Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзін-өзі дамытудың кедергілері



бет40/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

6. Өзін-өзі дамытудың кедергілері

Айтып өткеніміздей, кедергілер – бұл әр адамның өмір жолында кездесетін қиындықтар, бірақ бәрі бұл қиындықты бірдей жеңіп шыға алмайды (кейбіреу мүлдем шыға алмайды). Өзін-өзі дамытудың кедергілеріне тоқталсақ, олар ішкі және сыртқы болады, объективті және субъективті факторлармен себепті болады.




Ішкі объективті кедергілер:

  • Өмірлік қажеттіліктердің аз мөлшерінде қанағаттандыра алмайтын төмен еңбек жалақысы. Педагог сол кезде қалыптасқан жағдайына байланысты жұмыс істейді, ал қалай еңбекақысы жоғары, көңілінен шығатын жұмыс табады, солай оқу орнын тастайды;

  • Үлкен отбасы, балалары мен туысқандарын күтуге көп уақытын бөледі, бұл жерде кәсіби білімін жетілдіруіне ешқандай мүмкіндік жоқ;

  • 1,5-2 оқу жүктемесі (мұғалім жетіспейді), өзін-өзі дамытуына уақыт та мүмкіндік те жоқ;

  • Денсаулығына байланысты кәсіби шыңдалуына мүмкіндік жоқ.



Ішкі субъективті кедергілер:

  • Оқу мекемесінде педагогтың өзін-өзі дамытуына ешқандай жағдай жасалмайды;

  • Өшпенділік, қызғаныш пен айналасындағылардың қысым көрсетуі (басшылық, әріптестері), кикілжіңнің көбеюі – бұлардың барлығы тұлғаның өзін-өзі дамытуына кедергі болады;

  • Әкімшілік жағынан қолдау мен көмектің жоқтығы, шығармашылық жағынан және өзін-өзі дамытатын педагогтың қажет еместігі («Оларды басқару қиын»).



Ішкі объективті кедергілер:



  • Өзін-өзі дамытуға қабілеттің жоқтығы, үлгілер мен таптаурындарға бейімділік;

  • өзін-өзі дамытуға қажеттілік пен түрткінің болмауы;

  • Өзіндік тану мен өзіндік дамыту механизмдерінің (сәйкестендіру мен рефлексия, өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау) жетілмегендігі;

  • Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеу «технологиясын» пайдалану әлсіздігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет