрекеттік өлшеммен қалыптасуы.
Екінші сатыда – рухтану. Бала жақын ересек адаммен жанама түрдегі қарым-қатынасты меңгеріп, еліктеу қимыл-қозғалыстарын жанындағы серіктесімен және суреттеу ойынын қиялындағы серіктесімен жүзеге асырады. Дамудың жаңа сатысында екі негізгі оқиға тұр: тура жүру мен сөйлеу. Бұл – өзін-өзі анықтаудың ішкі және сыртқы кеңістіктегі субъективтілігінің алғашқы тәсілі сияқты. Бұл саты – мәдениеттілік қасиеттермен қабілеттерді бойына сіңіріп, бала бірінші рет өзін жеке тұлға ретінде ашып («Мен өзім»), талғам-тілектерінің субъектісі екенін сезінеді.
Үшінші сатыда – тұлғалану. Өсіп келе жатқан адамның серіктесі – әлеуметтік ересектер, мұғалімдер, тәлімгерлер, мастерлер және т.б. болып табылады. Олармен бірге жасөспірім ережелерді меңгереді, әр түрлі түсініктерді, барлық саладағы әлеуметтік-мәдени орта болмысының іс-әрекет қағидаларын, ғылымды, өнерді, дінді, құқықты, моральді т.б. бірге меңгереді.
Тек осы сатыда адам бірінші рет өзінің өмірбаянының авторы ретінде сезінеді, өз болашағына жауапкершілікті жеке түсінеді. Бұл сатыдағы жеке тұлғаның шарықтау шегі – өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін көрсету, бірақ оны жүзеге асыру мүмкіншілігі өте аз, себебі адам ол кезде ішкі еркіндікке жетпейді, ересек болуға ұмтылғанымен, оларға тәуелділіктен құтыла алмайды.
Төртінші сатыда – даралану. Жас адамның келбеті адамзат болып табылады (в определенных пределах), қоғамдық құндылық жүйесімен жанамаласып, онымен іс-қимыл әрекетіне түседі. Айналасындағы адамдардың баға беруінен оқшауланып, өзінің жеке тұлғасына деген жауапкершілігі арта түседі, кейде тұлғаның қалауынсыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет