Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет32/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1
8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8-ЛЕКЦИЯ
Академиялық – математика, физика, әдебиет, шет тілі пәндеріне сай. Педагог осы ғылымдарға көңіл бөліп, жаңалықтарды бақылап, өзіндік зерттеу жүргізеді.
Дидактикалық – оқу материалын балаларға түсінікті, қызықты етіп жеткізу, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Бұндай мұғалімдерде оқыған балалар өте жақсы нәтиже көрсетеді.
Перцептивтік – баланың ішкі әлеміне кіріп, психологиялық бақылап жүргізу, баланың жеке тұлғасын, оның жағдайын түсіну.
Коммуникативтік – балалармен жақсы қарым-қатынас жасау, оларға өзіндік кілт табу, сеніміне кіру.
Сөйлеу – өз ойын нақты, ашық жеткізу, сөйлеу мәдениетін меңгеру.
Ұйымдастырушылық – оқушылар коллективін жұмылдыра алу, әртүрлі тапсырмаларды жедел түрде орындау, өз жұмысын ұйымдастыра алушылық, тапсырма орындауда уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алу.
Жоспарлық – өзінің де, балалардың да әрекеттін жоспарлау, материалды ретімен жеткізу, сабаққа сценарий жасау, сабақтан тыс тапсырмаларды жоспарлау т.б.
Авторитарлық – эмоциялық ерік-жігер арқылы балаларға әсер ету, оларға өзіңді сыйлату.
Педагогикалық елестету – өзіңнің де, оқушылардың да іс-әрекетінің қорытындысын алдын ала сезіну, алдын ала ойша түзетулер енгізу.
Зейін бөлу – бір уақытта әртүлі іс-әрекетпен айналысу: сабақ өткізу, балаларды қадағалау, әрі қарай не болатынын, оқиғаның желісін айқындау т.б.
Осы айтылған мүмкіндіктер педагогтің білімін, біліктілігін толық ашпаса да олардың жұмыстардың қандай екені туралы мағлұмат береді.


2. Педагогикалық есте сақтау, ойлау, елестету

Педагогикалық жұмыспен айналысу мұғалімнің психикалық процесстеріне арнайы бағыт береді. Егер дәрігердің есінде үнемі симптом, ауру, рецептер болса, педагогтың миында үнемі пәнді оқыту, қалай балаға түсіндіру, оның технологиясы, баламен тіл табысу т.б. әрекеттерді шешу мәселесі тұрады. Ойлау мен елестету мәселелірінде адамдардың айырмашылығы өте көп.


Әр жұмыстың өзінің өзіне тән ерекшелік, күрделілігі бар, сондықтан ой әр жұмыстың ыңғайына қарай өзгереді. Балалардың арасындағы керісті шешу қозғалтқыштық жоспарын құрумен немесе тергеушінің сұрақ беру техникасымен бірдей емес. Мысалға, ойлау қабілеті бірдей екі адам өз жұмыс саласында кәсібіне байланысты әр түрлі ойлайды, ол адамның сол жұмысқа қандай ынта-жігермен кірісіуі, тәжірибесінің жеткіліктігі, т.б. әсер етеді.
Елестету де сол сияқты. Педагог өзінің де өзгенің де іс-әрекетін алдын ала елестетіп, жоспарлайды, қандай жағдайда бұл іс табысты болмақ, қандай нәрселерді жасамау керек, соның барлығын елестету арқылы жұмысты жоспарлап, жақсы аяқталуы үшін еңбек етеді, оған өзгеріс енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет