Ii бөлім Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері


Көнерген сөздер қолданысы



бет2/14
Дата13.11.2023
өлшемі143,31 Kb.
#191284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-120461 2

2.2 Көнерген сөздер қолданысы
"Қазіргі дәуірден бес-алты ғасыр бұрынғы кезеңге жол салу, барын байытып, жоғын табу, өшкенін жандыру, там-тұмдаған деректерден мәлімет алып, өмір шындығын көркем келістіре білу — тарихи шығарманың негізгі шарты" [ 11.4] .
Осы шартқа сай тарихи тақырыпқа қалам тартқан қаламгер қолындағы деректерді жалаң баяндап қоймай, оқырманына сол дәуірдің дәмін татырып, лебін сездіреді. Тарихи шығарма авторы өзі білген тарихты оқырманға әсерлі, нанымды жеткізудің жолында тілдік материалдарды да ұйымдастыра білуі керек. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын көп қолданылған, қазіргі күні біз үшін мағынасы күңгірттене бастаған, түсініксіз сөздерді тауып, олардың мағынасын ашып, шығарма жазу барысында орынды қолдану жазушының дарындылығын, шеберлігін танытады.
Тарихи стильдік тезге түсіріліп жазылған шығармада көнерген сөздер өте мол кездеседі. Өткен өмір шындығын дәл, нақты беру үшін тарихи шығарма авторлары кезінде белсенді қолданылған, ал қазіргі күн тұрғысынан қолданыстан шығып қалған немесе сирек қолданылатын көнерген сөздерді пайдаланады.
"Көнерген сөздер көркем шығармада қолданылғанда өткен өмір шындығын реалистік тұрғыдан суреттеу және одан белгілі бір мағлұмат беру мақсатында қолданылады"[ 19.149] .
Енді зерттеу нысанымыз болып отырған романдарда қандай көнерген сөздер қолданылғанына, жазушы шығарманы тарихи стильдік тезге түсіру үшін бұл сөздерді қалай қолданғанына назар аударайық.
Тілде көнерген сөздердің архаизмдер және историзмдер деп аталатын екі түрі бар. Мұндай сөздер көркем әдебиет стилінде, мысалы, тарихи тақырыпқа бұрынғы өмір жайлы жазылған шығармаларға жазушының өз баяндауына жарасымды.
"Архаизмдер халықтың күн көріс тіршіліне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады" [ 19.180] .
Тарихи романдар тілінде архаизмдерге стильдік мәртебе беріліп, орны орнымен жұмсау тәсілдері бар. Басқаша айтсақ, жазушы шеберлігінің арқасында бұл күнде қолданыстан қалып, мағыналары көмескі тартқан, орнын өзге тұлғалар басқан сөздерді қолдану тарихи стиль тезіне түсірудің ұтымды тәсілдерінің біріне айналған. Ойымыз дәлелді болу үшін мысалдар келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет