1-жүргізуші: Армысыздар,жыр сүйер қауым
2-жүргізуші: «Ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы »үшін қылыш сермеген батыр,дауылпаз ақын,арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған «Жырдың алмас қылышы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Ұлы Абай- кемеңгерлікті танытса,өткірлік пен батылдық-Махабетке ғана тән.Солай емес пе?
2-жүргізуші: Иә. Өткір де батыл,жалын жырлардың иесі әрине,Махамбет Өтемісұлы.
1-жүргізуші: Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген.Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып,ел ісіне ерте араласқан,тіпті ел басын қосуға шебер,ұйымдастырғыш,қабілеті күшті өрен болатын.
2-жүргізуші:Жас болса да жалынды ақын болды.Ел оны тез таныды.Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір
хан оны сарай ақыны етуге әрекеттенеді.Хан сарайында жүріп қаншама әділетсіздіктерді өз көзімен көрген ақын бұған шыдай алмады.Қара халықтың қамы үшін ханға қарсы шықты.Жәңгір хан Махамбетті сарайдан қуды.
1-жүргізуші: Осыдан бастап Махамбеттің ханға деген өшпенділігі арта түскені жырларынан анық,айқын байқалады.Исатай да Махамбетке қосылып ханға қарсы көтерілістер жасады.Бұл 1836-1838 жылдар еді.
2-жүргізуші :Халықтың айтуы бойынша Махамбет күйші әрі сазгер болған.Оның «Өкініш», «Қайран,Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Тарлан» т.б. көптеген күйлері,термелері бар екен.
1-жүргізуші: Олай болса «Жұмыр қылыш» күйінің шығу тарихына тоқталайық. Музыка пәнінің мұғалімі- сөз береміз.(баяндайды) "Жұмыр, Қылыш" күйінің шығу тарихы. Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды еріткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр – Қылыш» күйін екі батырға арнаған деседі.