Ii. Кіріспе: 1 Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат



бет3/6
Дата23.12.2022
өлшемі204,07 Kb.
#164081
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1542618386 (1)

Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім?
Әкесі Есүкей - Қиат руының Бөржігін әулетінен. Күні бүгінге дейін осындай пікір қалыптасқан. Онда Шыңғыс ханның да тегі осы Бөржігін. Шешесі Әуелен, бәйбішесі Бөрте әрісі түркі, берісі қазақ тайпаларымен туыстас Қоңырат руының қыздары екені «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын топчы» шежірелерінде, моңғол мен Шыңғыс хан тарихын зерттеп жүрген көптеген авторлардың еңбектерінде жазылған. Осыларға сүйеніп тарихтың терең қойнауына көз жіберсек, Қиат руы Шыңғыс хан дүниеге келгенге дейін үш жүз жыл бұрын Әмудария мен Сырдария арасындағы Мәуеренахр аймағында өмір сүрген. Қиат дейтін қала да болған. Бұл - ежелгі түрік тайпаларының мекені. Осыдан Шыңғыс ханның арғы тегі түріктер емес пе екен деген ой көптеген ғалымдардың (олардың ішінде осы жолдардың авторы да бар) көкейінде ұялайды да тұрады. Түрік түрік болып аталғанға дейін Қытайдың солтүстігі мен қазіргі Моңғолия жеріне ежелгі түрік тайпалары қалай барған? Біздің пікірімізше, ғұндардың Ұлы қоныс аударуынан бұрын ежелгі түрік рулары мен тай­палары осы аймаққа қоныс аударуы мүмкін деген ой туындайды. Түріктерден қорғану үшін салынған Ұлы Қытай қорғаны да осының айғағы сияқты. Олардың көптігіне таң қалған жергілікті тайпалар немесе түріктердің өздері көшпенділерді «мың қол» деп атап кеткенге ұқсайды. Осы тұста мынадай да ой келеді. Ежелгі моңғол жеріндегі тайпалар алыс-жақын жерлерге жорық жасап, көптеген сарбазды тұтқындап, соларды «мың құл» деп те атауы мүмкін ғой. Олар жергілікті тайпалармен сіңісіп, көпшілік болып «мың құл» атанып, кейін «моңғол» сөзіне айналуы да мүмкін. Ғалымдардың басым көпшілігі Шыңғыс хан тарих сахнасына шыққанға дейін еш жерде, ешбір деректе «моңғол» атауы кездеспейтінін алға тартады. Қазақ халқын құрайтын тайпалардың санатына кіретін рулардың ішінде де «моңғол» тайпасы жоқ. «Көшпенділер үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді», - дейді М.Қарғабаев өзінің «Көшпенділер атлантидасы» атты еңбегінде. «Моңғолдың құпия шежіресін» жазғандар да моңғол туралы еш мәлімет бермейді. Авторлар Шыңғыс ханның этникалық тегін жазуды мақсат етпегенмен, ондағы кейіпкерлердің барлығы (ру-тайпалар, жеке тұлғалар) түркі ғұрыптарын ұстаған және есімдерінің түбірі де түріктерге жақындау. Шыңғыс ханның өзі алыс жорықтарға шығарда, кейде бір төтенше жағдайлар болғанда, биік төбеге шығып, түріктерше мойнына бұршақ салып Көк Тәңірге жалбарынатын болған. Мысалы, Шыңғыс хан әскерінің батысқа ұзақ жорық жасар алдындағы осындай сәтті «Шыңғыс хан» телехикаясында анық көрсеткен. Сонда, түркі тілді ортада моңғол тайпасының, кейін моңғол империясының ғайыптан тайып қайдан тап бола кеткені түсініксіз. Бұған себеп, көптеген қазақ тарихшыларының пікірі бойынша орыс тарихшылары мен аудармашылары «Құпия шежірені» орысшаға аударғанда (XIX ғ.) «мың қолды» немесе «мың құлды» «моңғолдар» деп моңғол халқын ойлап тапқан сияқты. Бұл Шыңғыс ханның түркілік еместігін дәлелдеу үшін жасалған әрекет деп айтудан басқа амал жоқ. Жазба дерегі болмаса халық та жоқ деп есептейтін еуроцентристік көзқарастың ықпалы сезіліп тұр.
Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
Ал мағынасы одан да тереңірек, Шыңғыс ханды тікелей біздің арғы Ұлы бабамыз етіп сендіргісі келген ақтаулық Мәмбеткерім Қожырбайұлының «Шыңғыс қаған - менің ұлы бабам» атты материалы «Алтын Орда» газетінің 26-30 нөмірінде (2008 ж.) жарияланған. Автордың пікірінше, арғы түріктерді былай қойып, Ұлы қағанды Қазақ - Кіші жүз - Байұлы - Адай - Келімберді - Мұңал екендігіне еш күмән келтірмейді. Әрине, Мәмбеткерімнің бұл тұжырымына кінә қоюға болмайды. Автордың өзі айтқандай «тектінің текті ұрпағы» болып жатсақ, асқақтана мақтануға болады ғой. Осы арада Талдықорған қаласынан Айдын Бекжановтың «Шыңғыс хан қазақ болса, моңғолдар кім?» (Алтын Орда, 31 шілде - 6 тамыз 2008 ж.) деген сұрағына жауап іздеген жөн сияқты.
Шыңғыс ханның тегі туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар. Өйткені кім де болса, әсіресе ғалым­дардың өз көзқарастарын білдіруі - құптарлық іс. Бұл мәселенің шешілу кілті - біздің пікі­рімізше, ұлы қағанның сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұл­тартпайтын дәлел анықталмайынша, әрқилы жорамалдар жалғаса береді.
Күні бүгінге дейін қаған ғұмырнамасын­дағы құпиясы - өлімі мен денесінің қайда жерленгендігі. Шыңғыс хан таңғұттармен біраз соғысып, Қытай жерінде азын-аулақ демалып жатқанда, елге келіп жүрген саудагерлерден Жошы өзінің ұлысынан тыс жерлерді басып алып, аң аулап, сән-салтанат құрып жүр дегенді естиді де, оны өзіне шақыртады. Жошы келмейді. Ашуланған қаған Жошының желігін басу үшін әскерін жиып, аттанады. Жошының келе алмауының басты себебі - ол ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатыр еді. Дертінен айықпай о дүниелік болады. Жошының өлімінің себебі әлі де беймәлім. Кейбір аңыздарда ол аң аулап жүргенде, абайсызда серіктерінің садағының оғынан жараланған, ол асқынып өлімге алып келді десе, келесі бір аңызда құланның айғыры бір қолын шайнап тастап, содан жазылмапты дейді. Әрине, бұл келтірілген себептерден адамның өлуі әбден мүмкін. Бірақ шындыққа жақыны - Жошы обадан қайтыс болғанға ұқсайды. Оның сүйегі - Ұлытауда.
Отандық тарихта қалыптасқан пікір бойынша, Жошы 1227 жылдың жаз айларының басында (кейбір деректерде мамыр) қайтыс болды десе, «Шыңғыс хан»телехикаясында 1226 жыл деп аталады. Сонда Шыңғыс хан бір-бір жарым жыл баласының қазасына бармағаны ма? Шындыққа жуыспайды.
Жетпіс жастан асқан шағында денсау­лығының сыр бере бастауы және үлкен ұлының қайғысы Шыңғыс ханға оңай тимесе керек. Қалай болғанда да тұңғыш баласының өлімі қағанның қабырғасын қайыстырады. Денсаулығының нашарлауына қарамастан аңыз бойынша Жо­шыны жерлеуге атқа әрең отырып барып, кейін қарай арбамен алып қайтқан. Деректер бойынша, ол жол үстінде 1227 жылдың 25 тамызында қайтыс болған. Ал кейбір деректерде осы жылдың шілде айында деп те жазады. Жошы мен Шыңғыс ханның өлімінің арасы екі-үш айдан аспаған.
Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер бар.Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен.
Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы.
Жошыны жер қойнауына беріп кері қайтып келе жатқан қаған жол үстінде о дүниелік болғанын айттық. Аңыз бойынша, оның өлгені құпия қалуы үшін жолда кездескендердің барлығын өлтірген. Шыңғыс ханның сүйегін моң­ғол жеріне апармай, Ертіс өзенінің бойын­дағы Шыңғыстауда жайлауда отырған бәй­біше­сі Бөртеге жеткізіп, күзет қойып, осы жер­ден қағанның өлімі туралы жария етіледі. Жер-жерден халық келіп, қағанмен қоштасу Шың­ғыстауда болған сияқты. Қоштасу рәсімінен кейін аза тұтқан, жиылған елдің ығайлары мен сығайлары біртіндеп тарай бастайды. Ойланайық оқырман! Солардың өзінен Шыңғыс ханды қайда жерлейтіндігі құпия болғандығын аңғарамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет