1-жүргізуші: Армысыздар,жыр сүйер қауым 2-жүргізуші: «Ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы»



бет5/7
Дата26.03.2023
өлшемі55,21 Kb.
#173056
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.

1-жүргізуші: Махамбет –халықтың азаттығы үшін алысқан,теңдігі үшін тартысқан ақын.
2-жүргізуші: Махамбет-әрқашан халықты қолдады.Ал халық ,бүгінгі ұрпақ Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына қандай баға берді.
1-жүргізуші: Мәселен,Әнуар Әлімжанов ағамыз «Махамбеттің жебесі»атты тарихи роман жазды.Қалған ғалым зерттеуші буын өкілдері де өздерінің ғылыми зерттеулерін қалын көпшілікке жариялады.
2-жүргізуші: Әрі ақын,әрі батыр Махамбет!
Ұрпаққа ұран есімің бұл бүгінде,
Сендей ер жоқ мынау жердің жүзінде.
Ерлігіңді қайталаған Қайраттай
Жас ұрпағың көбейеді түбінде!
1-жүргізуші: «Жырдың алмас қылышы» атты әдеби кешіміз осымен аяқтаталды.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


«Жырдың алмас қылышы»
атты әдеби кеш
Аяулым
Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!

Ақбота
«Мен құстан туған құмаймын»
Мен ақсұңқардан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдайын?!
Түбін қазған мен – бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.


Ернұр

"Соғыс"

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраныммсв.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды,итит
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын -
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында...
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ, әр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды -
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға -
Қамалды бұзып аларға.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді,
Орыс добын үш атты...
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр неғылсын? -
Ерсары менен Қалдыбай -
Екі арыстан тең өлді...
Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді...
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді



Абылай - Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың!
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің ылансың,
Ысқырынған жылансың,
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет