Ереулі атқа ер салмай,
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс салмай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
1-жүргізуші: Ақын өлеңінде «Мен» сөзі жиі қолданылады .Махамбеттің «Мені»- қазақ халқының мені. «Мен құстан туған құмаймын» өлеңі оқитын 7 «ә» класс оқушысы Ахметова Ақбота
«Мен құстан туған құмаймын»
Мен ақсұңқардан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдайын?!
Түбін қазған мен – бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
2-жүргізуші: Махамбет жырларының тағы бір кейіпкері-досы әрі бауырындай боп кеткен Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар» оқитын- 7 «Ә» класс оқушысы- Асыл Аяулым
Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!
|