Іі кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары Күні: Білім салалары: Қатынас Оқу іс әрекеттер: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы»



Дата13.12.2016
өлшемі96,84 Kb.
#3726
ІІ кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

тақырыптық жоспары

Күні:

Білім салалары: Қатынас

Оқу іс әрекеттер: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс – әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

Көрнекіліктер: Демонстрациялық материалдар, суреттер, хрестоматия

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Билингвистикалық компоненттер: қалақ-шпатель, сарай-дворец, шахтер, ғарыш-космос



Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бәріміз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
- Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

- Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз.



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Жайғасып отырады.


Ұйымдасушылық-ізденушілік


Кіріспе әңгіме:

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі

Тау – тау болып үйілген,

Оның қазған кендерді.

Ұстаз:

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты- ғарышты,

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы.

Ғарышкерлер шарлады.

Сұрақ – жауап:


  • Өлең шумағындаа не жайлы айтылған?

  • Кім білім береді?

  • Автобусты кім айдайды?

  • Тұрғын үйлерді кім салады?

  • Балаларды кім емдейді?


Дидактикалық ойын: «Кім біледі?»

Мақсаты: мамандық туралы білімдерін бекіту.

Шарты: бала өзі қалаған мамандығын (сурет) алады да, сол мамандық туралы әңгімелейді.


Өлеңдерді мұқият тыңдайды.


Ұстаз


Жүргізуші

Құрылысшы

Дәрігер

Ойынды қызығып ойнайды.



Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)


Қорытындылау ( сурет арқылы):

  • Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?

  • Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  • Сендер өскенде кім болғыларың келеді?




Балалар суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: мамандық туралы білімдерін кеңейту.
Игереді: болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді.
Меңгереді: өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.
ІІ кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

тақырыптық жоспары

Күні:

Білім салалары: Қатынас

Оқу іс әрекеттер: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шалқан ( орыс халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Көрнекіліктер: атрибуттар, хрестоматия, демонстрациялық материалдар

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Билингвистикалық компоненттер: шалқан-репка.



Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:

Достар, достар, жүрсің қайда,

Бірге еді ғой жанымыз

Көмек сұрап бір – бірінен,

Жеңіп шықтық бәріміз.

Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.



Ұйымдасушылық-ізденушілік



Кіріспе әңгіме:

– Балалар, бүгін біз оқу іс – әрекетімізде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын,қаншалықты түсінгенін жеткізеді.

Ертегіні оқып беру.
Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.

– Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтадыңдар?

–Шалқан қайда өседі?

–Атай көмекке кімді шақырды?

–Әжей кімді шақырды?

–Немере қыз кімді шақырды?

–Күшік кімді шақырды?

–Мысық кімді шақырды?

–Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?

–Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.



Зейін қойып тыңдайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Әжейді

Немере қызды



Күшікті

Мысықты


Тышқанды

Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)



Қорытындылау:

Ертегіні сахналау.

Қазақтың мақал – мәтелдерін айтқыза отырып, оқу іс – әрекетін аяқтау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім.

Құшағы гүлге толады

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым – ай.



Рөлге бөлініп сахналайды.
Мұқият тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: кейіпкерлердің іс – әрекеттеріне талдау жасауды.
Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.
ІІ кіші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

тақырыптық жоспары

Күні:

Білім салалары: Қатынас



Оқу іс әрекеттер: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)

Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыруды жәнеоның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: хрестоматия, суреттер

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Билингвистикалық компоненттер: алтын дән-золотая пщеница.



Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



Жылулық шеңбері:

Тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын орындайды.



Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан салайық,

Достық мейірін салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебіздерді

Бір – бірімізге сыйлайық.

Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.



Ұйымдасушылық-ізденушілік


Кіріспе әңгіме:

–Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқып, оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағын мол құйды,

Күн асытнда алтын дән

Тербеледі, толқиды

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында ақ бидай

Билейді қол ұстасып.
Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.

–Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

–Өлеңнің авторы кім?

–Сендерге өлең ұнадыма?

–«Алтын дән» дегендеі қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

Жай – жай – жай .

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

Сарт – сарт – сарт

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

Жай – жай – жай.

Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқу, жаттап алу.



Орындарына жайғасып отырады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Өлең шумағына байланысты дауыс ырғағын келтіріп, қимыл жасайды.



Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)


Қорытындылау:

Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу іс – әрекетін аяқтау.



Ас атасы – нан.

Нан болса – ән де болады.

Нақыл сөздерді жаттауға тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын.
Игереді: алтын дәннің нәтижесі – нан, оны қадірлеу керек екенін.
Меңгереді: нанның үлкен еңбекпен келетінін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет