Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Балаларды шеңберге шақырады.
Жылулық шеңбері:
Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын орындайды.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
|
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.
|
Ұйымдастыру– іздестіру
|
Кіріспе әңгіме.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Қандай мамандықтарды білесіңдер?
Ал енді, мен сендерге Юлиан Тувим деген еврей халқының, балалар жазушысының өлеңін Қадыр Мырзалиев ағаларыңның қазақшаға аударып берген «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңін оқып берейін.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бәріміз үшін бәрі де.
Алғыс алды бірінші,
Не істер еді тігінші?
Етікші етік тігеді,
Наубайшының нанын жеп.
Наубай пешке күйеді,
Етікшінің қамын жеп.
Олай болса бәріміз,
Ел қажетін өтейік.
Жасымызбен кәріміз,
Жұмыла еңбек етейік.
Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.
Осы оқыған өлең шумақтарында кімдер жайлы айтылған?
Өлеңді кім жазған?
Сендерге өлең ұнады ма?
Сергіту сәті:
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан:
жай – жай – жай.
Қозғап барлық денені,
Қаттырақ соқ қолды енді:
сарт – сарт – сарт.
Айтқан кезде өлеңді,
Ақырын бас еденді:
жай – жай – жай.
Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқып, жаттатады.
Өлеңдегі «наубайшы» сөзін орыс, ағылшын тілдерінде де айтып көрейікші. Наубайшы – пекарь – baker
«Құрылысшы» сюжеттік ойыны
Мақсаты: түрлі ғимараттар жасай білуге үйрету.
Шарты: Әр бала өзіне ұнаған құрылыстар жасайды.
|
Көктем мезгілі.
Қар ериді.
Күн жылынады.
Шалшық сулар пайда болады.
Дәрігер, тәрбиеші, аспаз, мұғалім.
Орындарына жайғасады, мұқият тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.
Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Өздерінің есте сақтағандарын жаңғыртып, әр бала жекелеме жауап береді.
Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.
Үш тілдегі баламаларын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Әрбір бала өз құрылысын жасап, ол туралы айтады.
|
Рефлексивті– түзетушілік
|
Қорытынды:
Қазақтың нақыл сөздері арқылы әрекетті қорытындылайды.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек түбі береке.
Еңбектің наны тәтті.
Балаларды мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан балаларды атап өтеді.
|
Тәрбиешінің артынан бірнеше рет қайталап, жаттап алуға тырысады.
|