Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Субъективті болмыстың дамуы



бет8/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

5. Субъективті болмыстың дамуы

Бұл бөлімнің басында біз дамуды объективтік жағынан қарадық. Өзіндік қалыптасу мәселесі тұрғысынан қарағанда, кезеңдер мүмкіндіктері объективті мәселе деп қаралмайды, тек «іштен» ішкі жан-дүниенің қалыптасуы немесе субъективті болмыс деп, субъектінің өзіндік өмір сүру қабілетінің қалыптасуы деп қаралады, және ол әлеуметтік ортамен тығыз байланыста қалыптасады. Қазіргі психологияда В.И.Слободчиков [21] құрастырған кезеңдер бар. Соған тоқталып көрейік.


«Тұрмыстық жалпылық» және «өзіндік болмыс» бастапқы түсінікке жатады. «Тұрмыстық жалпылық» – адамның басқа адамдармен байланысының түрі, мұнсыз өзіндік болмыстың дамуы мүмкін емес. Бастапқыда анасымен, содан соң жақын адамдарымен, біртіндеп басқа адамдармен байланыс қалыптаса береді. «Өзіндік болмыс» – жалпыламалықтан шығу, өз ерекшелігі бар, жаңа нәрсе жасай алатын, өздігінен әрекет ететін адам ретінде таныту. Одан әрі туылу кризисі, даму кризисі шығады. Автор адам бірнеше рет туылады деп есептеген. Әрине, биологиялық туылу мен биологиялық өлім бір рет болады, алайда адамның жеке тұлға ретінде туылуы бірнеше рет болады. Бұл адамның жеке өмірінің режимі мүлдем өзгергенде, жаңа жалпылыққа өткенде жүзеге асады. Ал даму дағдарысы жеке іс-әрекетпен біріккен іс-әрекеттің арасында жік пайда болғанда, адам кім немесе не болғысы келетіні, оның мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылық туындаған кезде көрінеді: «Мен сен сияқты болғым келеді, бірақ бола алмаймын».
Туылу дағдарысы – оның дамуын қабылдау және игеру кезеңдерінен тұрады.
Қабылдау стадиясы – адам бір-бірін жаңа жағдайларда қабылдауы. Игеру кезеңінде адам қарым-қатынасты өз бетінше, өзінің басшылығымен құру қабілетін көрсетеді. Осылардан субъективтілік бес сатысы шығады: тірілту, жандану, жекешелік, ерекшелік, әмбебаптық.
Кезеңдендіру сұлбасы 1 кестеде көрсетілген.


Субъективті болмыстың интегралды периодизациясы
(В.И.Слободчиков бойынша)

Субъективтілік сатысы



Тұрмыстың жалпыламалық қалыптасу кезеңі

Жеке болмыстың қалыптасу кезеңі

Туылу дағдарысы

Қабылдау кезеңі

Даму дағдарысы

Игеру дағдарысы

Жандану


Туу дағдарысы 0-2 ай
+,- апта

Нәресте кезең
0,4-3,5 ай

Нәрестелік дағдарыс
3,5-7ай

Сәбилік шақ 6-12 ай

Рухтану


Сәбилік дағдарыс
11-18 ай

Ерте балалық 1,5-3 жас

Ерте балалық дағдарысы 2,5-3,5 жас

Мектепке дейінгі кезең 3-6,5 жас

Жекелік


Балалық шақ дағдарысы 5,5-7,5 жас



Есею
6,5-11,5 жас

Есею дағдарысы 11-14 жас

Жас өспірімдік шақ
13-18 жас

Даралану (ерекшелену)





Жас өспірімдік кезеңнің дағдарысы 17-241 жас



Жастық шақ 19-28 жас

Жастық шақ дағдарысы
27-33 жас

Сақалық (үлкейген жас)
32-42 жас

Әмбебаптану

Сақалықтың (үлкейгендіктің)
дағдарысы
39-45 жас

Толысқан шақ
44-60 жас

Толысқан шақтың дағдарысы 55-65 жас



Кәрілік
62 жастан ары

Мына сатылардың мазмұнына қысқаша талдау жасайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет