Ii бөлім Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері



бет6/14
Дата13.11.2023
өлшемі143,31 Kb.
#191284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-120461 2

Ромаңда "жеті атасынан түгел би болған" әулет адамдары сөз болғандықтан, жазушы бұларды тек Ақтайлақ би, Кеңесбай би деп атап қоймайды.
"Ақтайлақ - арысы Найман, берісі Қаракерейдің төбесіне тұтқан төбе биі" (Қ.Ж. 8-6.).
"Кеңесбай — осы елдің сары мойын биі, Жарасбай болыс болып жүр"(КЖ. 7-6.).
"Қазақ тілінде көп тараған жер дауын да, жесір дауын да, құн дауын да, ел мен елдің арасында болып отыратын әр түрлі жағдайға байланысты шешілуге тиісті мәселелердің бәрін де би, билер алқасы, төбе би шешіп отырған" [14.15] .
Шығармада шешендік пен ақындықты қатар ұстаған Ақтайлақ бидің қартайған шағы сөз болады.
Сайлау ғана емес, би соңғы жылдары ел келесіне араласып, дау-шарга билік айтуды қойып кеткен. (Қ.Ж. 17-6.).
"Прометей алауы" романында қазақ хандығынан тарағанан кейінгі тарихи кезең баяндалған. Ақтайлақ би, Бопы төренің өмір сүрген кезеңдері, рулардың шежіресі мұнда Сыбан, Мұрын елдерінің шежіресі жақсы таратылған. Жер-су аттарының тарихи аттары да жақсы суреттелген.
Би ел арасындағы тірлікке көп араласпайды, бұл міндетті бидің ұлы Кеңесбай атқарады. Сары мойын би төбе биден кейінгі билік айтушы екенін жазушы көмегімен түсінеміз.. Төбе би, сары мойын би деп атау арқылы олардың билер арасында алар орнын көрсетеді.
Ғалым Р.Сыздықованың көрсетуінше: "Би сөзі-ХІХғасырдың II жартысында нақтылы заң термині. Бұл сөздің терминдік мәні ертеректен келе жатса керек. Бірақ ол әр кезенде әр түрлі мәнге ие болып келген сөздердің бірі. Би сөзінің Абай тұсындағы білдіретін негізгі мағынасы-әрбір болыстыққа сайланып қойылған заң жүргізуші адам." [ 28.194] .
Би заңға, әдет-ғұрыпқа жетік екендігін және шешеңдік қабілеті бар екенін шаршы топ алдында бір емес, бірнеше рет дәлелдей білгендігінен халықтың берген құрметті атағы болған. Би атағын алған адам ел арасында билік айтып, әр түрлі істерге төрелік айтқан. Жазушы Ақтайлақты заң жүргізуге таласқандықтан емес, ескі салт бойынша заң ғұрыптарына жетік, оның үстіне тілге шешен болғандықтан алған атағына сай би деп атайды. Бұл кезеңдеби сөзінің мәнінде шешендік, тапқырлық, кеңесші мәні жойылып, таза заң терминнің орнына жұмсалды. Енді би қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша ұсақ-түйек қылмыстарды қарап, үкім шығаратын, үш жылға сайланып қойылған ресми әкімнің атауы.
Жазушы Ақтайлақ бидің арғы аталары туралы да мәлімет береді. Мысалы:
Бергі бабасы Қу дауысты Құттыбай — Абылай ханның оң қолы, арысқа салар абызы болған кісі. (Қ.Ж. 8-6.)
Арыс халық, ру, ел, ал абыз оқымысты, білгір мағынасын беретінін білеміз. Жазушы осы екі сөзді тіркестіріп, арысқа салар абыз деген әдемі тіркеспен берген.
Ел басшылары ішкі және сыртқы саясатты реттеу үшін, қоғам өміріндегі өзгерістер мен халық тұрмысы т.б. турасында өз ойларын ортаға салып, кеңесу мақсатында келісілген уақытта, белгіленген жерде бас қосқан. Заман шындығын танытатын амалдар ретіңде бұл турасындағы мәліметтер тарихи роман беттерінен де орын алған.
Оны айтасыз, соңғы жиырма-отыз жылда хан кеңесі шақырылған жоқ. (Қ.Ж. 13-6.)
"Хан сыбағасының" мәселесі "хан кеңесінде" шешіледі (М.Е.34-6.)
Ал билер кеңесі дегеніңіз бұл күнде түске кіретін болды. (Қ.Ж. 13-6.).
Әлі де руаральқ сияздары мен дүбірлі астары бірге өтіп тұрады. (Қ.Ж. 128-6.)
Хан кеңесі, билер кеңесі, руаралықсияздар тарихи шығармада суреттелетін кезеңнің салтына сай өтіп тұрған әр түрлі жиналыстар, басқосулар. Авторлар тарихи тезді тілдік тұрғыдан сақтап, кейіпкерлерді өз замандарына сай жиылыстарға жинайды. Бүгінгі қолданыстағы тілдік бірліктерді жиналыс, мәслихат, мәжіліс, басқосу т.б. пайдаланса онда ол тарихқа қиянат болар еді. Әрине біз бұл сөздер ол кезде болмады демейміз бірақ бұлардың актив қолданыста болмаған анық. Шығарма тарихи тақырыпта жазылғандықтан, сол жанрдың стильдік сұранысын өтейтін, тарихи тез талаптарына жауап беретін сөздерді тауып, қолдануда қаламгерлеріміз үлкен ізденімпаздық танытқан.
Күні кеше мына айғыр жиынға қатысушылар шетінен бас білікті, бірі айтса, екіншісі "жәрекімалла!" деуге әзір секілді еді. (М.Е. 59-6.)
Айғыр жиын жоғарыда аталған кеңесті образды түрде атаудың бір үлгісі. Үлкен жиын, мәні зор жиын мағынасын береді.
Романдарда жоғарыда аталған кеңес, жиын атауларымен бірге тіліміздегі билікке, билік айтуға қатысты сөздер мен тіркестер де молынан қамтылған. Оларды шартты түрде былай жүйелеп, топтауымызға болады: билік айту кезінде сүйенетін заң атаулары; билік айтуда сақталатын жоралғыларға (шарттар) қатысты тілдік
бірліктер; билік айтушы адамдардың сөз саптау ерекшеліктері мен жеке басының қасиеттеріне қатысты тіркестер.
Қазақ халқы көшпелі өмір салтын жүргізсе де өздері бағынатын, құрмет тұтатын тұрақты заңдар, ережелер жүйесі . болған. Дәлел ретінде Есім ханның ескі жолы ,Қасым ханның қасқа жолы, Абылай ханның ақ жолы деген атауларды келтірсек болады. Тәуке хан билік құрып тұрған кезде қазақтардың заңдары бір жүйеге келтіріліп, "Жеті жарғы" деген атпен тұжырымдалғаны мәлім.
Тарихи туындыларда осыған байланысты мынадай сөз үлгілері қамтылған:
Осыдан төрт жыл бұрын Мәртөбеде "Жеті жарғы" қабылдағанда, оң құлағымен естіп, боз биенің қанымен оң бармағын басқандардың бірі өзің. (М.Е. ЗЗ-б.).
Бүкіл алаш ардақтыларының басы қосылып, ақылдаса отырып қабылдаған заңдар жинағының қабылдану салтанаты мен ережесінен жазушы бізді осылай хабардар етеді.
Алғапқы ашумен жарғы жарысқан, бір-бірінен әлденеше рет жылқы алысқан. (Қ.Ж. 31-6.).
Үй тігіп, түсел түсіп жарғы жарылды, адамның құнына алынған малды жайлау үстінде бітісуге керілдесіп отырып әрең келіседі. (Ш.Қ. 51-6.)
Осы ғұмырында Әйтекені сөз сайыстырып, мәуріт жосақтасып, тіл мен жақтан сүріңдірген біреу-міреуді естісе керең болсын. (М.Е. ЗЗ-б.).
Жарғы жарысу, жарғы жарылды тіркестері заң ережелерін айтып, ортаға салды деген мағына береді. Яғни қазіргі адвокаттар конституциядағы заң баптарын негізге алатындары сияқты, билер де Жеті жарғы ержелеріне сүйеніп, өздерінің сол ережелерді жүйрік білетіндіктерін шаршы топ алдында көрсете білген.
Әр рудың билері алма-кезек қамшы тастап, тілдерін безеп суырыла сөйлейтін жері де осы ара. (Қ.Ж. 129-6.)
Билер өз сөздерін бәрі бірдей, қатар бастамаған. Белгілі бір тәртіп ұстанған мысалы, қарсы жақтың дауына айтар өз сөзі болса, би ортаға қамшы тастайды. Бұл жағдайды (процесті) бақылап отырған төбе би билердің сөйлеуіне кезек берген. Жазушы осы дәстүрді жақсы көрсете білген. Шығармада билер алма-кезек ( яғни, біреуі ғана сөйлеп қоймайды, екі жақты да тыңдаған), қамшы тастап (қалыптасқан дәстүрді сақтаған), тілдерін безеп, суырыла сөйлейді (айтатын ойларын бейнелі, дәйекті жеткізген).
Осылайша сөз жарыстырған билер енді жаза қолданып, жасаған қылмысының ауырлығына қарай күн кеседі. Әлденеше рет жылқы алысқан, адамның құнына алынған мал деген тіркестер жазалы жақ өз кінәсін мойындап, айыбына мал төлегеніндәлелдейді. Бұл да заман шындығын дәл беру мақсатына жеткізетін амалдар.
Құнға төленген сырты түк, іші бок, қолау тай, қотыр тайлақ қорлықтың белгісі емес, бет жыртысып, сүйек сындырыспауды мұрат тұтқан елдің ықылым заманнан бері бірлікті, тірлікті ұйытып келе жатқан мәуріті. (М.Е. 32-6.)
Жазушы өз баяндауында сырты-іші, түк-бок, тай-тайлақ, қолау-қотыр сөздерінен антонимдік қатар түзеп, бет жыртыспау, сүйек сындырыспау (келісімге келу) деген тіркестерді пайдалану арқылы кұн төлеудің басты мұратын тарихи тезге салып, көркем тілмен жеткізген.
Басқалардың ішінде жасығы да, пасығы да тәйтігі мен тасыры да жеткілікті екенін өзі сезбейтіндей айыр тілді неменің алқара топ алдында аймаңдай қылғанын қайтерсің! (М.Е. 35-6.)
Бұл мысалда айыр тілді деп автор Әйтеке биді айтып отыр. Қара қылды қақ жарған, сөзді басты қаруы ретінде жұмсаған бидің кез келгенге ұнай бермесі анық. Аймаңдай қылды (болды). Беті аймаңдай болды. Әшкереленді, масқара, ұятты болды [24.19] . Автор бұл тіркестерді жұрт алдында би "кінәсінен" масқара болған кейіпкер ойын беру мақсатында ұтымды қолданған.
Тілді-жақты жас жігіт сыр ашып сөйлесе келе, Ақтайлаққа: -Би-аға, исі қазақта болмаған бір киелі жолды сіз бастаған екенсіз. Иләйім, ұзағынан болғай!—деп бір басалқы тілек айтты. (Қ.Ж. 74-б.)
Күңгейдегі Төртуылдың сөзін ұстап жүрген білікті, шешен жігіт көрінетін. (Қ.Ж. 75-6.)
—Жарайды, Әйтеке! Осы тіл емізгенің де жетер. (М.Е. ЗЗ-б.)
Ғалым Е.Жанпейісовтің төмендегі ойы осы тіркестерді қолданылу себебін анықтай түседі: "Сөз ұстау, сөз иесі. Әуелі сөз және ие есімдерінің қолдануына, мағыналық байланысына көңіл аударып көрейік. Мұндай сөз қолданыс, яғни бұл тіркес бүгінде, негізінен, айтылмайды. Тек "Абай жолы" сияқты тарихи тақырып шығармалардан (бұлардың да, әрине бәрінен емес, тілдегі ескілікті құбылыстарға жете қанық жазушылардан) аратұралап қана кездеседі"[ 21.115] .
Тілді-жақты, сөз ұстаған, тіл емізген тіркестері шешен адамдарға қатысты айтылатынын білеміз. Бұл тіркестер стиль тезіне түсіп, тарихи роман кейіпкерлері билерге байланысты қолданылып, өз қалыбында тұр. Билік айтушының сөз саптау өзгешелігі мен жеке қасиеттері осындай бірліктер арқылы берілген.
Ақтайлақ бидің өз өмірінде дауға дауа, билікке бітім таппай қиналған жері осы еді. (Қ.Ж. 22-6.).
Билік жүргізудегі басты мұрат дауға дауа яғни, жанжалдың қолайын, шешілу жолын іздеу, билікке бітім яғни, өзі жүргізген істің шешімін табу.
Тарихи стиль тезіне түсіріліп жазылған шығармалардағы мұндай қолданыстар өте орынды. Қаламгерлер суреттелетін оқиға мен қозғалатын дәуірдің тіліне өз баяндаулары мен кейіпкерлер тілін орайластыра білген. Сөзді құбылта қолданатын сөз зергерлері тарихи стильдік тездің де амалдарын іске жаратудың шебер қырларын танытқан.
"Өткен дәуірлерде болған оқиғалар, іс-әрекеттер, адамдар жайында жазылған көркем шығармада сол дәуірге тән, бірақ қазір ұмыт болған, немесе пассив қолданылатын көне заттардың, құбылыстардың қарым-қатынастардың атауларын жұмсау — көркем әдебиеттің негізгі талабы, бұл талапты дұрыс орындау - суреткердің профессионалдық парызы" [ 16.198] .
Осы талапқа сай автор оқиға өтіп отырған дәуірдің тілдік бояуын сақтау үшін қазіргі қолданысымызда жоқ ел билеуге, әкімшілікке қатысты көнерген сөздер мен құбылыстар атауларын ұғымды қолданыуы қажет.
Бұл кезендерде қазақ даласында үш түрлі сот болды.

  1. Қазақтың дәстүрлі әдет-ғүрпына негізделген билер соты.

  2. Шариғат жолымен соттау.

  3. Россия империясының соты.

Жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер қоғамның әлеуметтік құрылысы, ел билеу, жаңа экономикалық қарым-қатынастар мен сауда-саттық ісі т.б. салалар да пайда болды.
Романда Қазақ хандығы тарап, қазақ даласындағы билікке отаршылдар араласа бастаған дәуір қамтылғандықтан сол кезендегі қолданыс тапқан әкімшілік сөздер қазақ, орыс тілдерінде қатар беріледі.
"Бұлардан басқа бір кандидат (орынбасар), екі қазы-заседатель дегені тағы бар " (Қ.Ж. 15-6.).
Абай шығармаларында кездесетін кандидат (орынбасар) термині жөнінде ғалым Р.Сыздықова былай дейді: "Кандидат сөзінің Абай тұсындағы мағынасы-болыстың орынбасары және жай орынбасар емес, орынға таласушы адам лауазымы" [ 48.187]
Қазы жүгініске келгендерге шариғат жолы бойынша үкім айтатын, әдет-ғүрыптардың дәйекті түрде орьндалуын бақылайтын әкім, мұсылмандық сот ҚТТС2, 513] .
Заседатель сот ісіне қатысу үшін сайланылған халық өкілі [З.Т4.365] .
Жойылып кеткен хан, төлеңгіт, кұл тәрізді категорияларға байланысты сөздер мен тіркестердің қолданылуы сирей бастайды. Сұлтан, төре, би сөздерінің мағынасы жартылай өзгереді. Сұлтандар - аға сұлтан, сұлтан — правитель болып бөлінді.
"Әрбір дуанды орыстан шыққан өкімет өкілі майыр мен қазақтан сайланатын аға сұлтан билемек" (Қ.Ж. 15-6).
Аға сұлтан бірнеше сұлтанның үстінен қарайтын сұлтан, бас сұлтан
[З.Т8.390]
"Сұлтан сөзі жалкы есімдермен келетін титул компонент ретінде қолданылғанда тек қазақ хандарының өкілдеріне (төрелерге) •қатысты айтылған: ал қалған жағдайда сұлтан сөзі жалпы "ханзада" ("царевич") ұғымын береді" [ 36.87] .
Майыр орыс тіліндегі майор офицерлік шенінің қазақ тілінің дыбысталу заңдарына бағынып, ауызша айтылу нормасымен қабылданып өзгерген түрі.
Зерттеуші С.Е. Жанпейісова:"Майыр- жаңа законнен (1868-інші жылғы законнен ) бұрынғы Аға сұлтан заманында Окружной приказдарда осы күнгі прокурордай орыс төре", - [ 57.37] деп көрсетеді.
Аға сұлтан, қазы қазақ өмірінде бұрыннан бар атаулар, тек осы кезеңде олар жаңа әлеуметтік мәнге ие болған. Бүгінгі оқырман үшін мағынасы күңгірттене бастаған сөздерді аға сұлтан-майыр, кандидат (орынбасар), қазы-заседатель деп бірге беруі өте орынды.
Ең жиі кездесетін лауазым аты-төре. Қазақ арасында төре бұрыннан келе жатқан атау екенін тілімізде бар тіркестер мен мақал-мәтелдер де дәлелдейді. Қазақтың қара сөзінің қаймағын кілкіп ала алатын, тілге бай жазушы Қабдеш Жұмаділов осы мүмкіндікті, байлықты жақсы пайдаланған.
Кез келген төре өздерін хан нәсілімін, так, мұрагерімін деп санайды. Соған орай, төре ауылдарының сырт көрінісі былайғы қазак, ауылдарынан өзгешерек болады. Өле жатқан төренің төрт үй төлеңгіті бар деген сөз де тегін айтылмаған. (Қ.Ж.27-6.)
Осындағы төлеңгіт атауына да анықтама бере кетейік. Төлеңгіттер қазақ сұлтандары мен ханның қасындағы феодалдарға тәуелді адамдардың әлеуметтік қауымы. Бұлар әр түрлі әлеуметтік жіктерге жататын сұлтандар мен хандарды паналап, бұл үшін оларға қызмет етуге міндетті болып келгендер. Төлеңгіттердің енді бір бөлігі сұлтандардың немесе хан ордасында олардың тапсырмасын орындаушы шабармандар, малайлар.
Қазақта: "Төре- ел иесі болғанда, қара қазақ- жер иесР деген сөз бар. Бұл "Төреде меншікті қоныс жоқ, қай елді билесе, соның жерін жайлап жүре береді" дегенді білдіреді. (Қ.Ж.27-6)
Төре ақ сүйек Шыңғыс ұрпағының атауы болып пайдаланылған. Оның ресми әкім болуы шарт емес. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында төре қарадан шыққан әкімдерді де орым администрациясының өкілдерін де атайтын термин ретінде қолданылған.
Бір құрсақтан шығып, бір емшекті бөліп емгендері болмаса, былайғы ағайын-туыс дегенді мойындамайды. "Таста тамыр жок, төреде бауыр жок," (Қ.Ж.31-6)
Зерттеуші С.Е.Жанпейісова қазақ тілінде жиі ұшырасатын төре атауының екі түрлі мағынада, атап айтқанда, белгілі бір әлеуметтік топ мәнінде және төрелік, билік ұғымында да қолданылатынын айта келіп төре сөзінің шығу тарихын былай түсіндіреді: Төре лексемасының семантикасы "жақсы, касиеттері бар, құрметті адам немесе төрдің иесі, төр иесі" мағынасын білдіреді дегеннен гөрі билік иесі (жүргізуші), белгілі бір мемлекеттік құрылым иесі (басқарушы, заң иесі,шығарушы, тәртіп, режим орнатушы) дегенге көбірек яғни дәлірек келіңкірейді [57.85] .
Ұлтарақ би: ердің құны - екі елу, яғни жүз жылқы. Төренің құны айып-анжысымен оданда үш есе артық болсын. (Қ.Ж.32-6.)
Құн - қазақ әдет-ғұрып заңында көп таралған жаза системасының бірі. Істеген қылмысы үшін бірнеше есе өсімімен би үкімі бойынша құн төлеген.
Айып сөзі қазір абстракт ұғым атауы. Айыбы жоқ, айыбын мойнына алу, айыбын бетіне басты, айыбын жуды деген сияқты тіркестерде келеді. Ал "Жеті жарғыда" айып - тартатын жазаны, яғни конкретті ұғымның атауы [38.83] .
Бұл қазақ заң терминологиясының қалыптасу тарихына зерттеу жүргізген А.Ш.Ишанованың құн, айып сөздеріне берген түсініктемесі, ал анжы сөзін автор сілтемеде қосымша айып деп түсіндірген.
Төресіз ел, төбесіз жер болмайды десек, Әбілфейіз әулеті әу бастан Жанкөбек Сыбанның еншісіне тиген бәсіре төрелері ғой. (Қ.Ж.98-6.).
Ғалым Р.Сыздықова төре атауы турасында былай дейді: "Хан не сұлтан тұқымы қазақша көбінесе төре деп аталады. Ақсүйек категориясына жататын бұл әлеуметтік топ өткен ғасырдың бірінші жартысында —ақ өздерінің бұрынғы саяси билігі мен әлеуметтік салмағын заң жүзінде де, іс жүзінде де жоғалтқан болатын. Бірақ төре семьяларына (ұрпақтарына) жататын адамдар өмір сүріп келе жатқандықтан, олардың атаулары да өзгермей, төре деп қала бергенін көреміз. 1900 жылғы Латифтің сөздігі айқын білдіреді: төре - сын хана или султана, не в ступивчий или не выброный еще в какую небудь должность и вообще потомки прежных ханов, которое нас титулиюция как солтанами" [48.72] .
Сонымен, келтірілген мысалдардан төре туралы өз танымымызды арттырып қана қоймай, мұндағы төре атауы орыс шенеунігі деген мәнде емес, хан немесе сұлтан ұрпағы деген мәнде қолданылғанын көреміз.
-Мана осында келе жатып, ауыл сыртынан Барак, оғлаңды көріп қалдым (Қ.Ж.37-6.).
Түркі-монғол тілдерінде оғлан, ұлан, ұғыл-ұл сөзінің ерте дәуірлерден келе жатқан титулдық мәнінің сарқыншағы қазақтарда Бұқар замандарына жеткен тәрізді. Орта ғасырларда оғлан] ұғландеп Алтын Ордада, Қырым мен Астраханның династияларында, Чағатай ұлысы мен Ақ Ордада билеуші феодалдардың ең жоғары әскери және әкімшілік қызметін атқаратын ұлдарын атайтын болған. Бұл сөздің тіпті тар мағынасында жұмсалуы да орын алған. •Моңғолдар мен түркілерде оғлан деп Шыңғыс ханның хан титулына ие болмаған ұрпақтарын атаған [11.10] .
Сірә, қазақ қауымында бұл термин XVI-XVII ғасырларда-ақ сұлтан, төре сөздерімен ауыстырылып, көбінесе титулдық мәннен гөрі хан әулетінің жас өркіндері [жас балалары-ұлдары] деген сипаттамалық қызметке көшсе керек.
Келтірілген мысалда оғлан сөзі төре әулетінен тарайтын ұл балаларына байланысты қолданылған. Негізінен романдарда оғланнан гөрі сұлтан, төре сөздері хан ұрпақтарына байланысты қолданылған.
Ойға алған шаруасын қапысыз атқарып, енді соның игілігін қызықтаған ұлыс бегі, шүкір, әзірше аман-сау жүріп жатыр. (Қ.Ж. 68-6.) Әр қала, әр қыстаққа датқа, күшбегі бектербегі деген сияқты әкімдерін тағайындап тастаған. (Қ.Ж.13-6.)
Сол уақытта қолданыс тапқан лауазым аттарын шығарманың стильдік сұранысына қарай орнымен қолданған.
Бұл күнде бір Абылайдың ұрқы eкігежарылып, қарашы халықты сандалтып қойган жоқ па (Қ.Ж. 34-6.).
Ғалым Р.Сыздықова М.Мағауиннің "Аласапыран" романындағы тарихи стиль тезінің көріністері туралы айта келіп, қараша сөзінің екі мағынада қолданылғанын айтады да жазушының қарашы сөзінің бүгінгі мағынасынан шыға алмай қалғанын айтады [1.104] . Ғалым қараша сөзінің мағыналарын былай түсіндіреді: "Қарашы. Бұл сөздің семантикалық өрісі әрі қарай барғанда тағы өзгеріп XIX ғасырдың соңғы кезінде қарашы деп бай ауылға қоңсы қонып, байдың малын бағып, шаруасын істеуші кедей семьясын атаған, демек, бұл тұстағы қарашы — белгілі бір әлеуметтік топтың (сословиенің) термиңдік атауы. Ал түптеп келсек, о баста қазақ қауымы да қарашы деп ханның кеңесшісін, ханға жақын адамды атаған" [ 56.85] .
Шығарма тілінің тарихи стильдік тезін танытып тұратын сөздердің енді бір тобы сол кезенде қолданылған қоғам өміріндегі неологизмдер, қазіргі көнерген немесе мағынасы өзгерген сөздер.
"Жаңадан салынған бекініс-приказдарды негіз етіп, Арқада әлденеше округ-дуандар құрылды" (Қ.Ж.15-6).
Бекініс шабуылдан қорғану үшін сыртын айналдыра биік дуалмен қоршаған қорған қамал. (З.Т2.240-6.) Ал орыс тілінің қазіргі түсіндірме сөздігінде: "Приказ в России с 16 до начала 18 в: учереждение, ведавшее отдельной отраслью государственного управления или отдельной территорией" [ 59] деп түсіндірілген.
Округтерриториялық — әкімшілік бөлік. ] З.Т.7.402] Дуан қала, кент. [ З.Т3.180]
Бекініс-приказ, округ-дуан деп атауларды қазақ, орыс тілдерінде қатар жүруі жазушының тарихи шығарма жазудағы сауаттылығын танытады.
Енді бір адым кері шегінбейміз деп, әр дуанға қамал соғып, қала тұргызып жатқаны мынау! (Қ.Ж. 35-6.)
Қала, бекініс атауларының шығу тарихына барған ғалым Т.Байжанов әскери бекіністердің мынадай атауларын келтіреді және қала, қамал сөздеріне түсініктеме береді: "Қала — түркі тілдерінде көне заманнан қолданылып келе жатқан сөздердің бірі. Бұл сөз араб тілінде бекініс, қамал деген мағына береді. Қала сөзінің "қорған" мағынасы ұмытылып, қазіргі қазақ тілінде "шаһар" (город) мағынасында қолданылады. Қала сөзінің "бекініс" мағынасы көркем шығармаларда (тарихи романдарда) сақталға [ 33] . Қамал сөзінің бірнеше мағынада ұшырасатындығын айтады. Соның бірі — "бекініс, қорған" мағынасы. Екінші мағынасы — "қалың әскер, қол".
Тарихты терең білетін жазушы қамал және қала сөзін бекініс, қорған мағынасында қолданған. Ал қазіргі қала (город) мағынасын беру үшін кент сөзін пайдаланған:
Қашан да сырттан келген басқыншы атаулы, әйтеуір, Сыр бойындагы кентті өлкеге құмар-ақ (Қ.Ж. 38-6.).
Ал Мұқадес Есламғали романында шаһар сөзін қолданады: Жау шаһарлы жерге таяу баруға тәуекел ете алмайды. (М.Е. 38-6.). Шаһар, кент сөздері бүгінгі оқырман үшін қала мағынасын береді.
Жазушылар шығармаларында тарихи кезендегі кұбылыстардың, заттардың атауларын, ерекшеліктерін бейнелеп ұсынады. Ел билеушілерінің, халықтың тіршілік-тынысы туралы баяндағанда тілдің көркемдік-стильдік тәсілдеріне жүгінеді.
-Иә, былайғыда қойын құрттап, қойыртпағын к,орек қылған, қозыдан қоңыр қазактың Жаратқанның алдында басқадан күнәсі көп болмаса керек-ті. (М.Е. 52-6.)
Өмір сүру салтын малмен байланыстырған халықты "қозыдан қоңыр қазақ" деп, соған сәйкес тіршілігін "қойын құрттап, қойыртпағын қорек қылған" түрінде келтіру арқылы елдің тіршілік-тынысымен таныстырады. Қазақ қауымының бейнесін қазіргі дамыған кезеңде былай беру орынды және әсерлі болмауы мүмкін. Бірақ жазушы қозғаған кезең үшін, дәл берілген сурет. Бұл шығарманың көркемділігін арттыру үстіне, тарихи стиль тезіне түсіру үшін де қызмет етіп тұр.
Келтірілген мысалды оқу айтуға жеңіл, құлаққа жағымды естіледі. Мұның сыры шығарманың көркемдік әлемін құрап тұрған белгілердің бірі — дыбыс үндестігінен туатын әуезділікте жатыр. Дыбыстар үйлесімі жөнінде ғалым Р.Сыздықованың пікірін
келтірейік. "Қатар тұрған сөздердің көбінесе басы (кейде іші де), тізіліп келген өлең жолдарының басқы сөздері біркелкі дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталуы — тіл-тілдің қай-кайсысында да, оның ішінде түркі — моңғол тілдерінде, солардың бірі қазақ тілінде ежелден келе жатқан көркемдеуіш құрал амалдардың бірі. Ғылымда бұл құбылыс аллитерация, ассонанс деп аталады" [1.77] .
Тарихи шығарма авторларды бұл тәсілді де ұғымды қолдана біледі. Мысалы, күңкілден қыңқыл, қыңқылдан қиғылық (М.Е. 61-б.), тұлпар мініп, ту ұстау (Қ.Ж. 36-6.), төрт құбыласы тең, тор жорғадай толықсып тұрған ел (Қ.Ж. 127-6.), болашағы неғайбыл бұлыңғыр бұлғақ (Қ.Ж. 35-6.) деген бейнелі тіркестер аллитерацияға құрылған болса, ұран шақырып, ұйытқы болар ұл (Қ.Ж. 12-6.), ортаңнан ойып орын алу (Қ.Ж. 35-6.), аузын арандай ашқан ажал (Ш.Қ. 103-6.) сияқты тіркестер ассонанс түзей жасалған.
Жазушының нақты құбылыстарды суреттеуде халық өміріндегі, танымындағы образдарды бейнелі жұмсаумен қоса, сөзді көркем жұмсау зандылықтарын шебер меңгерген. Сөз зергерлері тарихи тақырыпқа қалам тартқанда тарихи сауаттылық, жазушылық талант танытумен қоса, тіл қазынасындағы байлықты орнымен жұмсауы керек.
"Орыс — темір ноқта болғанда, қытай - қайыс ноқта, қайсысын кигеніміз жөн" деп, асау-арда көшпенділер енді ноқта таңдайтын күйге түсті. (Қ.Ж. 67-6.)
Асау-арда көшпенді тіркесі халық тұрмысына қатысты алынған. "Абай жолы" эпопеясының тіліне талдау жасаған Е.А.Жанпейісов зерттеуінде арда ему деген тіркесті былай түсіндіреді: "Арда ему. Маньчжур тіліндегі арда "неопытный, легкомысленный, беззаботный" дегенді білдіреді. Арда ему тіркесіндегі арда сөзінің мағынасы да осыған жуық. Тайдың екі жасқа дейін емуін арда ему деп. атаған" [ 21.114] .
Келтірілген мысалда арда сөзінің алаңсыз мағынасы асау сөзімен тіркесе келіп анықтала түскен. Бодандыққа бойсұнып, құлдық қамытын киер көшпеңдінің күйін осындай тіркес арқылы беру жазушының шеберлігін көрсетеді. Тарихи шындықты тілдік тұрғыдан да шебер үйымдастыра білудің жолын танытады.
"Өңкей жарау ат мінген, қоналқы қостары сайлы, сайдауыл топ жолда төрт қонып, бесінші күні межелі жерге жетіп те қалып еді"(Қ.Ж. 128-6.).
Тай-құнанын таңбалап, жабағы жүнін қырқып, енді жайлауға көшудің қамында жүр. (Қ.Ж. 148-6).
XVIII ғасырдан бастап отаршылдар қазақ даласына келіп камал, қорған салып, өз саясаттарын іске асырудың алғашқы қадамдарын бастады. Тарихи шығармада бұл өзгерістер де көрініс табуы керек. Қамалдың кандай болатынын көрген, өзге ұлт өкілі
орыстарды жақыннан кездестіргендегі алғашқы әсерлерін сол кезендегі қыр қазағының тілімен былай берген:
Айнала дөдегесіне оқ ататын ұялары бар төрт бұрышты қамалдың әр қапталы жүз қадамнан кем болмас. Бұрыш-бұрышына доп ататын зеңбіректер орнатып қойыпты. Әскері қайсы, үй салатын ұстасы қайсы, белуардан жалаңаштанып алған қаба сақалды орыстар, құрылыс басында қарбаласып жүр. (Қ.Ж. 19-6.)
Тарихи туынды тарихи оқиғаның көшірмесі емес. Жазушы қаншалықты тарихты баяндап отырса да, оқырманын эстетикалық ләззатқа бөлеп, бейнелі сөздермен және образды баяндау арқылы да танымын арттыру керек. Жоғарыда келтірілген мысалдар осы ойымызға дәлел болады. Тағы бір айтарымыз жазушы өз баяндауында бүгінгі оқырман мен өткен өмір кейіпкерінің тілін тоғыстыра білу керек. Тарихи романдарда тағы бір көзге түсетін атаулар ол бабаларымыз қолданған баспанаға қатысты. Тарихи шығарма авторлары кейіпкерлерін өз дәуіріндегі баспанаға түрғызуы шарт, сол себепті жазушыларға да біраз іздену керек.
Хан он екіқанат ақ ордасының жанынан тағы да сегіз қанат екі үй көтерткен-ді. (М.Е.55-6).
Оларға бөгелместен еркін адымдаған үшеуі орданың өрнекті қапсырма есігін айқара ашып ішке енді. (М.Е. 29-6).
Дөдегей ордадан би түс ауа бір-ақ шықты. (М.Е. 37-6).
Орда сөзі көпшілік түркі тілдеріне ортақ бір кезде олардың көшпелі тайпалары бірлестіктерінің аты және сол бірлестіктердің билеуші орталығының тұрған жері, мысалы, хандардың, бектердің билік жүргізген жері болған [ 56.155] .
Орда-он екі, он сегіз, жиырма төрт, отыз қанаттан тұратын сән-салтанатты өте ауқымды, еңсесі биік киіз үйдің ең үлкен түрі. Ертеде орда- ханның тұрағы, кеңес өткізетін жоғары мәртебелі би, батыр, ақсақалдар бас қосатын мөжіліс орны болған. Хан, билер,өте ауқатты кісілер орда тігіп отырған. Ордаға тек белгілі адамдар ғана кіре алған. Қазіргі кезде орда сөзі ел сөзімен тіркесіп келіп, жаңа мәнге ие болды. Елорда ел астанасы деген мағынада қолданысқа түсіп кетті. Бұған қаламгерлеріміздің де қосқан үлесі барын мойындауымыз керек, себебі сөздің оқырман үшін жат болып кетпеуін қадағалап, өз шығармаларында тілдік қабаттардың бірліктерін кеңінен қамтуға тырысады. Біз мынадай тұжырымға келеміз: тарихи шығарма лексикасы тек сол туынды ішінде ғана өмір сүрмейді. Қазіргі заман талаптарына сай сөздік құрамды молайтуға, жаңа мағына тудыруда белсенділік танытады.
Бес қанатты, алпыс уақты, біркелкі отаулар. (Қ.Ж. 60 -б.)
Қазақ тіліндегі көптеген атаулардың этнографиялық сырын ашқан ғалым Е.Жанпейісовтың зерттеу еңбегіне тағы бір тоқталайық: Отау. Махмуд Қашқари еңбегіндегі отау сөзінде де кіші, кіші үй деген мағына бар сияқты. Мысалы, онда отау сөзі"шатер, жилище" мағыналарында келген. Ол "Абай жолында" да сол кіші үй жөнінде, яғни жаңа қосылған ерлі-зайыптының үйі, ағайынды балалардың ең кішісінің үйі деген мағынада қолданылған [ 21.216] .
Алынған мысалда отау кіші үй мағынасында жұмсалған. Бес қанатты киіз үйдің алпыс уығы болатынын да жазушы көмегімен түсінуге болады. Киіз үйдің негізгі бөлшегі-кереге. Кергенің санына қарай оның қанаты анықталған, соған сәйкес уық саны да шығады. Заманды шынайы суреттеуге тырысқан жазушылар сол уақыттағы баспана атауларын шығарма мазмұнына шебер кірістіре білген. Қазір біздің көріп жүргеніміз, тігіп жүргеніміз негізінен осы бес қанатты үйлер. Бірақ осы киіз үй атауларын күнделікті қолданып жүргендер мен арнайы зерттеу жүргізіп жүргендерден басқа жұрт көп жағдайда түсіне бермейді. Міне осы тұста біздің қаламгерлеріміз өз шығармаларында бұл атауларға жан бітіреді, тарихи тезге салып, мүлдем қолданыстан шығып қалмауын қамтамасыз етеді[ 51, 43] .
.
Көркем әдебиеттің негізгі құралы - тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін,өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл - сан сөздердің жиынтығы. Солардың ішінен ең жақсыларын алғап алудың және оларды сөйлемде орнын тауып қиюластыру, қалай білудің негізінде көркем әдебиет жасалады.
Тіл - адам баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Қоғамныңжеке мүшелері тіл арқылы бір-бірімен байланысады. Қоғамдық ой-сананың ілгерілеуі үшін тілдің атқаратын қызметі зор.
Экономикалық дамудың негізінде қоғам дамиды, ілгері басады десек, қоғам дамуларымен нық байланысты тіл де өзгеріп отырады. Заман озған сайын кейбір тіл, кейбір сөздер ескіріп, пайдаланудан шығып қалады да, бұрын тілде жоқ сөз, жаңа атаулар пайда болады. Кейбір сөздер бұрынғы формасын сақтаса да, мағынасы өзгеріп, екінші ұғым, жаңаша бір мағынада қолданылуы мүмкін. Қоғамдық идеологияның басқа түрлерімен салыстырғанда, тіл өте жай, шабан
өзгереді. Бұдан талай ғасыр бұрынғы мұралардың тілін зерттесек, қазіргі
тілімізден көп айырмашылық барлығын байқаумен қатар, оларды түсіне аламыз.Әйтсе де заман ағымы, қоғамдағы өзгерістер тілде де өзінің ізін қалдыратындығысөзсіз.
Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де,
күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы
жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. Тілге мән бермеу не оны білмеушілік
әдебиеттің даму процесіне де көп кеселдік келтіруі мүмкін. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Жақсыны жаманнан, асылды жасықтан айыру үшін әдебиетші, көркем тілді өздері жақсы біліп, толық меңгеруі - басты шарттардың бірі. жақсы білмей тұрып, біреуге білім үйретуге болмайды[ 54,65] .
Міне, осы айтылғандардың бәрі де көркем тілді кең зерттеп, терең түсінуімізді қажет етеді. шетінен алып пайдалана бермейді. Солардың ішінен ең керектілерін талғап, таңдап, сұрыптап алады. Өзінің ой-сезімін оқушыларына жеңіл, өткір етіп алатын жайнақы сөздерді таңдайды. Қандай өмір құбылысын суреттемек, қандай әдеби мінез жасамақ, олар қандай орта, қандай әлеуметтік топтың өкілі – бұл жайт жазушылардың сөз таңдау ісінде шешуші мәселенің бірі. Жазушылар жалпы бай тілден ең керектілерін таңдап ала білумен қатар, әр
сөздің мәніне және олардың сөйлемдегі алатын орнына да зор көңіл бөледі. Әрсөздің сөйлемде таңдаулы, талғаулы орны болады. Төселген, шебер жазушы уақытта олардың орнын шатастырмайды.
Архаизм,әсіресе ескі өмір туралы жазылған роман, әңгімелерде көбірек кездеседі. Жазушы бұдан жүз жыл не бірнеше жүз жыл бұрынғы тарихи оқиғалар романәңгіме жазып, қатысушыларын қазіргі адамдарша сөйлетіп қойса,шындыққа жатпаған болар еді. Осыдан жүз жыл бұрын өмір сүрген адамдар олардың ой-санасы, сөздік қорлары осы күнгі адамдардай болды дегенге сенбес еді. Сондықтан жазушылар шығармасының тақырыбына, суреттегеноқиғасына, шығармада көрсетілмек дәуіріне сәйкес тіл қолданады. Сөздерді образдарын жекелеп көрсету, тип жасау үшін пайдаланады және ол керек те.
Тарихи көркем шығармаларда сол дәуірдің тұрмысы, салты, әдет-ғұрпы
суреттелгендіктен, кейбір архаизм сол кезде қолданылған, кейін қолданылмайтын зат, әртүрлі құрал-саймандардың аттары есебінде де қазіргі тілге енеді.Әрине, мұндай жағдайларда жазушыларға сен ескішілсің, архаизмді шығармаларыңдакөп қолданасың деу орынсыз болар еді. Тарихи тақырыпқа жазылған өзіне тән ерекшелігі архаизмге жататын сөздердің оған енуін керек етеді[ 58, 16] ..
Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Роман тарихи тұлғаларды қазақы болмысқа тән шежірелік жолмен баяндайды. Оқиға қазақ хандығы тарағаннан кейінгі аға сұлтандар дәуірінде өтеді. Романның көтерген басты мәселесі – ұлт тағдыры. Мешіт орнына шіркеу салып, ата діннен алыстатып, мешелдікке жол сілтеген жат ділді өзге дін өкілдерімен рухани күрес кеңінен беріледі. Иә, мұндағы қаһармандар қолына қару алып, жауға қарсы аттанбайды, бірақ олар бұдан әлдеқайда биік тұратын рухани шабуылға қарсы тұрады. Сол себепті де мұндағы кейіпкерлер өзгеден ерек, бұрынғыдан соны тұлғалар.
Кітап атауы сонау ерте дүниедегі грек мифін еске салып, жадыда жаңғыртқанымен, мазмұны жағынан мүлде бөлек туынды. Қиялдан туған грек мифінде қараңғылықтағы адамдарға жарық сипатты от әкелетін титан Прометей жайлы айтылса, мұнда тарихи жағдай сөз болады.
Ер Жәнібек. Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет арғынның қара кесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан түсіп сәлем береді де, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен «ақ сарбас» қойын айтып сойып, қарсы алады. Бұл 1714-жыл еді. Ол әсіресе 1726 – 1757 жылдар аралығында жоңғарлармен болған шайқастардың барлығына қатысып, ерен ерлігімен ел есінде қалған батыр. Керей Ер Жәнібек 1714 жылы, Абылай 1712 жылы, Шақшақ Жәнібек бір деректе 1679 жылы, енді бір деректе 1693 жылы туған дейді. Соңғысы бұрмалаушылардың жасампаздығы болса керек. Демек, Абылай заманында Шақшақ Жәнібек қарт батыр болып бейнеленеді. Әлгі жаңылушылар осыны айырмай жас Жәнібектің еңбегін Шақшақ Жәнібек деп соға береді. Өрескелдігі сол — олар көрсеткен әдебиеттерде Шақшақ Жәнібек Абылайдан кіші болып зорлықпен қиыстырылады. Жоңғар қалдықтарымен болған соңғы соғыстардың бірінде қалмақ жағы Абылайға: «Екеуіміз қырқысып елімізді қыра бермейік, менің сырттаныма сенде бір сырттан шығар. Қайсысы жеңсе, жеңіс соған тән болсын!» дейді. Талайдың қанын жұтып дәніккен қалмақ батырынан қазақтар жағы қаймығып, ақыры Ер Жәнібекті таңдайды. Екі батыр түс көреді. Түсінде Ер Жәнібек жеңіледі, мұны Абылай да сезеді. Ертесі ерте Жәнібек есіктен кіргенде, Абылай атшысына:– Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл атымды шалыңдар, жақсы түске де жаман түске де садақа, Алла тағала мен не жорысам, соны қабылдасын, – дейді. Ұрыста Ер Жәнібек жеңеді.Осы аңызды біреулер Шақшақ Жәнібектікі етіп айтады. Бұл уақыт Шақшақ Жәнібектің қартайған, Абылайдың жас кезі. Ендеше аңыздағы Жәнібектің «жаудан өлсем ұрпақсыз кетем бе?» деп алаңдауы, түсін Абылайға жорытпақшы болуы, Абылайдың оған «қолыңды жәй!» деп тізерлетіп отырғызып қойып түсін жорып, оң бата беруі аға Жәнібекке емес, өзінің тұрғылас інісіне жасайтын ілтипаты екені анық көрініп тұрған жоқ па!? Тағы бір ескерер жай, Шақшақ Жәнібек 1730 жыл­дан ағасы қарт Бөгенбаймен бірге орысқа бодан болу саясатын ең алдымен қолдаушылардың бірі болып қайнағасы Әбіл­қайырдың қасында болады. 1733, 1735 жыл­дарғы атышулы шайқастар мен 1740, 1750 жыл­дар­дағы қазақ-жоңғардың, 1760, 1770 жыл­дардағы қа­зақ-қыр­ғыз, қазақ-қоқан, қазақ-торғауыт (Еділ қал­мағы) соғысындағы Жәнібекке байланысты аңызға айналған ерлік қимылдардың көбі керей Бердәулет­ұлы Ер Жәнібекке тән болады.Жаңсақтыққа барушылар Шынжаңда шыққан керей Жәнібек хақындағы жырлардың біразын жұлмалап, Шақшақ Жәнібекке телиді.Жалпы Шақшақ Жәнібек те тарихта орны бар ірі тұлға. Оған керей Жәнібектің еңбегін телімес де асқақ тұлғасы еш төмен түспейді.
Ақтайлақ би тұлғасын сомдаған "Прометей алауын” дүниеге келтірді. Қашан да дүйім халқының қуанышы мен қайғысын шығармашылығына терең арқау еткендер ғана мәңгілік зердеде қалады. Қ.Жұмаділов – халық азабы мен кегін, қуанышы мен қайғысын тарихи тұрғыдан жырлай отырып, оны тұлға ретінде шабыттың шаңқай биігіне көтерген қаламгер. Ол халық болмысының күллі арналары мен тамырларын сәтті ұштастыра білді.Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет арғынның қара кесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан түсіп сәлем береді де, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен «ақ сарбас» қойын айтып сойып, қарсы алады. Бұл 1714-жыл еді.
Ақ күндекті ана мен айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты батыр Шақшақ Жәнібектен:
- Баламызға ат қойып беріп, аруағыныңызбен қорғай жүріңіз, - деп тілек етеді.
Атан-ананың қуанышынан жүрегі тебіренген батыр бесікті алып, бесік көрпені ашып, балпанақтай баланы көріп, тебірене бата беріп былай дейді:

Бесігін көтергенде көңілім толды, өз атымды қояйын, аты Жәнібек болсын! Біреулерге атын ататып боқтатпа, ат жалын тартып мінгенде алған бетінен тоқтатпа – депті. Шақшақ Жәнібекті пір тұтып сиынған ата-ана:


- Әмин! – деп бетін сипайды.
Жәнібектің әкесі Бердәулет жастай дүние салғандықтан Қазыбек би жиені Жәнібекті жалынды өсіруді ойлап өз қасына алады. Сөйтіп, Жәнібектің балалық шағы нағашысы – Қазыбек бидің қолында өтеді.
Шаруашылығының ең үлкен тірегі болған жалқы төрт түліктің ішінде жылқыны саусам сауыным, жауға аттансам кезең асар керігім, деп қадір тұтып өсіретін, сырттан келген жау-жарда, ұры-қара да алдымен жылқыға тиетін. Сондықтан, қазақ халқы: Жылқы соқса желдікі, қуса жаудыікі деп, мал ішінде қораға айналатын жатын малдан гөрі жылқыны ала бөтен жақсы көретін, осы түлігіне көз қырын ерекше салып, атан жілікті, атпал азаматын жылқы бағуға асаудың жалында, ақпанды дауылда жағаластырып өсіретін. Оған жарамаған жасты кезең аса алмайтын, ұйқысын аша алмайтын, аяғын баса алмайтын жасық санапты.
«Кісі болар кісіні кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, адам тегінің тап басып сөйлейтін сыншысы Қазыбек би жиені Жәнібекті алысса білегі бар, арбасса жүрегі бар, ақыл мен жігері бар жан деп таниды да, бетінен қақпай, талабын тойтармай баулиды, ат жалын тартып мінуге жараған кезінен бастап жылқышыларға қосып, отарға жібереді. Сөйтіп, бала Жәнібекті жылқы іңіртінің жесегімен жетілдіріп, сары аязға салып ширатып, Салбурындағы қанды көз қыранша бауын аштырады. Сол ортада жүрген кезінен-ақ Жәнібектің іс-әрекеті ел көзіне түсіп, аңыс болып тарап жатады. Аңыздың бірі Жәнібектің екі көк бөрісі еді. Халық Жәнібекті көк бөрі қонған, киелі батыр санайды. Ол туралы нағашы жұрты жағынан тараған мынадай аңыз бар: Қазыбек енді би отардағы малына барып, амандығын білуді ойлайды. Әр жылы қыста қос-қос атты жолдас ертіп, жол бойы қыран құстарына аң ілдіріп, сол бетінде, отардағы жылқысына дейін барып қайту бидің әдеті екен. Жас кезінде батыр болып, желдің өтінде, жаудың бетінде жетілген Қазыбек енді би атанып, ел басқарып, қазақ хандарының ақылшысы болып жүргенімен, қыста салбурын құрып, отардағы малына барып, амандық-жамандығын көз екі көріп қайту әдетін тастамапты. Көшпелі қазақ байларының үлкен байлығы тек мал еді, ол банкідегі ақша, сандықтағы алтын сияқты салулы құлпы, соғулы қорғаны бар дүние емес, кезең асса көз жаздыратын, сынаптай толқып тұратын байлық болғандықтан, байлар қос қолын малдан ала алмайтын. Сондықтан, Қазыбек бидің бұл сапарын кім көрсе де өрескел дей алмаушы еді. Ал Қазыбек секілді әрі батыр болып өскен адамдарға ақшамның аязында қырау басқан тұлпардың бар тебінімен ағындатып, аппақ қарды жосыта тартып жол алудың өзі бір ғанимет сезіледі. Сол сапарын бастаған би отардағы жылқысына жол алып, көңілдегі жерді көздеулі уақытында басып келеді. Таң қараңғысы серпілмеген есекқырған жұлдызы төбеге таяп қалған кез екен. Үйреншікті мекенінде, топ-топ сексеуіл өскен құмды төбелердің баурайында таңғы жусауында жылқылар үйір-үйірімен тыныштық алып тұрады.
Жылқыға жетіп келген би құсбегі-саятшы серіктерін қосқа жібереді де өзі бірер белгілі айғыр үйірлерін тұра қалып түстейді, тіпті жабағыларын санап, жылқының таңғы күйсеуіне қарап күйін байқайды. Сөйтіп келе жатқанда таң да атады. Бидің көзі тебіндегі жылқының қарсы алдындағы бір биік құмның бауырында қаңтарулы тұрған тобылғы торы айғырға түседі. Жылқышылардың алғашқы кезіккені де осы екен. Таяп келген би үстіндегі қара кигізден тіккен кебенегін астына салып, қой етігін шешіп, атының шылбырын жамбасына басып ұйықтап қалған Жәнібектің үстінен арлы-берлі екі көкжал бөрі секіріп түсіп ойнап тұрғанын көреді де, қатты көңілденіп, көңіл күйі толқып, ежелгі әдетімен былай толғайды:
Еліміз қос бөрі иесі бар деп аңыз ететін Жәнібекті ақыл-ойлы би анық таниды да, былайғы жерде оны қолтығына алып, бауырына басып мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тырнақтыға ілдірмей өсіреді. Жәнібек 18 –жасқа шығып күш-қайраты толысып, ел алдына, ер қатарына ілінген кезде жоңғар шапқыншылықтары қазақ даласына шабуыл жасамақ болады. Бұған қарсы орта жүз ханы Әбілмәжін үш жүзге сауын айтып, атшабараттандырып, қол жияды, Абылай сұлтан қолбасы болып аттанады. Соның алдында ғана ақтабан шұбырынды болған елдің есінен жоңғар ханы Себан Рабданның қан жоса қып қырғындаған қорлауы әлі кете қоймаған еді. Ер азамат ереуіл атқа ер салады. Бұл күнде жер ортасынан асқан Қазыбек би өз елінің қолбасын сайлап, сарбаздарына сәтті жол тілеп, аттандырып жатады. Сондай қарбалас күннің бірінде орданың есігін айқара ашып, «алдияр!» - деп кіріп келген жас жігітке би селт етіп тігіле қарайды. Қарсы алдында шарайнасын киіп, жау жарағын асынған жиені Жәнібек тұрғанын көреді. Күзеуге созыла көшіп, күн еңкейе жетіп, үлкен қолатты бойлай қонған туыстас ауылдар жылқысын қолаттың басындағы тұйыққа салып, жау келетін ауызды өздері алып, жайбарақат жатып қалады. Ел көзі ұйқыға бара бергенде ауылды басып келіп қалған қалың жылқының дүбірінен у да шу болады. Ауылдың үстін бастыра жылқы қуған жырынды жау жылқышылардың бекітудегі атын ілестіре кетеді. Жауды қуып, жылқыны айырарға қолында тігерге тұяқ қалмаған ел бос сарпалдаңға түсіп, жылқысын көпе-көрнеу айдап кеткен жауға қарсы шыға алмай, қайраты мұқалып, діңкесі құрыды.
Бірақ, жылқы соңынан жас жігіт Қазыбектің басбілігі ақбас тайлақпен кеткенін ешкім де білмеген еді. Қазыбек тайлақпен жылқы соңынан жеткенде есік пен төрдей бурыл атты, айбалтасын көлденең ұстаған, еңгезердей біреу аз түсіп тұрады да желбегей шапанды бала жігітті паруайына да алмай, бурыл аттың басын жолға салып, тиіп алған жылқысының соңынан еркімен аяңдап жүре береді. Жол тосып, кежгулеп, келе жатқанына қарап, жортуыл басы осы болар деп ойлаған Қазыбек оған абайлай қарайды. Басында дулығасы, белінде сапасы бар, сырт бейнесі шойыннан құйған алып қара құман тәрізді батырдың менменсігенін байқап қалған Қазыбектің жүрегінде намыс оты бұрқ ете қалады. Ызасын ақылына жеңдірген ол алдындағы темір құрсанған адуын дұшпанның тиімді жерін көздеп келеді. Дұшпанның алкеуде, аусарлығы сәт балғасының соғылған жері еді. Қолында шолақ сапты найзасы да жоқ Қазыбектің көзі ал деген жерден оның беліндегі сапыға түседі. Тайлақпен таяй берген Қазыбек қолындағы қара сырығын жерге тірей секіріп, көзді ашып-жұмғанша бурыл аттың артына міне түседі. Күтпеген жерден сап етіп жабыса кеткен қуғыншыдан сасқалақтап қалған батыр ұзын сапты найзамен ештеңе өндіре алмайды. Сапыға көзін тіге атылған бала жігіт бурыл аттың арқасына тақымы тиген заман дұшпанның қаруын суырып алып та үлгереді. Жанды жерінен тиген өткір сапыдан ат иесі құлап түскен кезде бурыл атқа орнығып алған ол жауының найзасын жерге түсірмей қағып алады. Бурыл атпен майдан тартқан жас батырды көрген жау айқасуға батпай, бет-бетімен жылқыны тастай қашады. Аты мен күші сай келген Қазыбек жауының бірнешеуін түсіріп, жылқысын айырып еліне қайтады.
Қазыбек би Жәнібекті бұғанасы қайтпаған жас, сүйеніші жоқ жалғыз деп аяп отыр еді. Енді Жәнібектің сөзіне қару қайтара алмай қысылғандай болады.Қайрандап қалған атасына ренжіген Жәнібек:
Шапса шабысы, жүрсе жүрісі бар көк дөненнің де дәл бабына келген кезі екен, ащы терін шашқысы келіп, ауыздығын шайнап алас атқан жануар батырдың алып ұшқан жүрегіне қанат-құйрық болып сәйкеседі.
Анасының ауылына келіп ат ағашқа атын іле салған Жәнібек үйіне қарай жүргенде ақ күндікті анасы «жолың болсын!» деп тілеп, шашуын шаша алдынан шығады, ұлының ер азамат болып атқа мініп ер қатарына қосылғанына қуанады, әрі алдында жал, артында құйрығы жоқ жалғызының қан майданға бара жатқанын ойлап, қан жұтады. Нағашы атасынан рұқсат алғанын да естіген болатын. Енді ер көңілді, ақылды ана алдына бір тізерлеп иілген баласының маңдайынан сүйіп:
Артымда белгі қалса екен деймін, қызығыңды көрсетіп, алдыңда алса екен деймін. Саған тілек тілесем, әмісе жолы болса екен деймін. Оқ алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағаның! Оқ артыңнан тисе анаңның қарызын жүктегенің! Әуелі қосыңды тап, онан соң досыңды тап, сен үшін тіленбеген не қалсын?! Жолың болсын! Бақытың жансын, - деп ықыласын береді. Шеру тартып кеткен қолдың соңынан күні-түні жүріп, қуып жеткен Жәнібек керей елінің қолбасшысына жолығып, сарбаздардың бірі болып қосынға қосылады. Анасы айтқан ақылия сөз күндер өткен сайын Жәнібектің есінен мығым орын иелей береді. Бір күні қолбасы батырдың қасында сапысын суырып, жау бүйректі қиялай турай отырып осы сөздің мәнісін сұрағанда, қолбасы тақиясын желкесіне қарай сиырып қойып, былайшешеді.
- Анаң ана екен ғой! Ана болғанда дана екен ғой! Оқ қайтпас қас батырдың алдынан тиеді, қашқан жанның артынан тиеді, елсіз ер болмайды,.
Тарихқа орай стиль тезіне түсірудің басты шарты тарихи стилизациядағы тілдік тәсілдерді, әсіресе көнерген сөздерді, сөз тіркестерін жинап-топтап көрсетуде ғана емес, оларды қолдану принципінде екенін, көркем шығарма жүйесінде сол құралдардың құрылымдық-ұйымдасу механизмінде екенін естен шығармау керек. Яғни тарихи стилизация тек тілдік-стильдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін қарастырып қана қоймай, соныман қатар стильдеуші элементтердің шығарманың жанрлық ерекшелігіне қалай қызмет ететіндігін, композициялық құрылымына тигізетін әсерін де сөз етуді көздейді [ 60. 106] .
Тарихи романдарда тарихи стильдік тезге түсіру мақсатымен қолданылған қоғам өміріне, ел басқару ісіне қатысты атаулар мен тілдік бірліктерді жинақтап, топтап мағынасын ашуға, шығарма ішінде қолданылу уәжділігін көрсетуге тырыстық.
Өзіміздің тарапымыздан мынадай қорытынды жасаймыз: ел басқарушыларының лауазымдары суреттелген заман бейнесін дәл таныту мақсатында сол кездегі қолданыста болған атаулары қатар көрсетілген. Бұл тарихи тезге түсірудің нақты көрінісі. Олай дейтініміз, жазушы шығармасының ең алдымен оқырманға түсінікті болуын қамтамасыз ету керек. Көптеген тарихи сөздердің соның ішінде, ел билеушілерінің лауазымдары, олардың қоғам өмірінде, тарихта алар орны мен маңызы, әсіресе жастар үшін түсініксіз. Жазушылар шығармаларын тарихи стильдік тезге түсіру үстіне оқырман танымын да арттыруды да өздеріне мақсат етіп қойғанын байқаймыз. Қара сөздің киесіне табынған қазақ халқының өмірінде үлкен орны бар, заман келбетін өзгертуде ерекше роль атқарған билер жөніндегі нақты деректерді шығармада келтіру тарихи стильдік тезге түсірудің бұрыннан қалыптасқан дәстүрі[ 60, 81] .
.
Тарихи шығарма тақырыптары ұқсас болғанмен әрбір қаламгер өткен заманды, дәуірді әр түрлі суреттейді, басқаша айтсақ тарихи тезге түсірудің тәсілдерін әр түрлі қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет