Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзін-өзі дамыту және жеке тұлғаның өмірлік жолы



бет11/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

6. Өзін-өзі дамыту және жеке тұлғаның өмірлік жолы

Қазіргі заманғы психологияда өмірлік жол деген түсінік кеңінен қолданылады. Өмірлік жол – бұл іс-әрекет субъектісі ретінде жеке адамның өмір тарихы, ол нақты кеңістік пен уақыт айналасында дамып және субъектінің өзі арқылы өмірлік жағдайларда анықталады. Өмірлік жолдың ерекшелігі көптеген факторлармен анықталады: жынысымен, жас ерекшелігімен, білімімен, өзі өмір сүретін ортамен, тарихи жағдайлардағы өмір салтымен, психологиялық ерекшеліктерімен және т.б.


Өмірлік жолдың психологиялық талдау бірлігі өмірбаян оқиғалары болып табылады: мінезді қайта құру, бағытты, жеке тұлғаны дамытуды өзгерту. Оқиға кездейсоқ және заңды түрде де болуы мүмкін. Егер бізден біреу өміріңізге қатты өзгеріс енгізген, өзіңізді мүлдем басқа адам ретінде сезіндірген оқиғаны айта аласыз ба деп сұраса, әрине, иә деп жауап береміз. Оған жақсы бір адам немесе оқыған кітап, жұмыс т.б. әсер етуі мүмкін. Біз атап өткеніміздей, көп оқиғалар кездейсоқ болады, бірақ саналы түрде мақсат қойып, серіктес тауып, ол қарым-қатынастың қиындығы мен пайдасын көреміз немесе қиыншылығынан айналып өтеміз. Оқиға дегеніміз не? Бұл сұраққа толық анықтама берген белгілі отандық психолог С.Л.Рубинштейн [22]. Өмірдегі оқиғалар – индивидтің өмір жолындағы түйінді сәттері мен айналма кезеңдерін, ұзақ немесе азырақ мерзім ішінде сол не басқа шешімдердің қабылдануын, өмірлік іс-әрекеттің болашағын анықтайды. Қазіргі заман психологиясында оқиғаның жіктемесін жасауға әрекеттеніп жатыр. Сонымен, отандық психолог Н.А.Логинова [23]: айналадағы оқиғалар, қоршаған ортадағы адамның мінез-құлқы, жеке өмірндегі оқиғалар деп бөледі.
Айналадағы оқиғалар көбінесе тұлғаға емес, әр түрлі сыртқы күштердің адам тағдырына әсер етуіне байланысты. Оған мыналарды кіргізуге болады: соғыс, әр түрлі апат жағдайлар, нәрестенің өмірге келуі, жақын адамның өмірден өтуі, басқа қызметке ауысуы. Нақты бір адамның өміріне, іс-әрекетіне қатысы бар адамдар оның дамуына себеп болады, ал, кей жағдайларда әр түрлі оқиғалар әсер етеді. Атап өту керек, айналадағы оқиғалар адам өміріне өзгеріс енгізеді, бірақ нақты бір нәрсе әсер етпеуі мүмкін.
Осы және басқа да оқиғалардың құндылығы жеке тұлғаның осы оқиғаға қалай қарайтынымен және де оқиғаның маңызы адамның осы сәттегі сыртқы күшке бағыныштылығымен немесе оның өз жеке пікірін қорғауымен анықталады.
Мысалға, адамды кінәсіз айыптады делік, сонда ол осы айыпқа мойын ұсынуы да мүмкін немесе өзінің кінәсіздігін, дұрыстығын дәлелдеуі де мүмкін.
Адамның қоршаған ортада болып жатқан оқиғадағы өзін ұстауы немесе іс-әрекеті айналасындағы өмірлік жағдай деп аталады, сонымен қатар субъектің өміршілдігінің өркендеу жағдайын қайта жасайды. Адамдар көптеген әрекеттер жасайды, бірақ соның кейбіреуі ғана жаңа мүмкіндіктер тудыратын (барлығы бірдей жағымды емес) оқиға бола алады. Іс-әрекет әр түрлі болып келеді: азаматтық, еңбек, өнегелік, өзін-өзі өзгерту және өзін қалыптастыру барысындағы іс-әрекеттер. Мысалы, кейбір адамдар үшін темекі шегуді тастау – үлкен ерлік, кейбіреулер үшін дұшпанымен достасу – үлкен ерлік.
Ішкі өмірдегі оқиғалар адамның ішкі жан-дүниесіне жатады, ол өзін-өзі жақсы бағалауды тудырады.
Ішкі өмірде ең басты не? Бұл – өзіндік қалыптасу, біздің сыртқы өміріміздегі болып жатқан оқиғаларға қарап бағалайын өздігінен даму.
Өмірде табысқа жету – өздігінен дамуда табысқа жету деген сөз. Ішкі өмірдегі оқиғаларға мынаны жатқызуға болады: адамның жаңа талпыныстары, жаңа ойлары, өз жеке тұлғаңның жаңа қырларын ашу, өзіңнен жаңа қасиеттер табу және керісінше өзіңнен жиіркенетін қылықты табу т.б.. Осы үш бөлік бір-бірімен өте тығыз байланысты топ құрайды және адамның өміріне өзгеше ерекшелік, бір адам бір адамды қайталамайтын жекешілдік беріп тұрады. Осы арқылы біз әр адам өзіндік тұлға, әр адам өз өмірінің авторы деп сенімді түрде айта аламыз. Өздігінен даму мен өмірлік жол бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың ортақ және өзіне тән ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет